10 февраля 2021 | 17:19

Алексей Цой неге қазақстандық вакцинаны салдыратынын түсіндірді

Фото petropavltv.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой неге коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" емес, қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой неге коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" емес, қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстанда вакцинацияға рұқсат етілген барлық вакцина тексерілді және қауіпсіз. Қазір ресейлік "Спутник V" вакцинасын министрліктегі, өңірлік денсаулық сақтау басқармасындағы әріптестеріміз салдырды. Бұл вакцина тиімді әрі қауіпсіз. Ал қазақстандық QazCovid-in вакцинасы әзірленіп жатыр. Оның технологиясы басқаша. Қазір клиникалық сынақтың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Мен денсаулық сақтау министрі ретінде отандық вакцинаны салдыруды жөн көрдім", - деді Цой ОКҚ-дағы онлайн-брифингте. 

"Ауырып шыққан дұрыс". Министр халық арасындағы жаңсақ пікір туралы айтты

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы вакцинация басталған. Бұл кезеңде ресейлік "Спутник V" вакцинасы қолданылып жатыр. 10 ақпанға дейін 13 301 медицина қызметкері вакцина салдырғаны хабарланған. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі қандай жағдайда маска тақпауға рұқсат етілетінін мәлімдеген еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram