Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев карантин кезінде еліміздегі еріктілердің қалай жұмыс істеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев карантин кезінде еліміздегі еріктілердің қалай жұмыс істеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство басшысы күрделі кезеңде аса маңызды жұмыс атқарып жатқан еріктілердің еңбегін атап өтті.
"Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында олар 1 мыңға жуық көмек акциясын өткізіп, 30 мың адамға жәрдем берді, 8 мың отбасына азық-түлік апарды. Еріктілер осы қалада мұқтаж адамдарға 200 мыңға жуық бетперде таратты", - деді министр онлайн-брифингте.
Осыған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі қазақстандықтарды сабырға шақырып, тұрғындарға тиісті көмек берілетінін жеткізген еді.
Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 372-ге жетті. 26 адам індеттен жазылды, 3 науқас қайтыс болды.