РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
23 декабря 2019 | 17:56

АӘК берудің жаңа форматы. Жиі қойылатын 10 сұрақтың жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Таяуда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов АӘК-ке өзгертулер енгізген болатын. Министр 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыны табысына қарамай төлеуді ұсынды. Бірақ бұл үшін көпбалалы отбасыларды атаулы әлеуметтік көмек алатындардың қатарынан шығару қажет екен. Ал осы күнге дейін АӘК отбасының әр мүшесінің табысы 20 789 теңгеден аспаған жағдайға ғана берілетін. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі АӘК-ке осы күнге қандай өзгерістер енгізілгенін анықтап, қазақстандықтар жиі қоятын сұрақтардың жауабын іздеді.


Таяуда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов АӘК-ке өзгертулер енгізген болатын. Министр 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыны табысына қарамай төлеуді ұсынды. Бірақ бұл үшін көпбалалы отбасыларды атаулы әлеуметтік көмек алатындардың қатарынан шығару қажет екен. Ал осы күнге дейін АӘК отбасының әр мүшесінің табысы 20 789 теңгеден аспаған жағдайға ғана берілетін. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі АӘК-ке осы күнге қандай өзгерістер енгізілгенін анықтап, қазақстандықтар жиі қоятын сұрақтардың жауабын іздеді.

1. АӘК-тің жаңартылған форматына өтініштерді қабылдау қашан басталады? 

Жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына немесе халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, отбасы ауылдық жерде тұрса кент, ауыл, ауылдық округтердің әкімдеріне жүгінеді.

2. АӘК-ті тағайындау үшін қаңдай құжаттар қажет?
 

Өтініш беру  және сәйкестендіру үшін тек жеке куәлікті ұсыну қажет. Басқа құжаттар қажет емес.

3. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап АӘК қалай беріледі?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды орындап, АӘК төлеу тетіктерін түзету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2020 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда барлық көпбалалы отбасы үшін олардың табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы мен табысы аз отбасылардан шыққан балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізілді.

Биыл қазанда өткен үкімет отырыстарының бірінде министр Біржан Нұрымбетов жаңа жылдан бастап табысы аз және көпбалалы отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына арналған әлеуметтік пакет жасалатынын мәлімдеді.

Әлеуметтік пакетте балалардың тамақтануы, гигиеналық заттар, балалардың ой-қимыл жүйесін дамытқыш құралдар бар. Ал 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға мектеп формасы, жолақысы төленіп, мектепте тегін тамақ беріледі. Табысы аз отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекет кепіл берген тегін медициналық көмек көрсетіледі.

4. АӘК көпбалалы олигархтарға да беріле ме? 

Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты жаңа заң бойынша енді көпбалалы олигархтар да жәрдемақы алатын болды. 

"Енді көпбалалы жанұяға төленетін жәрдемақыны байлар да алатын болды ғой дейсізсіздер. Сізбен келісемін. Бөлейік дейді. Бөлген кезде шегі қай жерде болады? Қанша теңгеден жоғарыны бай дейміз? Қанша теңгеден төменін кедей дейміз? Ең қиыны сол. Бүгін ең төмен күнкөріс деген түсінік бар. Соның 70 пайызы кедейлік шегінде. Сонымен біз белгілеп отырмыз. Мен халықты көп қабылдаймын. Жаның ашиды. 20 789 теңге шегі. Содан 100 теңге табысы асып кетсе АӘК алмайды.

Оның байға жатпайтынын адам ретінде түсініп отырмыз ғой. Бірақ заң солай. Сондықтан шекті қоймайықшы дейміз. Сөйтіп көпбалалыларға жәрдемақы енгіздік. Бұл жерде олигархтар да алады ғой деген сұрақ туындайды. Енді қайтеміз, екеуінің біреуін таңдайық. Біз, мысалы, оған 20 мың беріп отырған кезде соның бір 10 мыңын былай шығарайықшы, табыссыз. Қиналмасын, табысын растамасын. Менің екі-үш әріптесім көпбалалы министр. Солар менен "Біз де аламыз ба?" деп сұрайды. Мен "Сіз де заң бойынша аласыз. Бірақ елдің патриоты ретінде өтінішіңізді бермей-ақ қоятын шығарсыз" деп қоямын қалжыңдап", - деп түсіндірген еді Біржан Нұрымбетов. 

Нұрымбетовтің сөзінше, қазіргі жағдайда отбасы табыс шегіне 100 теңге жетпесе де, 20 мың теңге жетпесе де АӘК алады.

5. Сыйақы түскенде көмектен айырылып қалмау үшін не істеу керек?

Министр сыйақы түскенде атаулы көмектен айырылып қалмау үшін бөлінген қаражат есебін өткізіп отыру керегін айтады.

"Табысы өзгерді ме, азайды ма немесе заң бойынша егер де сіздің табысыңыз келесі кезеңде өзгеріп кетсе, сыйақы алдыңыз мысалы, ол әсер ете ме. Сіз оны 10 күннің ішінде міндетті түрде мемлекеттік органға баяндауыңыз керек екенсіз. Егер 10 күннен асып кетсе қате болып есептеледі. Сондықтан, менің ұстанымым неғұрлым осындай әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде шарттарды, міндеттемелер, есептіктерді көбейтсек, соғұрлым біз халықты да қинаймыз, өзімізге де мәселе туындайды. Сондықтан біз жаңа ұстанымда осының бәрін жойып тастадық. 18 жыл бойы АӘК тоқсан сайын тағайындалып төленетін. Соған көшеміз", - деген еді Үкіметтің баспасөз орталығында өткен жиында.

6. Жәрдемақыны толық мөлшерде алу үшін құжаттарды
айдың басынан беру қажет пе?

Жоқ, міндетті емес. Атаулы әлеуметтік көмек өтініш білдірген айдан бастап тағайындалады және өтініш берген күнге байланысты емес. Мысалы, егер сіз құжаттарды уәкілетті органға 20 сәуірде тапсырсаңыз, онда төлемді де толық көлемде бір ай үшін аласыз. 

Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақылар: кімге және қанша беріледі?

7. Жәрдемақыны есептеген кезде бірге тұратын туыстардың
барлық табысы есепке алына ма? 


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, АӘК тағайындаған кезде отбасының бірге тұратын, ортақ шаруашылық жүргізетін барлық мүшесі есепке алынады.

Алайда министрліктің "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" ҚР Заңына отбасы құрамын нақтылау бөлігінде толықтырулар енгізіп жатқаны айтылады.

Осылайша, 2019 жылғы 1 сәуірден бастап отбасының құрамында тек жақын туыстар, яғни ата-ана, балалар, бала асырап алушылар, асырап алынған бала, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек бауырлар мен апа-қарындастар,ата,әже, немерелер есепке алынады.

Әр елде бала туғанда берілетін жәрдемақы қандай

8. Отбасы табысын жасырса, ақшаны қайтаруы керек пе?

Министрдің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекке қатысты және қаражатты қайтару жөнінде екі мәселе бар. 

"Бірінші жағдай: АӘК тағайындалған кезде адамдар өзінің ресми табысын жасырып қалған болса - ол АӘК заңсыз тағайындалды деп есептеледі. Бұл жағдайда ол қаражатты қайтаруы тиіс. Мәселен АӘК тағайындалып, төленіп жатқан кезде бір өзгерістер болды делік. Оны заңда былай дейді: мысалы АӘК-ті ай сайын емес, кейбірде 3 ай қосып төлейтіндер бар. Көбірек болсын, бір ісіңізбен айналысасыз ба, жұмсайсыз ба деген сияқты оймен. Бұл жағдайда АӘК 6 айға, 12 айға тағайындалады. Сөйтіп келесі тоқсанда біздің мамандар оны қадағалайды", - дейлі министр Нұрымбетов.

9. Қанша жастағы балалар АӘК ала алады?

Министрліктің сайтындағы мәліметтерге қарағанда, жңа механизм бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы немесе 20 789 теңге мөлшеріндегі кепілді төлем 18 жасқа дейінгі балаларға, ал орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқыған жағдайда, білім беру ұйымын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) төленетін болады.

10. АӘК қалай төленеді?
 

Егер отбасының жалпы табысы барлық мүшелерге бөлген кезде 29,698 теңге болатын күнкөріс минимумының 50 пайызына жетпесе, яғни, олар кедейлік шегінен төмен (14 849 теңге) болса, АӘК тағайындалады.

Мысалы, отбасында 6 адам (4 бала), жалпы табысы 100 000 теңге. 100000/6 =16 666; бұл сома кедейлік шегінен асып кетеді, бұл отбасы атаулы әлеуметтік көмек ала алмайды.

Немесе

8 адамнан тұратын отбасы (6 бала), жалпы табысы 80 000 теңге. 80000/8 = 10 000;

14 849 - 10 000 = 4849;

4849х 8 = 38 792 - бұл отбасы үшін ай сайынғы АӘК осындай.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети