21 июля 2020 | 18:22

42 500 теңге, "Алакөлдегі анаконда" және оттегі баллоны. Күннің басты жаңалықтары

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 73 мыңнан асты. Оның 610-ы дүниеден өткені белгілі болды. Сондай-ақ, бүгін 42500 теңгені миллионнан аса қазақстандық алғаны хабарланды. Одан бөлек, енді парацетамол науқастарға тегін беру жоспарланып отыр. Tengrinews.kz тілшісі 21 шілдедегі басты жаңалықтарға шолу жасайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 73 мыңнан асты. Оның 610-ы дүниеден өткені белгілі болды. Сондай-ақ, бүгін 42500 теңгені миллионнан аса қазақстандық алғаны хабарланды. Одан бөлек, енді парацетамол науқастарға тегін беру жоспарланып отыр. Tengrinews.kz тілшісі 21 шілдедегі басты жаңалықтарға шолу жасайды.

Коронавирус жұқтырғандар 73 мыңнан асты

Реклама
Реклама

Қазақстанда соңғы бір тәулікте 1630 адамнан коронавирус табылды. Оның ішінде 745 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 248 / 134
Алматы қаласы - 251 / 113
Шымкент қаласы - 27 / 17
Ақмола облысы - 53 / 27
Ақтөбе облысы - 17 / 10
Алматы облысы - 54 / 41
Атырау облысы - 96 / 53
Шығыс Қазақстан облысы - 163 / 92
Жамбыл облысы - 61 / 37
Батыс Қазақстан облысы - 103 / 47
Қарағанды облысы - 168 / 77
Қостанай облысы - 57 / 26
Қызылорда облысы - 119 / 32
Маңғыстау облысы - 54 / 14
Павлодар облысы - 67 / 12
Солтүстік Қазақстан облысы - 72 / 2
Түркістан облысы - 20 / 11.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 73468-ге жетті. Оның 45376-сы аурудан жазылған.

Сондай-ақ, бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болғанын хабарлады.


© Reuters 

Миллионнан аса тұрғын 42500 теңге алды

Қазақстанда бүгінге дейін бір миллионнан аса адам 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем алды.

21 шілде сағат 14.00-дегі жағдай бойынша, биыл шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы - 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1 миллион 567 мың бірегей өтініш қабылданды. Төлем 1 миллион 169 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 миллион қазақстандыққа аударылды.

Төлемақы алған қазақстандықтардың 71 мыңына өтінімді олардың жұмыс берушілері жіберген. Ал жұмыс беруші өтінім беруден бас тартса қайда шағымдану керек? Бұл сұраққа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер жауап берді.

"Жұмыс беруші аталған төлемді тағайындау ережелерінің талаптарын сақтамаған жағдайда, қызметкер жергілікті еңбек инспекциясы органына жүгінуге құқылы", - деді Еңбек министрлігіндегілер.

Парацетамол мен ибупрофен тегін берілуі мүмкін

Қазақстанда ибупрофен мен парацетамолды коронавирусты үй жағдайында емдеуге қосып, тегін тарату жоспарланып отыр. Бұл туралы ОКҚ брифингінде денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты.

"Амбулаторлық-препараттарға қызу түсіретін, парацетамол, ибупрофен мен антикоагулянттар - ривароксабан, апиксабан мен дабигатранды қосу жоспарланған", - дейді вице-министр.


© Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл препараттар науқастар үшін тегін берілетінін хабарлады.

"Олар Медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен өтеледі. Адамдар емханаға жүгінген кезде және тиіс диагноз қойылған кезде беріледі", - деп түсіндірді ол.

Оттегі баллонын үйде қолдануға болмайды

Соңғы күндері Желіде оттегі баллонын қолдан жасап, үйінде қолданып жүрген адамдардың видеосы тарап жатыр. Бірақ денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният қазақстандықтарға оттегі баллонын үйде пайдалануға болмайтынын ескертті.

"Оттегі баллонын үйде қолдануға болмайды. Ол жарылуы мүмкін. Қазір оттегі концентраты деген аппараттар шығып жатыр. Оның 5 литрлік түрі бар. Оны үйде қолдануға болады", - деді денсаулық сақтау министрінің орынбасары.

Сонымен қатар, ол "оттегінің бір баллоны қанша науқасқа жетеді?" деген сауалға жауап берді.

"Дәрігер оттегінің мөлшерін науқастың жасына, салмағына және өкпесінің қаншалықты зақымданғанына ескере отырып береді. Сондықтан бір оттегі баллонының қанша науқасқа жететінін айту мүмкін емес. Ол дәрігерге байланысты", - деді вице-министр ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

"Алакөлдегі анаконда" рас па?

Бүгін желідегілер қызу талқылаған тағы бір видео - "Алакөлдегі анаконда". Желіде "Алакөлдің жанында алып жылан жатыр" деген видео тарады. Бейне авторы оқиға Қазақстанда болғанын айтады.

Видео WhatsАpp-мессенджерінде тараған. Қолданушылар бұл анаконда екенін, ал видеео Алакөлге жақын жерде түсірілгенін айтқан. Оны біреу лақтырып жіберген болуы мүмкін. Видеоны ер адам көлігінде отырып түсірген. 

Ескерту! Видеода бейәдеп лексика бар!

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті видеоға түсініктеме берді. Видео басқа елде түсірілген болып шықты. Бейнеге монтаж арқылы қазақша дауыс қойылған.  

"Видеоға дауыс қойып, монтаж жасаған. Қазақстанда анаконда жоқ. Бұл кезекті қалжың болуы керек", - дейді комитет өкілдері. 

Комитет өкілдері түпнұсқа видеоны ұсынды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от UFC ANIMAL (@ufcanimal) 15 Июн 2020 в 3:26 PDT


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram