13 августа 2020 | 19:14

17 тамыздан бастап қандай орындар ашылады? Күннің басты жаңалықтары

Желіде Алматы облыстық бас санитар дәрігері түсірілген видео қызу талқыланып жатыр. Бүгін Ерғали Сыдыманов осы видеоға қатысты түсінік берді. Сондай-ақ, Тимуржан Нұрымбетовтің қамаудағы мерзімі жылдың соңына дейін ұзарды. Tengrinews.kz тілшісі 13 тамыздағы басты жаңалықтарға шолу жасайды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Алматы облыстық бас санитар дәрігері түсірілген видео қызу талқыланып жатыр. Бүгін Ерғали Сыдыманов осы видеоға қатысты түсінік берді. Сондай-ақ, Тимуржан Нұрымбетовтің қамаудағы мерзімі жылдың соңына дейін ұзарды. Tengrinews.kz тілшісі 13 тамыздағы басты жаңалықтарға шолу жасайды. 

Коронавирус жұқтырғандар саны артты

Реклама
Реклама

Қазақстанда өткен тәулікте 517 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 239 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 38 / 12
Алматы қаласы - 52 / 23
Шымкент қаласы - 10 / 7
Ақмола облысы - 32 / 14
Ақтөбе облысы - 10 / 6
Алматы облысы - 21 / 20
Атырау облысы - 20 / 19
Шығыс Қазақстан облысы - 85 / 25
Жамбыл облысы - 19 / 8
Батыс Қазақстан облысы - 39 / 23
Қарағанды облысы - 56 / 13
Қостанай облысы - 27 / 9
Қызылорда облысы - 4 / 1
Маңғыстау облысы - 21 / 20
Павлодар облысы - 19 / 6
Солтүстік Қазақстан облысы - 33 / 7
Түркістан облысы - 31 / 26

Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 101 372-ге жетті. Оның ішінде 76756 адам аурудан айықса, 1335 науқас қайтыс болған. 

Ал коронавирус белгісі бар пневмония 15 732 адамнан табылған, оның 188-і көз жұмған. 


© Тұрар Қазанғапов 

Карантин қалай жеңілдетіледі?

Сондай-ақ, 17 тамыздан бастап елде карантин шаралары жеңілдейтіні белгілі болды. 

Мемлекеттік комиссия өңірлердің әкімдерінің ұсыныстарын, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен басқа да ведомстволардың ұстанымын ескере отырып, Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын бекітті және бірқатар шешім қабылдады.

17 тамыздан бастап Қазақстанда сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар (толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш. м) ашылады. Сонымен қатар, бассейні жоқ фитнес орталықтары (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 5 ш.м.), бассейні жоқ моншалар мен сауналар (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш.м.) жұмысын қайта бастайды. 

Бірақ әлі де ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, сонымен қатар үйде өткізуге тыйым салынады. Барлар, түнгі және ойын клубтары, караоке, фудкорттар, кинотеатрлар және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындар ашылмайды. 

17 тамыздан бастап карантин қалай жеңілдетіледі?

Тағайындалған күні жанжал шықты

Кешелі бері Желіде Алматы облысының бас санитар дәрігері болып жаңадан тағайындалған Ерғали Сыдыманов түсірілген видео тарап жатыр. Онда Сыдымановтың кәсіпкерлермен дөрекі сөйлескені көрсетілген.

Бүгін Ерғали Сыдыманов әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсінік берді.

Оның айтуынша, бұл оқиға 12 тамызда болған. Сауда үйінің сатушылары облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне алдына жиналған. Олар Ерғали Сыдымановтан азық-түлік сатпайтын дүкендердің жұмыс істеуіне рұқсат беруін сұраған. Себебі, өңірде 3 тамыздан бастап, мұндай дүкендердің жұмыс істеуіне тыйым салыныпты.

"Мұны естіген соң, мен көшеге шықтым. Мен кәсіпкерлерле облыстағы эпидемиологиялық жағдайды және олардың жұмысы неге тоқтағанын түсіндірдім. Әңгіме көлік бөлшектерін сататын дүкендердің жұмыс істеуіне рұқсат беру туралы болды. Олар 2 тамызда №23 қаулы бойынша жабылды. Біз барлық базарды жайдан-жай аша алмаймыз. Біздің басты мақсатымыз - коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу",- дейді Ерғали Сыдыманов.


Видео кадрынан 

Оның пікірінше, желідегі видеоға монтаж жасалған.

"Маған белгісіз себептерге байланысты видеоға монтаж жасалған. Әңгіменің мазмұны өзгерген. Кейбір сөздер сүйектен өткен шығар, бірақ мен кәсіпкерлерге олардың жұмысы уақытша неге тоқтағанын түсіндіруге тырыстым. Видеода болған оқиғаның жағымды жағы көрсетілмеген. Кәсіпкерлермен жақсы сөйлестік. Нәтижесінде олар карантиннің аяқталуын күтетін болды. Бірақ бұл сәт видеода жоқ", - деді Алматы облысының бас санитар дәрігері.

Жаңа сенаторлар кім?

Кеше елімізде Сенат сайлауы өткен болатын. Бүгін соның қорытындысы жарияланды.

ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы баяндама жасады.

"3069 таңдаушының 2889-ы немесе таңдаушылардың жалпы санының 94,1 пайызы дауыс беруге қатысты. Сайлау бюллетеньдерінің жалпы санынан 15 сайлау бюллетені жарамсыз деп танылды", - деді Константин Петров.

Нәтижесінде еліміздің 14 облысы мен үш ірі қаласынан 17 сенатор сайланды. Сайланған сенаторлар туралы мына сілтемеден оқи аласыздар.

ҚР ОСК Төрағасы Берік Имашев бұл сайлау науқанының ерекшелігі әйелдердің саяси белсенділігінің артуы болып табылатынын атап өтті. Яғни, сайланған 17 депутаттың 5-і әйелдер, бұл - 29,4 пайыз.

Ортсайлауком хатшысы Сәбила Мұстафина бұның алдында Парламент Сенатының депутаттығына әрбір кандидатқа республикалық бюджеттен сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін қаржы қаражаты көзделгенін хабарлады. Алайда, өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл қаражат толық пайдаланылмады. Осыған байланысты игерілмеген қаражат бюджетке қайтарылады.

Нұрымбетовтің қамаудағы мерзімі ұзарды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетовтің қамаудағы мерзімі жылдың соңына дейін ұзарды.

Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Тимур Нұрымбетовке қатысты іс сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің 366 және 128-бабы бойынша жолданды.

Нұрымбетовтен басқа бұл іс бойынша сот алдына тағы 5 адам келді.

Осылайша Тимур Нұрымбетов 2020 жылдың 15 желтоқсанына дейін үй қамауында болады.

Осы іс бойынша басты сот отырысы 2020 жылдың 30 шілдеде өткен болатын. Кезекті сот отырысы 17 тамызға белгіленді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram