Коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 науқас тыныс алу аппаратына қосылған. Бұл туралы онлайн режимінде өткен үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде қауіпті індетті 670 адам жұқтырған. Ал 46 науқас аурудан айығып, 6 адам қайтыс болған.
"Өткен тәулік бойынша жаңа 78 науқас тіркеліп, өсім деңгейі 13 пайыз болды. Тіркелген 78 науқастың ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 2 жаңа науқас, Алматыда 3 науқас. Өткен тәулік бойынша басқа өңірлерде 73 жаңа науқас тіркеліп, өсім 29 пайыз болды", - деді министр.
Біртанов бүгінгі күні ауруханада 680 науқас барын атап өтті.
"Олардың 20-сының жағдайы нашар. Жетеуі жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Кеше үш адам жасанды тыныс алу аппаратынан алынып, жағдайы жақсарды. Жағдайы орташа 88 науқас бар. Жеңіл жағдайда 510 науқас жатыр. Ел бойынша ауруды жұқтырғандармен байланыста болған 19 112 адам бар. Олардың 97 пайызы табылып оқшауланды", - деді ол.
Еске салайық, осыған дейін премьер-министр Асқар Мамин үкімет дағдарысқа қарсы бірқатар шара қабылдайтынын атап өткен.