РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
19 октября 2020 | 13:27

Абайдың 175 жылдығына арналған қаржының 1,7 миллиард теңгесі үнемделді

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: astana.gov.kz Фото: astana.gov.kz

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуге ел үкіметінен 3 миллиард 999 миллон теңге бөлінген. Соның 1,7 миллиард теңгесі үнемделіп, бюджетке қайтарылды. 1,4 миллиард теңгесі жыл соңына дейін игеріледі. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Абай Құнанбайұлының мерейтойын атап өтуге бөлінген қаржыдан 1,7 миллард теңге үнемделіп, бюджетке қайтарылды. Себебі карантинге, пандемияға байланысты көптеген шара қысқартылды. Көбіне шетелдік және өзіміздің қонақтар мен құрметті көрермендеріміздің қатысуымен офлайн өту керек шараларды тоқтатып, республикалық бюджетке қайтардық. Олар пандемия кезіндегі шараларға жұмсалды. Бүгінде қалған қаржы Шығыс Қазақстандағы инфрақұрылым, Семейдегі музейді қайта жаңғырту, Абай оқыған мектеп тағы басқа Абаймен байланысты орындарда абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл ақшаны инфрақұрылымды жақсартуға, Абай шығармаларын 10 тілге аударып, 10 том қылып шығаруға жұмсалды", - деді Ақтоты Райымқұлова ОКҚ онлайн-брифингте.

"1300 көше, 70 елде 250 шара". Абай жылы қандай шаралар өтті?

Еске салайық, биыл ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өту үшін түрлі шара ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы мерейтойға бөлінген ақшаны ысырап етпеуді тапсырды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети