РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
15 ноября 2019 | 12:52

"50 доллар жәрдемақы беріп отырды". Террористердің аудармашысы болған жігіттің оқиғасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрынан Видео кадрынан

Дәурен Сәбитұлы Сирияда террористік ұйымда аудармашы болып жұмыс істеген. Медреседе балаларға ислам дінін радикал тұрғыда түсіндірген. Кейін тұтқынға түскен ол елге "Жусан" операциясы аясында оралған. Бұл туралы ол Adil Ukim YouTube-арнасына берген сұхбатында айтқан. Тengrinews.kz тілшісі Дәуреннің Сириядағы өмірі жайлы баяндаған сұхбатын ұсынады.


Дәурен Сәбитұлы Сирияда террористік ұйымда аудармашы болып жұмыс істеген. Медреседе балаларға ислам дінін радикал тұрғыда түсіндірген. Кейін тұтқынға түскен ол елге "Жусан" операциясы аясында оралған. Бұл туралы ол Adil Ukim YouTube-арнасына берген сұхбатында айтқан. Тengrinews.kz тілшісі Дәуреннің Сириядағы өмірі жайлы баяндаған сұхбатын ұсынады.

Дәурен Сәбитұлы - Ақтөбе қаласының тумасы. Орта білімді бітіргеннен кейін, дінге бет бұра бастаған. Дарын Мүбаров пен басқа да діни насихатшылардың, жиһадты жақтаушылардың дәрістерін тыңдаған.

2009 жылы діни білім алу үшін Дамаск қаласына аттанған. Сол жақтағы білім орнында теріс идеологияның ықпалына еріп кеткен.


Видео кадрынан

"Басында орысша, қазақша насихатшылардың видеоларын көрдім. ДАИШ-тің өз үгіттеушілері бар. Соларды тыңдадым. 2009 жылдары оқу мақсатында Дамаск қаласына бардым. Ол жақта бір ғана жыл оқыдым. Арабша толық меңгермегендіктен, Қазақстанға қайттым. Өкінішті болды. 2015 жылдары "Ислам халифаты" жарияланғаннан кейін екі айдан кейін қайта бардым", - дейді Сәбитұлы.

Ол ДАИШ қауіпсіздік амният-қызметінде аудармашы болып жұмыс істеген. Медреседе араб тілі мен исламды радикал түсіндіру бойынша сабақ берген.

Сәбитұлы ұрыс қаруын да қолдана білген, соғыстарға қатысқан. Багузға шабуыл кезінде аяғына жарықшақтар тиіп, жарақат алған.

"Ол жақта Ислам мемлекеті ғана емес, күрдтер де өз мемлекетін жарияламақ болды. Жергілікті халық өздерінің демократиялық мемлекетін құрмақ екен. Кез келген ел соғыспен ғана құрылған деп білдім. Дінді қорғау үшін, сақтау үшін күреседі деп түсіндім", - дейді ол.

Айтуынша, қазақстандықтар сондағы әмірлерден кафали, яғни, әлеуметтік жәрдемақы алып отырған. Ересектерге 50 доллар, балаларға 30 доллар берілген.

"Қару бәріне беріледі. Менде Калашников автоматы болды. Тапанша да берілді. Ал қазір істеген қателігімді басыммен көтеруім керек деп ойлаймын", - дейді Дәурен.  

Ол Сирия солтүстігіндегі күрдтердің қолына тұтқынға түсіп, "Жусан" арнайы операциясы аясында елге оралған. Оған "Ислам мемлекеті" террористік тобының идеясын насихаттады деген айып тағылған.

Оқи отырыңыз:

"Ағам мұнда өлу үшін келдім деді". Сирияға 14 жасында кеткен жігіттің оқиғасы

"Маған өлім жазасын берді". Сирияда әкесі мен ағасынан айырылған жігіттің оқиғасы

"Таныстарым минадан жарылып кетті". ДАИШ құрамында снайпер болған жігіттің оқиғасы

Ағасы әскери базаны өзімен бірге жарып жіберген. Сириядағы соғыста жарақат алған жігіттің оқиғасы

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети