ПОДЕЛИТЬСЯ
12 марта 2024 | 10:06
"Әкімдік үйімізді тым арзан бағалап отыр". Алматылық тұрғындар наразылық білдірді
Қазір Алматының айналасында жер телімдерін сатып алу, инженерлік жүйелерді қайта құру жұмысы жүріп жатыр. Көлік қозғалысын жеңілдету мақсатында Мұқанов пен Жұбанов көшелері де ұзарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Жоба келесі жылы аяқталуға тиіс. Алайда кейбір тұрғындар үйлерін әкімдік ұсынған бағаға бергісі келмейді. Мәселен, бір ғана Рысқұлов даңғылын созу үшін 200-ден аса меншік иесімен келісім жасалу керек. Даңғыл Ф.Оңғарсынова көшесіне келіп тіреледі. Әрі қарай Бойтұмар көшесі басталады. Жалпы жобаға сәйкес қала мен облыс аумағындағы 250 нысанды сүру жоспарланған. Жол бойында азық-түлік дүкені, сауда нүктелері мен көлік жуу орталығы орналасқан.
Нұрмахан Мұхамед - жеке кәсіпкер. Көлік жуу орталығын бір жыл бұрын жалға алды.
"Бизнес үшін өте қолайлы жер. Бірақ жолды кеңейткелі жатыр ғой. Сондықтан басқа жерге ауысуға тұра келеді. Күніне жоқ дегенде 40 автокөлік жуылады. Табысымыз тәуір еді. Егер ғимарат сүрілетін болса амал жоқ, басқа жерден орын іздейміз. Әкімшілік солай айтып тұрса біз ештеңе дей алмаймыз", - деді ол.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Показать комментарии
Читайте также