17 ноября 2021 | 08:55

"Адамды маймыл қылады". Желіде Pfizer вакцинасы туралы фейктер тарады

Қазақстанға Pfizer вакцинасы жеткізілуі Желдіде жаңа фейктер тарауына себеп болды. Сондай фейктер ішінде бұл вакцина адамды маймылға айналдырып жібереді деген де ақпарат бар. Tengrinews.kz тілшісі Желіде Pfizer вакцинасына қатысты тараған фейктерді жинап шықты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға Pfizer вакцинасы жеткізілуі Желдіде жаңа фейктер тарауына себеп болды. Сондай фейктер ішінде бұл вакцина адамды маймылға айналдырып жібереді деген де ақпарат бар. Tengrinews.kz тілшісі Желіде Pfizer вакцинасына қатысты тараған фейктерді жинап шықты.

"Pfizer басшысы тұтқындалды" - фейк   

WhatsApp мессенджерінде қазақстандықтар Pfizer компаниясының бас директоры Альберт Бурла тұтқындалғаны туралы ақпарат тарады. Оған алаяқтық жасады және фармкомпаниялардың акцияларын қасақана арзандатқан деген айып тағылғаны айтылады.

Реклама
Реклама

Stop Fake сайтының мәліметінше, Альберт Бурланың тұтқындалуы туралы жаңалық алдымен ConservativeBeaver.com порталында шықты. Бұл портал қастандық теориялары мен фейк жаңалықтар жариялайды.

Pfizer компаниясының бас директоры қамауға алынды деген ақпарат таратылған күні, 5 қарашада, ол бірнеше рет көпшілік алдына шыққан. Мысалы, CNN және CNBC телеарналарының эфирінде сөз сөйлеген. Сонда COVID-19-ға қарсы жаңа тәжірибелік дәрі туралы айтты.

Сондай-ақ, Альберт Бурла қамауға алынды деген күні ол Twitter-де белсенді болып, вирусқа қарсы компания әзірлеп жатқан препарат туралы егжей-тегжейлі жазған. 

Бірде-бір ресми БАҚ Pfizer компаниясының бас директорын қамауға алу туралы хабарлаған жоқ. Сонымен қатар, Альберт Бурла алаяқтық жасады деп күдіктеліп отырғаны жайлы сенімді дереккөздер жазбаған. Snopes және Techarp басылымдары да оны қамауға алу туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Pfizer вакцинасы адамды маймыл қылады"

Pfizer вакцинасын өндіру кезінде шимпанзе аденовирусы қолданылған. Бұл тағы бір фейк тарауына себеп болды. Себебі онда "бұл вакцина адам генетикасын өзгертіп, оны маймылға айналдырады" деп айтылады. 

Lrt.lt мәліметінше, биомедицина ғылымдарының докторы, литвалық Марюс Стрёга бұл фейкті жоққа шығарды. 

"Вирустар қашан да бізге шабуылдайды. Кей вирус тұрақты түрде біздің ағзамызда болады, мысалы, герпес. Бірақ олар біздің геномымызды өзгертпейді.

Неге шимпанзе аденовирусы таңдалды? Johnson & Jonhnson немесе "Спутник V" вакциналары секілді адам аденовирусын қолдануға болар еді. Алайда адам өз өмірінде адам аденовирусымен көп ұшырасады, сондықтан бұл вирустарға қарсы иммундық әсері бар", - деді дәрігер. 

Сондықтан шимпанзе аденовирусы қолданылған Pfizer вакцинасын салдырғандар маймылға айналып кетеді деген хабарлама - фейк. 

"Pfizer вакцинасында бақылау құрылғысы бар" - фейк

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Pfizer вакцинасында бақылау құрылғылары бар екенін дәлелдейтін патентті талқылап жатыр. Құжатта олардың қалай жұмыс істейтіні нақты сипатталған және ол бұрын конспирологиялық болып саналған теорияларды дәлелдейді екен. 

Stop Fake сайтының мәліметінше, бұл - баршаға қолжетімді, нөмірі US 11,107,588 B2 патенті. Оны 2020 жылдың 30 қарашасында Ehrlich Group компаниясының негізін қалаушы Гал Эрлих және осы компанияның медициналық құрылғылар бөлімінің бастығы Мэйр Фенстер ұсынған.

Бұл патенттің Pfizer және BioNTech компанияларына, сондай-ақ олар әзірлеген вакцинаға қатысы жоқ.

Сонымен қатар, бұл компаниялар вакцинаны 2020 жылдың наурыз айында жасай бастады, ал патент тек қараша айында, препарат дайын болған кезде және клиникалық сынақтан өткен кезде берілген.

"Вакцина үшін балаларды отбасынан тартып алады" - фейк

Балалар мен жүкті әйелдерге салынатын Pfizer вакцинасы Қазақстанға жеткізілетін мерзім жақындаған сәтте Желіде түрлі фейк тарады. Соның бірі - вакцинация статусына қарап, балаларды отбасынан алып кетуге рұқсат етілетін заң күшіне енеді деген ақпарат. 

Білім және ғылым министрлігі мұндай заң жоғын мәлім етті. 

"Бұл ақпарат жалған. Мектептерде балаларға вакцина міндеттеп салынбайды. Мектептер балаларға білім береді, әлеуметке сіңісуге көмектеседі. Бала ата-анасының рұқсатынсын вакцина салу туралы әңгіме қозғалған да жоқ", - деді ведомство өкілдері. 

"Pfizer вакцинасы коронавирусқа дейін жасалды" - фейк

Желіде бұрын тарап, елге Pfizer вакцинасы жеткізілгеннен кейін қайта өршіп жатқан тағы бір фейк бар. Бұл жалған ақпаратта Pfizer вакцинасы SARS-CoV-2 вирусына дейін жасалғаны айтылады. Хабарламаға сенсек, "бұл вакцина 2010 жылы жасалған, бірақ оны сата алмаған. Сондықтан зертханаларда SARS-CoV-2 вирусын қолдан жасаған". 

COVID-19-ға қарсы вакцинаны 2010 жылы жасау мүмкін емес, себебі ол кезде SARS-CoV-2 вирусының геномы болмады. Бұл геном вакцина өндіруге қажет.

Қытай билігі вирус енді тарап жатқан кезде, яғни 2020 жылдың 7 қаңтарында оған SARS-CoV-2 деп атау қойған. Кейін ғана вирусқа қарсы вакциналар өндіріле бастады.

Pfizer компаниясы өз вакцинасының клиникалық сынақтарының бірінші және екінші кезеңдерін былтыр мамырда өткізген. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram