ПОДЕЛИТЬСЯ
22 июня 2021 | 11:23
22 жыл бұрын жабылған кәсіпорын жұмысшылары ақшасын ала алмай жүр
Жамбыл облысында 22 жыл бұрын жабылған кәсіпорынның жұмысшылары өзіне тиесілі өтемақыны ала алмай жүр. Олар енді облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтан көмек сұрап отыр. Бұл туралы Instagram желісіндегі Aibat ақпарат қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жамбыл облысында 22 жыл бұрын жабылған кәсіпорынның жұмысшылары өзіне тиесілі өтемақыны ала алмай жүр. Олар енді облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтан көмек сұрап отыр. Бұл туралы Instagram желісіндегі Aibat ақпарат қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жұмысшылардың айтуынша, "Қаратау" фосфор зауыты 1999 жылы банкрот болған. Бірақ өндірістік жарақат алған қызметкерлеріне бүгінге дейін тиісті өтемақысын бермеген. Өндірісте мүгедек болып қалған 204 адамның бүгінде 34-і ғана қалыпты.
Жоба журналисінің мәліметінше, жұмысшылар Бердікбек Сапарбаевты іздеп, әкімдік алдына барған.
"Бізге мемлекет сол 1999 жылы есептелген жалақымен төлей салмақ ойы бар. Біз оған көнбейміз, бізге өсіммен төлесін. Бізге 42 500 теңгеден төмен төленбесін", - дейді Тараз тұрғыны Бауыржан Қыдырбек.
"Ол кездегі ең төменгі айлық 2 440 теңге болатын, қазір 42 500. 1999 жылғы ақшаны алсақ, 30 адамға көп болса 75 миллион қарыз. Ал енді өсіммен алсақ, ол миллиардтан асады. Соны енді біреуі мойнына алғысы келмейді", - дейді тағы бір тұрғын Жақсылық Айымбетов.
Жоба мәліметінше, осы уақытқа дейін соттың барлық сатысы өткен. Жабылған кәсіпорын өндірістен қалған қалдықтарды құрылысқа пайдаланасыңдар деп өтемақы орнына бермек болыпты. Кәсіпорын қалдықтарын 340 миллион теңгеге бағалаған. Бірақ жұмысшылар қалдықты алудан бас тартқан.
"Бұл азаматтар 87 миллион теңгені алудан бас тартып отыр, яғни индексация жасауды сұрап отыр. ҚР заңнамасына сәйкес 22 жыл бұрынғы Үкімет тарапынан ала алмаған қаражатты алу үшін индексация жасау біздің заңда жоқ нәрсе", - дейді Жамбыл облыстық Еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Ернар Есіркепов.
Показать комментарии
Читайте также