РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
11 марта 2020 | 11:59

45 адам қайтыс болған Қызылағаштағы қайғылы оқиғаға 10 жыл

ПОДЕЛИТЬСЯ

© voxpopuli.kz © voxpopuli.kz

2010 жылы 12 наурызға қараған түні Қызылағаш су қоймасындағы бөгет бұзылып, Қызылағаш ауылын топан су басты. Бұл жайт "Қызылағаш оқиғасы" деп аталды. Ресми мәлімет бойынша, 45 адам қайтыс болған. 10 жыл бұрынғы қайғылы оқиға туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 


2010 жылы 12 наурызға қараған түні Қызылағаш су қоймасындағы бөгет бұзылып, Қызылағаш ауылын топан су басты. Бұл жайт "Қызылағаш оқиғасы" деп аталды. Ресми мәлімет бойынша, 45 адам қайтыс болған. 10 жыл бұрынғы қайғылы оқиға туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Апат болғанға дейінгі ауыл

Қызылағашта шамамен 3,5 мың адам тұрған. Олардың 80 пайызға жуығы - оралмандар. Qazaqstan ұлттық арнасының мәліметінше, апат болғанға дейін сол кездегі Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің облыстық басқармасы бірнеше жыл Қызылағаш су қоймасына қатысты көптеген ескерту жасаған. Су тоспаларын адам күшімен емес, электр қуатымен көтеретін арнайы қондырғы орнатылсын деген бұйрық та берілген.

Алайда су қоймасының қожайындары бұл ескертулерге қатысты нақты іс жасамаған. Тұрғындардың айтуынша, бөгеттің деңгейін көріп, судың артығын ағызып тұрса, мұндай қайғылы оқиға болмас еді. Оның үстіне мемлекеттік маңызы бар бөгеттің жеке адамға беріліп, жекешелендірілгені дұрыс емес болды дейді ауыл тұрғындары.

Су қоймасы 18 минутта барлығын шайып кетті

Бейбіт ауылдың өмірі бір түнде шайқалды. Биіктігі бес метрден асатын суық су үйлердің астан-кестеңін шығарып, жануарлар да, тұрғындар да топан сумен ағып кетті. Ашық дерек көздеріне сүйенсек, су тасқынынан кейін төрт айдың ішінде 460-тан аса үй жаңадан салынып, 30 үй жөнделген. Алайда тұрғындар тез салынған үйлердің сапасына наразы болған. Тіпті, берілуі тиіс жәрдемақының берілмегені айтылған.


© voxpopuli.kz

Қызылағаш су қоймасы 18 минутта өз жолындағының барлығын шайып кеткен. Алматы-Өскемен жолындағы көпір бұзыл, пойыз қозғалысы тоқтатылды. Қызылағашта бұзылмаған тек 122 үй қалған. 

Оқиға қылмыс деп танылды

Ақордада өткен жиында Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарына екі күн ішінде оқиғаны мұқият зерттеп, адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғауды тапсырған болатын. Елбасы су қоймасының жарылуына және адамдардың өліміне жол берген кінәлілер болса, жауапқа тартылуы керегін ескертті. Көп ұзамай Алматы облыстық прокуратурасы Қылмыстық кодекстің "Қызмет бабындағы әрекетсіздік" бабы бойынша іс қозғады.


© voxpopuli.kz

Істің қозғалып, Қызылағаш ауылдық округінің сол кездегі әкімі Есет Жүнісов, су қоймасының басшысы "Шынар" ЖШС директоры Қуаныш Бекеев, су пайдаланушылар арнаулы өндірістік кооперативінің атқарушы директоры Мұхит Жүнісов, Ақсу аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бастығы Күнібек Байзақов және Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Евгений Ениндер тұтқынға алынды. Бұл күн облыс мәслихатының шешімімен "Азалы күн" деп жарияланды.

Қызылағашқа сол жылы 15 наурызда 90-нан аса отбасы қайта келді. Үкімет төтенше жағдайдың салдарын жоюға 600 миллион теңге бөлген болатын. Оның көбі материалдық көмекке, қалған 100 миллионы баспана салуға жұмсалған.  


© voxpopuli.kz

10 жылда Қызылағаш су қоймасы да қалпына келтірілген. Ол жерге шамамен 43 миллион текше метрдей су сияды. Қазірдің өзінде су қоймасына 13 миллион текше метр су жиналған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети