РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
08 сентября 2020 | 13:53

Ақжарқын Тұрлыбай жазасын Қазақстанда өтеуі мүмкін бе? Бас прокуратура жауап берді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Қытайда жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару бойынша қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты, - хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Қытайда жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару бойынша қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты, - хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің мәліметімізге сәйкес, сот үкімі заңды күшіне енді. Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында сотталғандармен алмасу бойынша келісім бар. Біріншіден, ол өз жазасын Қазақстанда өтегісі келетінін айтып, бізге хат жазуы керек. Кейін біз ратификацияланған құжатқа сәйкес, оның хатын Қытай Халық Республикасының прокуратурасына жібереміз. Яғни оны бізге қайтару мүмкіндігін қарастыру бойынша", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ахметжанов отандасымыз Қытайда өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасына кесілгенін атап өтті.

"Біз осыны ескеріп, қандай санкция енгізілгенін қарастырамыз. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы "Есірткі заттарын сату және тасымалдау" бойынша өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Егер оның әрекеті оған сәйкес келмесе, қос мемлекет арасындағы келісімге сәйкес, менің ойымша, материалдарды қарай отырып, бізде оны елімізге экстрадициялауға мүмкіндік бар", - деді ол.

Оның айтуынша, Ақжарқын Тұрлыбайдан жазасын Қазақстанда өтеу туралы өтініш түспеген.

"Бүгінде мұндай өтініш түскен жоқ. Оны Қазақстанның Қытайдағы елшілігі қорғап жатыр. Біздің мәліметімізге сәйкес, заң Қытай Халық Республикасында жақында ғана күшіне енді. Бізге ресми түрде хат түскен соң, осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз", - деп түйіндеді сөзін бас прокурордың орынбасары.

Айта кетейік, 2014 жылы наурызда Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай Қытайдағы Гуанчжоу әуежайында ұсталған еді. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды.

2015 жылдың маусымында Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбай өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта отандасымыз кінәсін мойындаған жоқ. 

2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді. 2019 жылдың 27 желтоқсанында Қытай соты  Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Сондай-ақ, 2019 жылы Ақжарқынның анасы Зухра Сейтімова Қазақстан Президентінен көмек сұрап хат жазды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапары кезінде Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети