Нұр-Сұлтанда 8-қабаттан қызды қағып алған ер адамға блогер Дәулет Төлеутайұлы (Dauletten) Қызылордадан үй алып бермек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтанда 8-қабаттан қызды қағып алған ер адамға блогер Дәулет Төлеутайұлы (Dauletten) Қызылордадан үй алып бермек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өз өмірін қатерге тігіп, кішкентай қызды құтқарған 36 жастағы Сәбит Шонтақбаев 4 баланың әкесі. Қызылордада 14 жылдан бері пәтер жалдап тұрады.
"Сәбиттің туған жері Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы. Қазір бала-шағасы, әйелі Қызылордада 14 жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрады. Өз үйлері жоқ. Бұйырса біз үй алып береміз", - деді блогер.
Қазір блогер @batyr_bloger өз оқырмандарымен Сәбиттің 450 мың теңге қарызын жауып беруге ақша жинап жатыр.
Мақаланың толық мәтінін мына жерден оқыңыз.