РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
04 октября 2018 | 15:08

20 жастағы астаналық қыз төрт жылдан бері комада жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық Ләззат Абзулдинова өз қызының 4 жылдан бері комада жатқанын айтып, көмек сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қызының мүшкіл жағдайы жайлы қайғыдан қан жұтқан ана Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында айтып берді. 


Астаналық Ләззат Абзулдинова өз қызының 4 жылдан бері комада жатқанын айтып, көмек сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қызының мүшкіл жағдайы жайлы қайғыдан қан жұтқан ана Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында айтып берді. 

Оның айтуынша, 2015 жылдың 10 қаңтарында 20 жастағы қызы Дариға Ерболатова сол жақ жамбасының ауырып, іші кеуіп, лоқсып, әлсіреп кеткендіктен ауруханаға жеткізілген. Ол уақытта қызы M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-дің үшінші курсында оқып жүрген. Панкреатиттен қауіп бар деп ауруханаға жатқызылған Дариғаның келесі күні түске қарай жүрегі тоқтап, комаға түскен. Дәрігерлер оған "Жаппай асқынған майлы панкреонекроз", "мидың ісінуі" деген диагноз қойылған. 


Дариға әлі күнге ес-түссіз жатыр

Осыдан кейін науқас 2 ай комада жатып, анасының айтуынша, үй жағдайында ем қабылдауға берілген. Осыдан бері Дариға әлі ес-түссіз жатыр. 

Анасы Ләззат қызы оянады деп сеніп, міз бақпастан әлі күнге бақылап отыр. Күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылған ана бауыр еті баласының көзін ашып, өз аяғына тұрып кетеді деп үміттенеді.

"Әрине, мұндайды ешкімнің де басына бермесін деп тілеймін. Күтімі - өте қиын. Арнайы аппарат болмаса да, құрылғы арқылы мойнымен тыныс алады. Тамақтандырудың әдісін де өзіміз үйрендік. Дәрігерлер 2 айдан кейін шығарған кезде де бірде-бір кеңес берген жоқ. Науқастардың он жылдап комада жатып, кейін оянғаны туралы интернеттен оқыдым. Кім біледі, менің де қызым бір күні оянып қалар. Мүмкін, бүгін оянатын шығар. Қазір бізге материалдық көмек қажет, көмектесе алатын қайырымды жандар болса +7 777 674 2801 нөміріне хабарласуды сұраймын", - дейді анасы көзіне жас алып.

Студияға қонаққа келген заңгер Бақберген Алданазар кез келген мәселеде заңгерлердің, адвокаттардың кеңесіне жүгінген жөн дейді.

"Елді дүрліктірудің, уақытын өткізіп алып, өзгелерді кінәлаудың қажеті жоқ. "Болар іске - болаттай" демекші, басқа түскен қиын жағдайда уайымға салынбай және білмейтін істі сол күйі қалдырып, оған немқұрайлы қарамай, мамандармен ақылдасып алған абзал. Мысалы, комада бірнеше жылдан бері жатқан 24 жастағы Дариғаның жағдайына қарап қатты таңқалдым. Содан бері қаншама моральдық, материалдық шығын шықты. Оның бәрі есептелу керек қой. Енді ғана мән беріп жатырмыз дейді. Қазір - тым кеш. Ең басында-ақ заңгерлердің кеңесіне жүгіну керек еді. Сонда ғана пациенттің жағдайы бүгінгідей болмас па еді деп ойлаймын. Өйткені, дәрігер де, одан кейін бірінен кейін бірі істі қараған тергеушілер де салғырт қараған, Дариғаның анасы да мән бермеген", - дейді ол.

Заңгердің айтуынша, дәрігерлердің жұмысына, науқастың тағдырына бей-жай қарауына қатысты Қылмыстық кодексте арнайы бап та бар. Тек олардың кінәсін дәлелдеу үшін тергеу жүйелі түрде жүруі тиіс.

"Өз ісіне жауапкершілікпен қарамаудың нәтижесі жап-жас қыздың комаға түсуіне әкеліп соқты. Дәрігерлер Дариғаны 2 айдан кейін ауруханадан шығарып жіберген. Бұл - анықтайтын дүние. Себебі, не үшін десек, анасы білмеймін дейді. Мінеки, білместіктің кесірі өмірі енді ғана басталған қызды төсекке таңды да қойды. Біздің тәжірибемізде өзінің құқығын білмегендіктен 15 жылға сотталып кеткен жігіт те кездескен. Мұны не үшін айтып отырмын? Әркім өзінің құқығын біліп, басына іс түскен жағдайда өзі үшін жүгіруі керек. Ешкім сенің басыңдағы қайғыға уақыт бөліп, мәселең үшін жанын салып жүгірмейді", - дейді заңгер.


Дариға Ерболатова

Сонымен қатар, Астана қаласы бойынша сот сараптама орталығының маманы Келген Макашев төрт жыл бұрынғы жағдайға қатысты пікір айту қиын екендігін алға тартты.

"Меніңше, пациенттің анасы баласының жағдайына уайымдап, көп іске өзі жүгірмеген сияқты. Әйтпесе, бұл мәселеге қатысты бір емес үш тергеуші жүгіріп бір нәтиже шығармады дегенге сену қиын. Өйткені, бұл мәселе телефон арқылы шешілмейді. Міндетті түрде кабинет тоздырып, ресми хат арқылы экспертиза жасауға болады", - дейді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети