РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
13 января 2022 | 11:26

"Әкімдік өртенгенше ғимараттан кетпедім" - Сапарбаев Тараздағы тәртіпсіздіктер кезінде қайда болғанын айтты

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі © Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Tengrinews.kz тілшісіне 5 қаңтарда Таразда митинг пен тәртіпсіздіктер кезінде қайда болғанын баяндап берді. 


Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Tengrinews.kz тілшісіне 5 қаңтарда Таразда митинг пен тәртіпсіздіктер кезінде қайда болғанын баяндап берді. 

5 қаңтарда Бердібек Сапарбаевқа Қауіпсіздік департаментінен бейбіт митингіге арандатушылар, бұзақылар қосылмақ деген хабар түскен. 

"Сосын шұғыл штаб отырысын өткіздім. Тиісті құқық қорғау органдарына, прокуратураға қоғамдық тәртіпті сақтау үшін тапсырма бердім. Бірақ, өкінішке қарай, күш құрылымдары тез жиналса да, халық арасында арандатушылар мен бүлікшілер өздерінің арам пиғылын жүзеге асырып, халықтың ойын өзгертіп, билікке қарсы кері айдай бастаған", - дейді Сапарбаев. 

Содан облыс әкімі қоғам өкілдері, ардагер, депутат, спортшыларды халыққа басу айтуға жіберген.

"Халық арасындағы адамдар бірін-бірі тыңдайды деп ойладым. Оларға жағдайдың қалай болғанын түсіндірсін, мемлекет, әкімдік тарапынан барлық шара қолданылады, айтқан талаптары орындалады, құлақ асамыз деп басу айтсын дедім. Бірақ сөздеріне нанбаған соң халық алдына өзім шықтым. Барлық жағдайды түсіндірдім. Шынын айтқанда, жиналғандар не керегін өздері білмейді. Әр нәрсені бір айтады. Былай түсіндіріп тоқтау айтсам, құлақ аспайды", - дейді әкім. 

Бердібек Сапарбаев алды қара түтін өртеніп жатса да ғимараттан, әкімдіктен, халықтың арасынан кетпегенін айтты. Халық тарқағанша әкім ұйықтамай, сол жерде болған.

© Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "Қазмұнайгаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети