Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 7 және одан көпбалалы отбасыларға жәрдемақы енгізілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы министр ведомствоның алқа отырысында мәлімдеді.

Министр елімізде көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан, балалар санынан сараланған жәрдемақы енгізілгенін еске салды. Оның айтуынша, бүгінде 370 мың отбасы осы жәрдемақыны алып отыр.
"Қазіргі уақытта 7 баладан әрі қарай біркелкі мөлшерде жәрдемақы жоқ. Сондықтан енді 8 және одан да көп балалы отбасыларға да біркелкі жәрдемақы беру қарастырылып отыр. Мысалы, 8 балаға 85 мың теңге, 10 бала 106 мың теңге, 15 балаға 159 мың теңге төленеді", - деді министр.
Cондай-ақ, Нұрымбетов былтыр ана мен баланы қолдауға 372 миллиард теңге төленгенін айтады.
"Ал биыл ана мен баланы қолдауға 559 миллиард теңге бөлінді. Дегенмен көпбалалы отбасыларды қолдау көлемін әлі де көбейту керек деп ойлаймыз. Жәрдемақының түрлері мен оны төлеудің мерзімін де ұлғайтуды қарастырып отырмыз", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.