РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
03 сентября 2021 | 17:59

Абай аулындағы зорлық: баланың әжесі кімнен қысым көріп жатқанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай аулында зорланған баланың әжесі. © Жасұлан Нұрқасымов/Tengrinews.kz Абай аулында зорланған баланың әжесі. © Жасұлан Нұрқасымов/Tengrinews.kz

Түркістан облысындағы Абай аулында осыдан үш жыл бұрын зорланған 7 жасар баланың әжесі әлі қысым көріп жатқаны туралы хабар тарады. Tengrinews.kz тілшілері Келес ауданында тұрып жатқан кейуанадан арнайы барып, сұхбат алды.


Түркістан облысындағы Абай аулында осыдан үш жыл бұрын зорланған 7 жасар баланың әжесі әлі қысым көріп жатқаны туралы хабар тарады. Tengrinews.kz тілшілері Келес ауданында тұрып жатқан кейуанадан арнайы барып, сұхбат алды.

Әжесі қысым көргенін растап отыр. Оның сөзінше, жанжал шығарып жүрген сотталушының туыстары екен.

"Әлгілер (сотталғанның анасын айтып отыр - Авт.) ішіп келіп, жанжал шығара бергеннен кейін қорқып қалғанбыз. Содан есікті жауып қоямыз. Керек болса, ашамыз, ашпай қойған уақытымыз болмаған ешкімге. Ауыл тұрғындары мені жаман көретіндей мен не істедім? Жаманшылық жасағаным жоқ. Бірақ баланың жақындары, көршілері мені ұнатпайды. "Неге сен шындықты шығардың?", "Біреудің баласын неге сен қаматасың?", "Қандай ақың бар? Жала жаптың" дейді. Ал мен бәрін заң жүзінде істедім. Бірақ олар соны мойнына алмай, бұрмалайды", - дейді ол. 

"Ал сізге әкімдіктен шенеуніктер қысым көрсетіліп жатыр ма?" деген сұраққа ол бірден ешқандай қысым жоғын айтып жауап берді. 

"Шенеуніктер қысым көрсетіп жатқан жоқ. Мен олардан жәрдем сұрап барсам, полицияға бар дейді. Ал мен полицияға барғым келмейді. Мен полициядан көңілім қалған. Баланы зорлағанда алты ай бойы ешкім жәрдем бермеген маған. Тіпті маған арыз жаздырмаған. Қорыққанымнан арыз жаза алмай 6 ай жүргенмін", - дейді ол.

6 ай бойы зорлықты білсе де арыз жаза алмауының себебі деп тұрғын прокуратураның, мектеп директорының, әкімшіліктің, полицияның немқұрайдылығын атады.


Абай аулында зорланған баланың әжесі. © Жасұлан Нұрқасымов/Tengrinews.kz

"Егер солар осыны сол заматта қолға алғанда мен осындай болып жүрер ме едім? Мен тіпті сараптамаға дейін бардым. Кіргізбеді. Неге десем, полициядан қағаз керек деді. Ал полицейлер маған арыз жаздырмайды. Сотта бәрі анықталған. Өзім шығарғаным жоқ. Сараптама Ресейде жасалды. Бірақ соны бізде ешкім мойындағысы келмейді. Бірақ қысым болған жоқ. Жәрдем сұрағанымда көмектеспеді дегенді айтып тұрмын", - деді ол.

Сондай-ақ, әйел қазір жағдайы жақсы екенін айтып отыр.

"Тек баланың анасы мазалап жатыр (сотталған ер адамның анасын айтады - авт.). Біреуге сеніп келіп жатыр ғой. Мен Өзбекстаннан көшіп келдім. Бірақ Қазақстан азаматымын. Сол үшін, жерлік болмағаным үшін өсек сөз көп тарап жатыр. Өзім зейнеткермін. Дәл қазір бізге ешқандай жәрдем керек емес. Үй де керек емес. Бізге тек баланың анасы (сотталған ер адамның анасын айтады - авт.) тыныштық берсе болды. Кеше Adal, Nur Otan партияларынан келіп, көмек көрсетейік пе деп сұрады. Бас тарттық. Ештеңе керек емес. Бізге туыстарымыз ақша жинап, баспана алып бергісі келіп жатыр. Қазір қалай, қайда тұратынымызды айта алмаймын, болмаған нәрсені қалай айтамын?" - деді баланың әжесі.

Әжесінің айтуынша, немересі бұл үйде емес, Алматыда тұрып жатыр.

"Бала бұл жерде мүлдем тұрмайды. Үш айға демалысқа келгені рас.Сол 2018 жылдың наурызында кетіп, содан келген жоқ. Қазір Алматыда тұрып жатыр, мектепте оқиды. (...) Немерем үш ай демалыста келуге қақы бар. Біреуге зияны тиген жоқ, бәрі өз бақылауымда, өзім алып жүрдім", - дейді ол.

Оның айтуынша, үш жыл бұрын немересін шешесі Алматыға алып кеткен. Мегаполисте пәтері болмағандықтан, балалар омбудсмені Аружан Саин қоры есебінен жалдамалы пәтерде тұрып келеді екен. 

Абай ауылына әуеден көрініс. © Жасұлан Нұрқасымов

Tengrinews.kz тілшілері түсірген видеорепортаж кейінірек жарияланатынын айта кетейік.

Айта кетейік, мұның алдында The Village Kazakhstan басылымы материал жариялап, жағдайды сипаттаған. "Біз олардың осы үйде тұрып жатқанын кездейсоқ білдік. Бүкіл Қазақстан оларға Алматыдан баспана беріліп, көшіп кетті деп ойлап жүр. Бірақ, мүлде олай емес екені белгілі болды. Ескі үй. Есіктерін мүлдем ашпайды. Далаға дәретханаға бару үшін ғана шығады. Бұл үйдегі ең бағалы дүние - ескі теледидар", - дейді мақала авторы.

Алайда бірнеше сағаттан кейін басылымға балалар омбудсмені Аружан Саин жауап берген.

"Бала анасымен бірге осы жылдар бойы Алматыда тұрып келеді, біз бұны жақсы білеміз. Өйткені олар қор еріктісі тегін берген пәтерде тұрып жатыр. Пәтерге риза болды және әлі де тұрады. Бала мектепте оқиды, денсаулығы жақсы, анасы жұмыс істейді. Біздің қор баланың психологқа барған сабақтарының ақысын төледі, олар оң нәтиже берді. Мен бүгін анасымен сөйлестім, бала мектепке барады. Қазір демалыста. Демалысты пайдаланып екеуі де әжесіне қонаққа барған. Әжесімен болған сұхбат туралы ештеңе білмейді, ол осы мәселе бойынша анасымен сөйлеседі. Мақалада айтқан баланың Абай ауылында әлі де тұратыны туралы ақпарат жалған", - деп жазған Аружан Саин Facebook-те.

Еске салайық, оқушыға қатысты зорлық-зомбылық туралы ақпарат желіде 2018 жылдың наурызының ортасында пайда болғанеді. Бірнеше жоғары сынып оқушысы зорлық жасады деген күдікке ілінген. Бірнеше елден сарапшылар 14 зерттеу жүргізіп, бес айдан кейін шын мәнінде зорлау фактісі болды деген қорытындыға келді. 2002 жылы туған кәмелетке толмаған үш жасөспірім сотқа тартылды. Үш адамға қатысты қылмыстық қудалау 14 жасқа толмағандықтан тоқтатылды.

Сот процесі жабық режимде өтті. Ақырында бір сотталушы жалпы режимдегі кәмелетке толмағандарға арналған орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімді алқабилер шығарған еді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети