РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
05 июня 2018 | 10:40

Әлемде менингиттен жыл сайын қанша адам жан тапсырады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде менингиттен жыл басынан бері 13 адам қайтыс болды. Дәрігерлер мұны індет деуге асығар емес, олардың пікірінше, бұл тек - маусымдық белсенділік. Осыған орай Tengrinews.kz тілшісі бұл аурудан әлемде қанша адамның жыл сайын көз жұматынын, қай өңірлерде осы ауруға байланысты індет тарап, аталған аурумен күрес мәселесі қалай жүріп жатқанын шолып көді.


Елімізде менингиттен жыл басынан бері 13 адам қайтыс болды. Дәрігерлер мұны індет деуге асығар емес, олардың пікірінше, бұл тек - маусымдық белсенділік. Осыған орай Tengrinews.kz тілшісі бұл аурудан әлемде қанша адамның жыл сайын көз жұматынын, қай өңірлерде осы ауруға байланысты індет тарап, аталған аурумен күрес мәселесі қалай жүріп жатқанын шолып көді.

Әрқилы статистика

Статистикалық мәліметтерге көз жүгірткенімізде сандардың әрқилы екенін анықтадық. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын менингитпен ауырудың 300 мыңнан аса жағдайы тіркеледі екен. Оның 30 мыңында кісі өлімі болған. 

ДДСҰ бұл дерттің алдын алу үшін, яғни жылына 100 мың адамның ішінде 10 жағдай болса менингококк менингитінен кең масштабты иммунизация жүргізуді ескертеді. Сондай-ақ, мұндай елдерге жоғары сапалы эпидемологиялық бақылау орнатып, иммунизация бағдарламаларын бақылауды өткізу қажеттігін айтады.  


© Pixabay.com

Қай елдерде көп тараған?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, менингит ең көп таралған аймақтар - Африканың Сахара жерін, Сенегалдың батысынан Эфиопияның шығысына дейінгі аралық. Бұл  Жыл сайын бұл аймақта 30 мың адам осы дертке шалдыққаны тіркелген. Індет тарап, ушыққан елдер деп ДДСҰ мына елдерді атап отыр: Бенин, Буркина-Фасо, Бурунди, Конго Демократиялық Республикасы, Гамбия, Гана, Гвинея, Гвинея-Биссау, Камерун, Кения, Кот-д’Ивуар, Мали, Мавритания, Нигер, Нигерия, Руанда, Сенегал, Судан, Танзания, Того, Уганда, Орталық Африка Республикасы, Чад, Эритрея, Эфиопия, Оңтүстік Судан.

Әлемде әрбір 10-12 жыл сайын ауыру жағдайлары кең тарап отырады, ал шамамен 30 жылда бір рет эпидемиялық жағдай туады. Мысалы 70-жылдары болған соңғы індет тіркелген уақытта ауру жұқтыру деңгейі 100 мың адамға шаққанда 16-17 адам екен.

Жоғарыда атап өткен Менингитпен күрес жөніндегі конфедерация 24 сәуірді Халықаралық менингитпен күрес күні ретінде бекіткен. Конфедерацияның мақсаты - түрлі елдердің тұрғындарын бұл ауру туралы хабардар ету және салдары мен алдын алу жолдарын түсіндіру. 

Әлем менингитпен қалай күресіп жатыр?

Бактериалдық менингиттен аман қалудың бірден-бір жолы - вакцинация. Бүгінде әлемнің жетекші фармацевтикалық компаниялары пневмококк, менингококк және гемофильді таяқшаға қарсы сапалы вакцина жасап шығарып жатыр. Жалпы менингококк инфекциясына қарсы екпе қымбат болғандықтан, бұл кез келген елдің күнтізбесіне ене бермейді. Осы тұста Ұлыбританияның менингококк инфекциясына қарсы екпені тегін екпелердің күнтізбесіне қалай енгізгеніне тоқталайық. Осы дертті жұқтырып, кейін мүгедек болып қалған кішкентай қыз туралы видеоролик Интернетте тез таралып, халық қол жинай бастағаннан кейін бұл ел менингoкокк инфекциясы профилактикасын күнтізбеге алғаш болып енгізген ел атанған еді.


© Pixabay.com

Еуропаның басқа елдеріне келер болсақ, мұнда менингококк инфекциясының кейбір түрлеріне ғана тегін екпе егеді. Қазақстанға келер болсақ, менингитке апаруы мүмкін пневмококк және гемофильді инфекциялар Қазақстанның ұлттық екпе күнтізбесіне кіреді. Мұның алдында екпе Меккеге немесе Мединаға қажылыққа барушы адамдардан міндетті түрде талап етіліп келген.

Қосымша дерек:

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2013 жылы бактериалды менингит жұқтырудың 117 жағдайы тіркелген: 2014 жылы - 119, 2015 жылы 424, 2016 жылы - 120, 2017 жылы - 162.

Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети