РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
02 сентября 2020 | 09:52

100 мың азаматқа баспаналы болуға көмек көрсетіледі

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 100 мың қазақстандыққа баспаналы болуға көмек берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 100 мың қазақстандыққа баспаналы болуға көмек берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында министр Президент жолдауындағы тапсырмалар қалай орындалатынын түсіндірді. Ол үй кезегінде тұрғандардың мәселесі қалай шешілетініне тоқталды.

"Үй кезегінде тұрған азаматтардың баспана мәселесін тезірек шешу үшін "Нұрлы жер" бағдарламасында жеке тұрғын үй қорынан жалдау ақысын субсидиялау тетігін қарастыру ұсынылады. Бұл үшін "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй құрылысына қарастырылған қаражатты қайта бағыттау ұсыналады. Шамамен 100 мың азаматқа қолдау көрсетіледі. Аталған тетік "Отбасы" банкі арқылы жүзеге асырылады", - деді Атамқұлов.

Тоқаев тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырды

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялаған еді.

Президент пандемияны жеңу үшін 2 жыл керегін, еліміздегі өңдеу өнеркәсібі саласын дамытуды, шенеуніктер санын қысқартуды, жер шетелдіктерге сатылмайтынын, жауапсыз несие беруді тоқтату керегін, мұғалімдердің жалақысы өсетінін, бала таба алмай жүрген отбасыларға көмек қалай көрсетілетінін, жемқорлықпен күрес қалай жүргізілетінін айтқан болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети