РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
29 июня 2020 | 13:10

Ақтөбе облысында коронавирус жұқтыру өсімі - 6,6 пайыз

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырып, ауырып қалғандардың өсімі 6,6 пайыз болып тұр. Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырып, ауырып қалғандардың өсімі 6,6 пайыз болып тұр. Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маман облыс бойынша 29 маусымдағы коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы бойынша мәліметті айтты. 

"Облыста жалпы коронавирус жұқтырған 829 адам тіркелді. Бұлар - симптомы бар науқастар. 584 симптомсыз вирус тасымалдаушысы анықталды. Ауру өсімі - 6,6 пайыз. 464 науқас емделіп шықты. Науқастардың көбі Ақтөбе қаласында тіркелді - 713 жағдай симптоммен және симптомсыз 462 жағдай. Жалпы тіркелген науқастардың санының 5,2 пайызы - 74 жағдай сырттан келгендер. 22,6 пайыз - 320 науқас қарым-қатынаста болғандар, 52 пайыз профилактикалық мақсатта тексергенде анықталды. Қазір үйдегі карантинде 2 037 адам отыр", - деді ол онлайн брифингте.

Айта кетейік, мемлекеттік бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова жекелеген өңірде ауру өсімі 7 пайыздан артса, оқшауланып, блокпост қойылатынын айтқан болатын.

Әйтеки би ауданында 17 жағдай (6 симптомсыз), Алға ауданында 21 жағдай (18 симптомсыз), Байғанин ауданында 7 жағдай (3 симптомсыз), Ырғыз ауданында 15 жағдай (13 симптомсыз), Қобда ауданында 7 жағдай бәрі симптомсыз, Темір ауданында 27 жағдай (16 симптомсыз), Ойыл ауданында 4 жағдай (3 симптомсыз), Хромтау ауданында 37 жағда( 18 симптомсыз), Шалқау ауданында 66 жағдай (13 симптомсыз). 

Сонымен қатар, қазір Ақтөбе облысында пневмониямен ауырып жатқан науқастардың саны артты. Қазір облысындағы 3 провизорлық госпитальде 997 науқас пневмониядан емделіп жатыр. Маусым айында 47 науқас пневмониядан қайтыс болды.

Қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 21 327-ге жетті. 12 933 науқас аурудан айықты, 183 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети