Оқу жылының басынан бері 250 оқушының коронавирус жұқтырғаны расталды. Оның ішінде кезекші топқа баратын 105 оқушы бар. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оқу жылының басынан бері 250 оқушының коронавирус жұқтырғаны расталды. Оның ішінде кезекші топқа баратын 105 оқушы бар. Олармен 1 426 адам байланыста болған және олардың 19-ына коронавирус жұққан. Ал қашықтан оқитын 145 баланың COVID-19 жұқтырғаны расталды. 348 адаммен байланыс жасаған және 22 адамға КВИ жұқтырған", - деді ол.
Сонымен қатар, комитет төрағасының айтуынша, эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жасағанда кейінгі аптада өткен аптамен салыстырғанда елімізде коронавирус жағдайы 1,2 есе артқаны анықталған. 12 өңірде өсім бар.
Еске салайық, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 109 766-ға жетті. Сондай-ақ 10 5301 науқас аурудан айықты, 1 796 адам қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!