РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
06 августа 2018 | 15:20

1 қыркүйек: Баланы мектепке дайындауға қанша ақша керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Дана Құтбанбаева Фото: Дана Құтбанбаева

1 қыркүйек те таяп, оқу құрал-жабдықтарын да жинақтайтын кез келді. Біз ата-ананың өз бала-шағасына мектеп формасы мен кеңсе тауарларын алуы үшін әмиянында қанша ақша болуы керек, нені, қайдан, қаншадан алуға болатынын құлаққағыс етуді ұйғардық. Tengrinews.kz тілшісі жаңа оқу жылына қанша ақша кетеді деген дәстүрлі есебін жүргізді.


1 қыркүйек те таяп, оқу құрал-жабдықтарын да жинақтайтын кез келді. Біз ата-ананың өз бала-шағасына мектеп формасы мен кеңсе тауарларын алуы үшін әмиянында қанша ақша болуы керек, нені, қайдан, қаншадан алуға болатынын құлаққағыс етуді ұйғардық. Tengrinews.kz тілшісі жаңа оқу жылына қанша ақша кетеді деген дәстүрлі есебін жүргізді.

Ұл балаға арналған негізгі тізім

1. Үш бөліктен тұратын мектеп формасы. Салтанатты шараларға арналған "бабочканы" қоса санағанда, мектеп формасы барахолка сауда орталығында 9000 мың теңгеден басталса, сапалы қала дүкендерінде 15 000 мыңнан 27 мың теңгеге дейін жетеді. Бірақ бұл тізімнің ішінен мектепке енді қадам басқалы жатқан балаға жилет сатып алу міндетті емес. Ол 2300 теңге тұрады.

Мектеп таңдауыңызға байланысты, бірдей үлгідегі форманы талап етуі мүмкін. Таңдаған мектебіңіз талап қояр болса, онда сіз үш бөліктен тұратын формадан бөлек, жилетті алуыңызға тура келеді. Мектеп әкімшілігінде бірыңғай форманың түсі мен реңкі қандай болатынын міндетті түрде хабардар етуі керек. Жилетті тіктіретін болсаңыз матаның бір метріне 630 теңге, синтетикасыз мата 1700 теңгеден басталады. Ал тігіншілер жұмысы үшін 2000-5000 теңге аясында сұрайды.

2. Ұл бала болғандықтан ақ жейде мен көк жейденің 3-4 данасын бірден алып қойған абзал. Бірі қысқа жеңді, екіншісі қыс мезігіліне таман ұзын жеңді. Көк базарда сапалы, матасы ескіріп кетпейтіндер 3600 теңге тұрса, арзан жерден 2500 теңге шамасында табуға болады.

3. Мектеп партасында отырғанымыз бәрінің есінде шығар. Оқу ортасында шалбарымыз жыртылып, жылтырай бастағанында жаңасын алу үшін қайта дүкенге барамыз. Бұл жайт қайталанбауы үшін шалбардың екі жұбын алып қойсаңыз артық етпейді. Олар орталық көк базарда 5000 мың мен 9700 теңге аралығында бар.

4. Ақ қиім, туфли. Баланың аяғында жағымсыз иісін шығармайтын, таза былғары аяқ киім 7500 теңгеден 15 000 мыңға дейін барса, Қытай өндірісінің аяқ киімдері үшін 3500-5000 теңге сұрайды.

5. Дене шынықтыруға арналған форма. Ыстық күні киетін қысқа жеңді футболка мен шорты 4500 теңге, түгелдей форма қылып алсаңыз 6500 теңге. Ал суық күнде киетін, ұзын жеңді мен жаттығуға арналған спорттық форма 7000 мың теңгеден 9600 теңгеге дейінгі аралықта.

6. Кроссовка. Егер сіз брендті тауарға құмар болсаңыз, онда 5000 мыңнан 10 000 мың теңгеге дейінгі ақшаны жұмсайсыз. Ал спортқа арналған туфлилер 3500-4000 мың теңгеге шығады.

7. Шұлық. "Бала, бала ісі шала" демекші әсіресе ұл балалар шұлығын күн сайын жыртып, кір жұқтырып келеді.  Шұлықтарын жұптап алсаңыз 2100 теңгеге шықса, біреуі 650 теңге тұрады. Енді есептен көрелік, бір талдап алған 4 жұптық шұлық 2600 теңге болса, жұптап алған тиімдірек екенін аңғарамыз.

Орташа есеппен ұл баланы киіндіруге жұмсалатын қаражат - 51 000 мың теңге.

Қыз балаға арналған негізгі тізім

1. Қыз баланың басынан, яғни ақ бантигінен бастасақ жұбы - 250 теңге.

2. Блузка немесе ақ жейде. Сапалы, тез тозып кетпейтін, денеге жағымды материалды жейде 5000 мыңнан 7000-ға дейін. Қытай өнімінен шыққан тауар 3500-4000 мың теңге.

3. Белдемше. Ең арзаны 2000 мыңнан 7000 мыңға дейін, брендті тауар сататындарда 7000 мыңнан 11 000 мыңға дейін.

Белдемшемен қатар, қызыңызға сарафан кигіземін десеңіз Көк базарда оның бағасы 6000 мың теңге.

4. Тағы да егер мектеп талабына қарай бірыңғай форма болса, жилет дәл ұл баланыкіндей 2300 теңге тұрады. 

5. Туфлидің ең арзаны 3500, түркиялық - 7500 теңге. Оған дене шынықтыруға арналған аяқ киімді қоссаңыз 6500 мың теңге болады. Қоса есептесек 12 500 теңге.

6. Дене шынықтыруға арналған форма. Орталық базарда бағасы дәл ұл баланыкіндей.

7. Ақ түсті шұлық пен колготки 650 ден 1000 теңгеге дейін.

Орташа есеппен қыз баланы киіндіруге жұмсайтын қаражатыңыз - 57 000 мың теңге.

Кеңсе тауарлары орталық көк базарда

Қалам - 35 теңге
12 беттік дәптер: алған кеңсе тауарыңыз 5000 теңгеден асса 30 дәптер тегін беріледі
Сурет салуға арналған альбом: 180-300 теңге
Циркуль құрал-сайманы: 590 теңге
Сызғыш, қарындаш жиынтығы: 495 теңге
Пенал: 750 теңгеден 1785 теңгеге дейін барады
Сөмке: ең арзаны 4250 теңге, ең қымбаты 11 000 мың теңге

Күнделік: барлық жерде 400 теңге
Желім - 80 теңге
Қайшы - 350 теңге
Сызғыш - ең кіші 15 сантиметрі ағаштан жасалған 100 теңге, пластигі 200 теңге
Фломастерлер жиынтығы - 12 түс - 200 теңгеден 1200 теңгеге дейін.
Кітап қаптауға арналған тыс, әдетте 20 данадан тұратын жиынтықпен сатылады - жұмсақ мөлдір түстісі 190 теңге, мықты гельді түрі 10 данасы - 395 теңге.
Дәптер қабы - жұқа 20 данасы 200 теңге, гель түрі 10 данасы - 420 теңге.


Суреттерді түсірген Дана Құтбанбаева

Түрлі-түсті картон: 10 парағы - 400 теңге
Ақ картон, 8 парағы - 350 теңге
Еңбек сабағына арналған папка - 700 теңгеден басталады
Аяқ киімге арналған сөмке - 1100 теңге
Қарындаш: 50 теңге
Ұштағыш: 80-250 теңге
Өшіргіш - 45 теңгеден 200 теңгеге дейін.

Қорытынды. Сонымен, ұл бала мен қыз баланы киіндірудің құнында айырмашылық бар болып шықты. Оған сәйкес, ұл балаға 51 мың теңге, ал қыз балаға 57 мың теңге шығындайсыз. Мұның қала базарларындағы орташа баға деп ұққанымыз жөн. Бұған енді кеңсе тауарларының құнын, яғни 14 мың теңгені қосар болсақ, ұл балаға 65 мың теңге, ал қыз балаға, 71 мың теңге шығындауыңызға тура келеді. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети