РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
07 августа 2020 | 15:27

"2,1 миллион адамға тегін беріледі" - коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Дүние жүзінде коронавирусқа қарсы 200-ден аса вакцина әзірленіп жатыр. Бүгін оның алтауы клиникалық сынақтың озық кезеңінде тұрғаны белгілі болды. Қазақстандық ғалымдар да отандық вакцинаны әзірлеумен белсенді айналысып жатыр. Еліміздегі мамандар дайындап жатқан вакцина алдағы таңда 2,1 миллионнан аса адамға тегін беріледі. Жалпы отандық вакцина туралы бүгінге дейін не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.  


Дүние жүзінде коронавирусқа қарсы 200-ден аса вакцина әзірленіп жатыр. Бүгін оның алтауы клиникалық сынақтың озық кезеңінде тұрғаны белгілі болды. Қазақстандық ғалымдар да отандық вакцинаны әзірлеумен белсенді айналысып жатыр. Еліміздегі мамандар дайындап жатқан вакцина алдағы таңда 2,1 миллионнан аса адамға тегін беріледі. Жалпы отандық вакцина туралы бүгінге дейін не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.  

Қазақстандық вакцина туралы не белгілі?

Алғаш қазақстандық вакцина туралы сөз наурызда қозғала бастаған болатын. Елімізде COVID-19-ға қарсы вакцинаны Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты мен Ұлттық биотехнология орталығы әзірлеп жатқаны белгілі болды. Аталған институттың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен денсаулық сақтау саласында қауіпті инфекцияларға вакцина әзірлеу бойынша келісім шарты бар.

Сол кездері ғылыми-зерттеу жанындағы оқу-білім беру орталығының директоры Хайрулла Әбеуов отандық вакцинаны әзірлеуге шамамен бір жыл қажет деп есептейтінін айтқан. Артынша Денсаулық сақтау минстрлігі "Дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының" бас директоры Арнұр Нұртаев Қазақстанда вакцинаның дайын болуына үш жыл қажет екенін мәлімдеді.

"Вакцинаны әзірлеу ұзақ уақыт алады. Яғни, оны әзірлеп, тәжірибеден өткізуге үш жылдай кетеді. Қазіргі сәтте жұмыстар басталып кетті. (...) Біздің болжамымыз бойынша, үш жыл тек жұмыстардың аяқталуы мен тәжірибеге кетеді", - деген еді Арнұр Нұртаев. 

© Reuters

Сөйтіп, 18 мамырда Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізу басталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық ғалымдардың әзірлемесін тіркеуге алып, клиникаға дейінгі сынақтан өткізуге рұқсат берілген кандидаттық вакциналардың тізіміне қосып, өз сайтында жариялады. Вакцина Қазақстан аумағында қауіпті індетпен ауырған адамдардан бөлінген вирус штаммының негізінде жасалды. Осылайша, Қазақстан ресми түрде COVID-19 вирусына қарсы инактивтендірілген вакцинаны әзірлеуші елдер қатарына енді.

Содан кейін вакцинаны зертхана жағдайында жануарларға: тышқандар, сириялық хомяктар, егеуқұйрықтар, гвинея шошқалары, паромдар, қояндар және басқаларына клиникаға дейінгі сынақтар жүргізу басталды. Мамандар коронавирусқа қарсы отандық вакцина алдымен жануарлардан сыналатынын, сосын адамдарға сынала бастайтынын айтқан болатын. Егер қосымша қаржы бөлінсе, сынаққа қатысатын адамдарға ақша төленеді.

Отандық вакцинаны алғаш салдырған адам

1 тамызда елімізде коронавирусқа қарсы алғашқы екпе салынды. Ол Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығында салынды. Вакцина салынған алғашқы қазақстандық - аталған орталық директоры Қайсар Табынов. Препаратқа COVAX-19 атауы берілген. Аустралияда жасалған вакцина клиникалық сынаманың бірінші фазасынан өткен.  

Қайсар Табынов денсаулығын скринингтен өткізгеннен кейін және дәрігердің қарауынан өткеннен кейін COVAX-19 вакцинасын салдырған. Бүгінде ол өзін жақсы сезінетінін, елеулі жағымсыз құбылыстар анықталмағанын айтады.  

© Reuters

Қыркүйекте қазақстандық вакцина адамдарға сынала бастайды

Бұл туралы 4 тамызда ветеринария ғылымдарының докторы және коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші Лесбек Күтімбетов мәлімдеді.

Маман әзірленген вакциналар бірнеше түрге бөлінетінін айтты: белсенді емес вакцина, қосалқы вакцина, екі векторлы вакцина, тірі вакцина.

"Әлемде бірде-бір кәсіпорын бір жерде вакцинаның бірнеше түрін дайындамайды. Біздің институтта өте жақсы мамандар жиналды. Ең сәтті шыққаны - белсенді емес вакцина. Дәл осындай вакцина Қытайда дайындалады, олар бірнеше ай бұрын қолданысқа ене бастады, бізді кесте бойынша озып кетті", - деді ғалым.

Лесбек Күтімбетовтің сөзінше, қазір тек белсенді емес вакцина дайын, қалғандары бойынша жұмыс әлі жасалып жатыр. Маман белсенді емес вакцина клиникаға дейінгі тәжірибеден өтіп жатқанын айтты. Жануарларға жүргізілген зертханалық сынақтар сәтті өтті. Қазір зерттеуден маймылдар тәжірибеден өтіп жатыр. Онымен қоса, вакцина Алматыдағы сараптама орталығында тексеріледі.

Қазақстандық вакцина сұйық, түссіз, арасында кішкентай ақ тұнба бар, ол вакцинаның құрамындағы иммуностимулятор. Вакцина зиянды емес, иықтағы бұлшықетке 0,5 миллилитр көлемінде шприцпен салынады. Маман вакцинаны өзіне де салдырғанын, ешқандай кері әсер болмағанын айтады.


© elements.envato.com 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметовтің сөзінше, келешекте әрбір оныншы қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін ала алады. Қазақстанда адын ала есеп бойынша, 2 182 000 адамға вакцина тегін беріледі. Бұл - жалпы халық санының 11,5 пайызын қамтиды. Бұл тізімге жасы 65-тен асқан, ұзақ уақыттан бері түрлі дертпен ауыратын азаматтарды және медицина қызметкерлерін де кіреді. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тегін екпе алатын халықтың санын 20 пайызға дейін ұлғайтуды және олардың санына созылмалы аурулармен тіркелген балалар мен ересектерді, балалар мен жабық мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлерді және басқа да санаттағы азаматтарды қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Ал денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова қант диабеті, қан қысымы жоғары, жүректің игемиялық ауруы сияқты диагнозы бар адамдарға коронавирустың қаупі жоғары және пневмония асқынып кетуі мүмкін екенін, сондықтан ең алдымен науқастардың осы тобына екпе салынатынын айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети