29 сентября 2020 | 11:37

Әлемнің қай қалаларында Абай көшесі бар?

Таяуда Ыстамбұлдағы көшелердің біріне Абай есімі берілені туралы ақпарат шыққан. Әлемнің түкпір-түкпірінде Абай көшесін кездестіруге болады. Еуропа, Азия және Африкада Абай есімі берілген көшелер бар. Tengrinews.kz тілшісі әлемде Абайдың есімімен аталатын көшелер туралы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таяуда Ыстамбұлдағы көшелердің біріне Абай есімі берілені туралы ақпарат шыққан. Әлемнің түкпір-түкпірінде Абай көшесін кездестіруге болады. Еуропа, Азия және Африкада Абай есімі берілген көшелер бар. Tengrinews.kz тілшісі әлемде Абайдың есімімен аталатын көшелер туралы баяндайды.

Ыстамбұл

Реклама
Реклама

Таяуда Ыстамбұл даңғылдарының біріне қазақтың ұлы ағартушысы Абай есімі берілді.

Бұл туралы Түркияда тұратын қазақ диаспорасының кездесуі кезінде белгілі болды. Ыстамбұл дағы қазақтардың көбі Зейтинбурну аймағында тұрады. Диаспора өкілдері үнемі кездесіп, қаланың әлеуметтік өміріне белсенді қатысады. Ыстамбұл дағы Қазақстан консулдығы ұйымдастырған соңғы кездесу аясында өткен ғасырдың 50-ші жылдары Түркияға қоныс аударған қазақтардың ұрпақтары жиналды.


КТК телеарнасының сюжетінен 

"Бүгінгі кездесуде көптеген маңызды мәселе талқыланды. Ыстамбұл да тұратын жергілікті қазақ жастары консулға өз сұрақтарын қойды. Ал біздің ай сайынғы "Қазақ елі" журналымыздың кезекті нөмірін Абайға арнады. Мұндай кездесулер жалғасады деп үміттенеміз", - деді түрік қазақтары бірлестігінің басшысы Ертолқын Ғайретуллах.

Нью-Дели

Үндістан астанасындағы аудандардың біріне Абай Құнанбаевтың атындағы көшені оңай табуға болады. Көше "Абай Мардж" деп аталады. "Мардж" сөзі санскрит тілінде жол немесе көше дегенді білдіреді.


Фото weproject.media сайтынан

Нью-Делиде қолданылатын тілдік ережелерге сәйкес "Абай Мардж" хинди, ағылшын, пенджаби және урду тілдерінде жазылған. Қазақстанның Үндістандағы елшілігінің хабарлауынша, Нью-Делиде Абай көшесінің болуы Үндістан мен Қазақстан арасындағы тығыз байланысты білдіреді.

Абай көшесі Нью-Делидегі Президент резиденциясының маңында орналасқан, оны 14 жылдан аса уақыт бұрын Нұрсұлтан Назарбаев ашқан. Абай Құнанбаев атындағы көшенің салтанатты ашылуы кезінде егеменді Қазақстан мен Үндістан дипломатиялық қатынастардың жаңа кезеңін бастады.

Баку

Әзербайжан астанасы Бакуде 2011 жылдан бері Абай Құнанбаев көшесі бар.

"Жақында Баку көшелерінің біріне қазақ халқының ұлы, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың есімі берілді", - деген еді сол жылы Әзербайжан президенті Ильхам Алиев.

Әзербайжан басшысы бұл қадам "біздің достығымыздың, біздің халықтарымыздың тарихи тұлғаларына деген көзқарасымыздың белгісі" екенін атап өткен.

Көшеде Абайдың суреті бейнеленген тақтайша бар. Онда "Қазақтың халық ақыны Абай Құнанбаев" деп жазылған. Осылайша, бұл көшенің тұрғындары мен қонақтары Абайдың кім екенін біле алады.

Каир

Мысыр астанасы Каирде де Абай көшесі бар. Бірақ, өкінішке қарай, бұл көше туралы желіде ақпарат аз. Белгілісі, бұл көше Абай атына 1998 жылы берілген. Сол кезден бері екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін біздің елордада мысырлық жазушы Тахи Хусейннің есімімен көше аталған.

Каирде Абай атындағы көше ғана емес, қазақтың бас ақының ескерткіші қойылған. Қазақстанның Мысырдағы елшілігің мәліметінше, 2016 жылы Абай бюстін мысырлық меценаттар салған. Авторы - Мысырдағы танымал мүсінші Усама әл-Серуи.

Берлин

Өткен ғасырдың соңында, дәлірек айтқанда, 2000 жылдың ақпанында Қазақстанның Германиядағы елшісі Ерік Асабаев пен Берлин қаласының аудандық әкімшілігі бірлесіп ҚР елшілігі маңындағы бір көшені Абай Құнанбаев деп атаған. Немістер атайтын "Абайштрассе" Берлиндегі әдемі көшелердің бірі саналады.


Фото livejournal.com сайтынан

"Хабар 24" мәліметінше, 20 жыл бұрын көшеге Абай есімін бергенде сол ауданның әкімі Алекс Любовинский болған. Ол телеарнаға берген сұхбатында Германияда алғаш рет Абайдың есімін мәңгі қалдыру туралы ұсыныс жасаған қазақстандық дипломаттармен кездесуді есінде жақсы сақтағанын айтқан.

Ол бұл идеяны қолдаған, өйткені ол екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтудың қаншалықты маңызды екенін түсінген. Ол сол кезде комиссия құрылды, көше атауын өзгерту туралы шешім қабылданғанын айтады.

Әлемнің тағы қай қалаларында Абай көшесі бар?

Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында да Абай көшесі бар. Оның ұзындығы 2250 метр. Көше  қаланың орталығында орналасқан, Фирдауси және Сино аудандарың бойында жатыр. Көше шығыстан басталып, батыстан аяқталады.

Тәжік тілінде көше атауы "Кӯчаи Абай" деп жазылады. Желідегі мәліметтерге сүйенсек, Душанбе қаласында осы Абай көшесінің бойында көптеген тұрғынға белгілі "Султони Кабир базары" бар.

Одан бөлек, Ташкент, Бішкек және Киевте Абай көшесін кездестіруге болады. Одан бөлек, Орынбор облысындағы Орск қаласында Абай есімі берілген көше бар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram