РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
20 апреля 2020 | 11:23

42 500 теңгені заң бойынша дұрыс алса да қайтарған адам қайтадан жәрдемақыны ала ала ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді дұрыс алса да, қайтарып қойған адам қайтадан жәрдемақыны алу мүмкіндігі бар-жоғын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді дұрыс алса да, қайтарып қойған адам қайтадан жәрдемақыны алу мүмкіндігі бар-жоғын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министрдің сөзінше, әлеуметтік төлемді заң бойынша алып, оны қайтарып жіберген адам ол үшін арнайы электрон поштаға жағдайды түсіндіріп, хат жазуы керек. 

"Әлеуметтік төлемді қайтару бойынша, ештеңені қайтармауыңыз керек еді. Әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар адамдардан оны қайтаруды ешкім талап еткен жоқ. Тағы да қайталап айтамын, ешкім оны қайтаруға тиіс емес. Бүгінде жұмыс берушілерге мәжбүрлі ақысыз демалысқа шықпай, тұрақты жұмысы жүріп тұрған, тұрақты жалақы алып жүргендер алса ғана төлемді қайтаруы тиіс. Сондықтан бұл жағдайда 42500@enbek.kz және 42500@gfss.kz электрон пошталарына хат жазыңыз. Сосын біз сіздің жеке өтінішіңіз бойынша талқылап, қайта төлеуді қарастырамыз", - деп түсіндірді министр ОҚК брифингінде. 

42 500 теңге: министр жәрдемақыны қайтаруға қатысты мәселенің нүктесін қойды

Еске салайық, бүгін Біржан Нұрымбетов ОҚК брифингінде 42 500 теңге әлеуметтік төлемге қатысты маңызды сұрақтарға жауап берді. Министр 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны кімдерден талап етілетінін түсіндірді. Оның айтуынша, жұмыс берушілерге мәжбүрлі ақысыз демалысқа шықпай, тұрақты жұмысы жүріп тұрған, тұрақты жалақы алып жүргендер алса, бұл заңбұзушылыққа әкеп соғады. Ол - дұрыс емес. Ақысыз демалысқа жіберілмегендерге сұрау жасалады да, қайтаруды талап етеді кейін.

"Тағы да қайталап айтамын, тек жалдамалы қызметкерлер, ақысыз демалысқа шықпағандарға сұрақ бар. Олар заңсыз алған", - деп түсіндірді Біржан Нұрымбетов ОҚК брифингінде. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети