РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
27 апреля 2020 | 12:09

Алдағы мамыр айындағы мерекелерді де үйде атап өтуге тура келеді - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы мерекелерді үйде қарсы алуға шақырды. Бұл туралы ол мәлімдемесінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы мерекелерді үйде қарсы алуға шақырды. Бұл туралы ол мәлімдемесінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Аса қажеттілік болмаса, ешқайда шықпай, үйде отырыңыздар. Бұл, әсіресе, қазіргі қасиетті Рамазан айында өте маңызды. Осы кезеңнің де асыл мұраты - шыдам мен төзім, сабыр мен қанағат екенін білесіздер. Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Оразада бірқатар рәсімнен тартынуды ұсынды. Сондықтан осындай уақытта ауызашардың өзін көпшілікпен бірге өткізе алмайтынымыз белгілі", - деді Президент.

Сондай-ақ, Тоқаев мамырдағы мерекелерді де үйде атап өтуге тура келетінін айтты. 

"Алдағы мамыр айындағы мерекелерді де үйде атап өтуге тура келеді. Бірақ, Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайды. Бәріне лайықты құрмет көрсетіледі. Әкімдер соғыс және тыл ардагерлеріне материалдық көмек береді", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети