26 сентября 2018 | 21:43

Ажырасудың алдын алу үшін не істеу керек - Отбасы психологының кеңестері

© oxu.az

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Ажырасып бақытты болуға бола ма?" тақырыбы талқыланды,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Ажырасып бақытты болуға бола ма?" тақырыбы талқыланды,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарлама барысында Шолпан есімді қонақ жарымен 33 жыл бұрын ажырасқандығын айтты. Оның айтуынша, күйеуі оған қол көтеріп, жәбір көрсеткен. Тұрмыс құрғалы 1 жыл көлемінде далаға шықпаған. Қазір ол ажырасқанына өкінбеймін дейді. Бұл ісін дұрыс санайды.

Реклама
Реклама

"Ұрғанда да бір себеп болуы керек қой, тамағын істемей, кірін жумасам, әке-шешесінің алдынан кесіп өтіп жатсам, тәртіпсіз қылық көрсетіп жатсам - міне осы кезде ұруға болатын шығар. Ол мені тектен тек, себебін айтпай ұрып-соғатын. Мысалы ер немесе әйел адам бір-бірінің қатесін түзеп тұрғаны дұрыс емес пе? Менің қандай да бір қателігім болса, маған айтуы керек еді ғой ұрмастан бұрын. Жақсы азаматтың әйелі жаман болмайды, ерге байланысты. Мен туралы да біреу "Оның әйелі бір шай қоюға жарамайды" деп айтар болса, мен де қателіктерді түзеуге барымды салар едім", - дейді Шолпан. 

Неге содан кейін тұрмысқа шықпадыңыз деген сұраққа ол кісі былай деп жауап берді: "Балаларым бар, оларды біреудің түртпектегенін қаламадым. Екі балам бола тұра ажырасып кеттім. Жолдасым дұрыс болмады деймін, бірақ мен оларға бәлкім дұрыс болмаған шығармын. Әр адам да ой-өресі, түсінігі әр түрлі болып келетіні тағы бар. Әр отбасының тағдыры әр түрлі, келін ата-енесіне ұнамай жатады. Мен мысалы өзім сүйіп қосылған жолдасыммен тұра алмадым. Өте жақсы кісілердің баласы, атам мектеп директоры болған, енем өмір бойы географиядан сабақ берді. Өте білімді, сауатты кісілер еді. Бірақ жолдасым ішкен сайын қол көтеретінді шығарды".

Қоғамның пікірін білу мақсатында қалың жұртшылыққа "Ажырасқан адаммен отау құра алар ма едіңіз?" деген сұрақ қойылған. 

Бағдарламаға қоңырау шалған бойжеткеннің айтуынша, бұрындары ұзатылған қызға "қайтып келген қыз жаман" деп құлағына құятын. Ал қазір "бір рет ұрды ма - ажырас" деп кеңес беретінін айтады. 

Бағдарлама барысында әлем елдерінде ажырасуға тыйым салатын заң бары және арнайы статистика көрсетілді. 

Бағдарламаға арнайы шақыртылған отбасы психологы Анаргүл Ибраимбекова неліктен ажырасу көп болып кеткенін түсіндірді.  

"Апай тұрмысқа шықпай тұрып қатты зорлық көрмеген сияқты. Аялап өсірген қыздың бірі болған сияқтысыз. Барлығы да отбасынан басталады, яғни өмірдің сынақтарына дайын болу үшін ата-анадан теориялық білім алған дұрыс. Қазіргі жастар, қол ұстасып өмір бақи осылай керемет өмір сұреміз деп ойлайды. Олар өмірдің ащысы да, тұщысы да болатынын біле бермейді де. Себебі бұл олардың отбасында айтылмайды. Әрине, басты себептердің бірі - махаббаттың аздығы", - дейді отбасылық психолог Анаргүл Ибраимбекова. 

Мамандар елімізде ажырасу жағдайларын азайтудың жолын айтты

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram