РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
06 ноября 2023 | 15:31

"9-20-25" бағдарламасы іске қосылатыны рас па?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: kn.ks.ua Фото: kn.ks.ua

Әлеуметтік желіде "9-20-25" бағдарламасы іске қосылатыны хабарланды. Massaget.kz тілшісі бағдарламаға "жауапты" мекемелерге хабарласып көрді.


Әлеуметтік желіде "9-20-25" бағдарламасы іске қосылатыны хабарланды. Massaget.kz тілшісі бағдарламаға "жауапты" мекемелерге хабарласып көрді.

Бұған дейін Instagram-дағы dauletten парақшасында "9-20-25" бағдарламасы іске асырылғалы жатқаны туралы ақпаратты жариялады.

"Бәйтерек" холдингі Отбасы банк жақында "9-20-25" бағдарламасын іске қосады.
9 пайыз жылдық үстемақы;
20 пайыз бастапқы жарна;
25 жылға дейін ипотека рәсімдеуге мүмкіндік болады", - делінген ақпаратта.

Massaget.kz тілшісі "Бәйтерек" холдингі пен Отбасы банкке хабарласты.

"Бәйтерек" бұл ақпаратты растамайды. Отбасы банк сіз айтқан мәліметті (9-20-25 бағдарламасының іске қосылуын - еск.) растамайды, бізде мұндай бағдарлама жоқ", - деді Отбасы банктің баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, бүгінде елімізде "7-20-25" бағдарламасы жұмыс істейді. Оның операторы - "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети