РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
27 февраля 2019 | 09:20

Академик Әбдуәли Қайдар өмірден озды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ана тілінің абызы, академик, ғалым Әбдуәли Қайдар 95 жасына қараған шағында өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білім институтының ғалым-хатшысы Мейрамбек Таубалдиев естіртті.


Ана тілінің абызы, академик, ғалым Әбдуәли Қайдар 95 жасына қараған шағында өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білім институтының ғалым-хатшысы Мейрамбек Таубалдиев естіртті.

Қайдар Әбдуәли Туғанбайұлы 1924 жылы 13 желтоқсанда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Талдыбұлақ ауылында қызметкер отбасында дүниеге келген. Үш қыздың әкесі.

Қазақ және ұйғыр тіл білімдерінің көрнекті маманы, белгілі түркітанушы, Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Шоқан Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлықтың иегері, Түркияның Dil Kurumu лингвистикалық қоғамының құрметті (академик) мүшесі (1989), Башқұртстан ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі (1991), Халықаралық Қазақ тілі қоғамының құрметті президенті (2004), ҚР БҒМ Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері, филология ғылымдарының докторы, профессор Қайдар Әбдуәли Туғанбайұлы өзінің саналы ғұмырының кейінгі жарты ғасырынан астам уақытын тіл білімі саласында қызмет еткен.

Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беруге бағытталған тіл саясатының қалыптасуына академик Әбдуәли Қайдардың тіл маманы, қоғам қайраткері, тұғыры биік азамат ретінде атсалысқаны қалың жұртшылыққа белгілі. Осы жалпыхалықтық әрекеттің басы-қасында болған академик Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамын құрып, оның президенті ретінде Республикада тіл саясатының қалыптасуына ықпал жасағаны мәлім. Осымен байланысты академик Әбдуәли Қайдардың ғылыми шығармашылығының өзекті бір саласын оның мемлекеттік тіл пробемасына, тіл заңына, тіл экологиясына байланысты көптеген көкейтесті мәселелері құрайды.

Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Әбдуәли Туғанбайұлының ғылыми-педагогтік қызметі, ғылымды дамытудағы, ғылым кадрларын даярлаудағы еңбектері үкімет тарапынан жоғары бағаланып, "Халық достығы" ордені, "Отан" ордені, "Құрмет нышаны" (Түркия ордені) "Ана тілінің айбары" алтын белгісімен және 12 медаль, көптеген құрмет грамоталарымен марапатталды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети