Елімізде Социалистік Еңбек Ерлері мен үшінші дәрежелі Еңбек Даңқы ордені иегерлеріне төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері өсуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елімізде Социалистік Еңбек Ерлері мен үшінші дәрежелі Еңбек Даңқы ордені иегерлеріне төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері өсуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысында "Ардагерлер туралы" заң жобасы талқыға салынды.
"Аталған заң жобасы Отан алдындағы әскери әрі азаматтық борышын атқарған Қазақстан ардагерлері мен азаматтарының құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғау саласындағы мәселелерді реттеуге бағытталған. Осы заң жобасы ардагерлердің 5 әлеуметтік қорғалатын санаты мәртебесін белгілеуді көздейді", - дейді мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова.
Оның айтуынша, заң жобасында соғыс ардагерлерінің және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген тұлғалардың мәртебесін белгілеу ұсынылған.
Сонымен қатар, басқа мемлекеттердің аумағында жауынгерлік іс атқарған аргерлерді, Қазақстанның бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындаған әскери қызметшілерді оларға жатқыза отырып, жеке санатына бөлу ұсынылады.
Осы орайда депутат заң жобасында ардагерлер үшін әлеуметтік қолдаудың бірқатар шараларын белгілеу қарастырылғанын айтты.
"Осылайша, құжатта Социалистік Еңбек Ерлеріне және үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне 138,6 АЕК-ке (367 428 теңге, 1 АЕК - 2651 теңге) дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін арттыру көзделген. Сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағында соғыс қимылдарының ардагерлеріне 6,19 АЕК (16 409 теңге) мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы белгілеу ұсынылады", - деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Комитет заң жобасы бойынша қорытындыны 2020 жылдың 24 маусымына дейін ұсынбақ.