РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
04 апреля 2019 | 12:49

700 мың теңгеге дейін. Тегін және ақылы босанудың айырмашылығы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Еліміздегі Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бойынша, бүгінде жүкті әйелдер босанғысы келген мекемені өзі таңдай алады. Ол тегін бола ма, ақылы бола ма - өз таңдауы. Барлығы қаражатқа байланысты болғанымен, босануға барлық жағдай жасалсын және бала күтіміне дұрыс көңіл бөлінсін деп ақылы босанған дұрыс шығар деген түсінік қалыптасқан. Tengrinews.kz тілшісі елімізде жүктілікті ақылы жүргізу мен босану үшін қанша ақша қажет екенін, ақылы босану мен тегін босанудың айырмашылығы неде екенін анықтап көрді.


Еліміздегі Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бойынша, бүгінде жүкті әйелдер босанғысы келген мекемені өзі таңдай алады. Ол тегін бола ма, ақылы бола ма - өз таңдауы. Барлығы қаражатқа байланысты болғанымен, босануға барлық жағдай жасалсын және бала күтіміне дұрыс көңіл бөлінсін деп ақылы босанған дұрыс шығар деген түсінік қалыптасқан. Tengrinews.kz тілшісі елімізде жүктілікті ақылы жүргізу мен босану үшін қанша ақша қажет екенін, ақылы босану мен тегін босанудың айырмашылығы неде екенін анықтап көрді.

Жекеменшік vs. Мемлекеттік

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Нұр-Сұлтанда осымен 50 жылдан аса уақыт жұмыс істеп келе жатқан № 3 перинаталдық орталықта (мемлекеттік) ақылы босану құны 180 000 теңгеден басталады екен. Тіпті жайлы босану, дәрігерді өзің таңдау арқылы босану немесе вип-палатада босану деп бөлінеді.

Олардың бағасы шамамен 400 000 теңгеге жетіп тұр. Бұл отаның көмегінсіз босанғысы келетіндерге арналған баға, ал Кесарев тілігі арқылы босану бағасы әлдеқайда жоғары екенін байқауға болады. Мысалы, Кесарев тілігі арқылы босану құны 200 000 теңгеден  425 000 теңгеге дейін.

Ал Алматыдағы мемлекеттік перзентханалардың прайс-парақшасындағы баға сәл өзгеше. 

Перинатология және балалар кардиохирургия орталығында табиғи босану құны 40 000 - 60 000 теңге аралығында. Ал кесарь тілігімен босану 60 000 теңгеден бастап 80 000 теңгеге дейін екен.

Жекеменшік клиникалардың қызметі жайлы айтатын болсақ, ондағы бағалардың жоғары екені белгілі. Еліміздегі бірнеше жекеменшік мекеменің бағаларына жүргізілген сараптама нәтижесінде онда босану құны кем дегенде 300 000 теңге екені анықталды. Ал отамен босану 600 000 - 700 000 теңге дейін барады екен.

Бірақ гинеколог Лаура Парпиева ақылы босанудың тегін босанудан артық ақша төлеуден басқа аса айырмашылығы жоқ екенін айтады. Айтуынша, онда тапсырылатын сараптамалар бірдей.

"Бүгінде барлығы ақылы босанғысы келеді деп айта алмаймын. Ақылы босанғандарға барлық жағдай жасалады деген стереотип бар. Расында ақылы босану өте қымбатқа түседі. Көбіне жүктілер мықты, тәжірибесі бар гинеколог мамандарды іздейді. Ақылы клиникаларға өздеріне дәрігер таңдауға мүмкіндік берілетіндіктен баратын шығар. Мемлекеттік және жекеменшік перинаталдық орталықтарда тапсырылатын сараптамалардың барлығы бір - тек бағасы қымбат. Дәрігердің әр қабылдауы орта есеппен 5 мың теңгеден басталады", - дейді Парпиева.

Осы ретте дәрігер тегін босану мен ақылы босанудың артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталды.

Артықшылығы vs. Кемшілігі

Тегін босанудын артықшылықтары:

- Толғақ басталған кезде және су кеткен кезде кез келген перзентханада көмек көрсетіледі;
- босанғанға дейін және босанғаннан кейін ешқандай қосымша ақы төлеу қажет емес,
- ақылы бөлімдердегі дәрігерлер тегін бөлімде жатқандарды да босандырады.

Кемшіліктері:

- жеке палата болмайды;
- көбі серіктестік босануға рұқсат бермейді.

Ақылы босанудың артықшылықтары:

- "Жеке дәрігер" қызметі;
- анасы мен баласына арналған бөлме;
- босанғаннан кейінгі күтімге ерекше назар аударылады;
- анестезиологты өзі таңдай алады;
- босанған соң күніне үш адамға дейін кіре алады.

Кемшіліктері:

- қымбатқа түсуі мүмкін;
- барлық қаражатты босанғанға дейін төлеп қою керек;
- кей жағдайларда босану залдарында емес, "Жеке акушер" қызметінің көмегімен, яғни бір кабинетте өте салуы мүмкін.


Суреттер pixabay.com сайтынан

Босанғандар не дейді?

Ақылы босануды таңдаған алматылық Жібек онда босануға барлық жағдайдың жасалғанын айтады. 

"2018 жылы Алматыдағы мемлекеттік перзентханалардың бірінде босандым. Серіктеспен босандым. Бастапқыда өз анам кірген болатын, бірақ анама еркеледім бе - босануым созылып кетіп, нәтижесінде жолдасымның апайы кіріп, бірден босандым, Кесарев тілігінсіз. Бірақ мен эпидуралка салдырдым (босанғандағы аурусыздандыру) - екі рет. Оның әрқайсы 30 мың теңгеден. Перзентханаға сөмке дайындадық. Оған 50 мың теңгедейі кетті. Расында да барлық жағдай жасалды, барлығы жоғары деңгейде болды", - дейді Жібек.

Айтуынша, онда босану бөлмелері блоктарға бөлінеді. Жібек босанған блокта ол шармен жаттығып, анасы мен сәбиіне барлық күтім көрсетілген.

Ал алматылық Әйгерім болса, жекеменшік клиникада босануды жөн көріпті. Босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі үш күндік күтімнің барлығына миллионға жуық ақша жұмсаған екен.

Әлем елдерінде босану құны қанша?

Осылайша, орташа есеппен Қазақстанда бір баланы ақылы түрде босану үшін кем дегенде 200 мың теңге қажет екенін байқауға болады. Басқа елдермен салыстырсақ, ақылы босану құны жоғары елдердің тізімінде Швейцария көш бастап тұр. Онда босану келісімшарты 20 000 доллардан басталады екен. Ал АҚШ-та табиға босану 5 000 - 15 000 доллар болса, Кесарев тілігімен босану құны 20 000 - 25 000 доллар аралығында. Түркияда басқаларына қарағанда баға төмендеу - онда босану құны 3-4 мың доллар шамасында. Қызығы, Израильде перзентхана деген түсінік жоқ екен. Онда кез келген көпсалалы ауруханада босану бөлімі болады, босану құны - 5-8 мың доллар көлемінде.

Оқи отырыңыз:

Әйелінің босануына қатысу дұрыс па, бұдан ерлер қалай өзгереді?

"Балалы болу құны 10 мың долларға дейін". Жапонияда босанған Балжанның әңгімесі

Жүктілік жеңіл өтсін десеңіз - Дәрігердің кеңестері

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети