ПОДЕЛИТЬСЯ
14 июня 2019 | 17:29
Қазақ тілді блогерлерді кім оқып жүр
Бүгін - Халықаралық блогер күні. Бұл айтулы күнді 2004 жылы бірнеше мемлекеттен жиналған блогерлер қосылып, дәл осы күнді блогер күні деп жариялауды ұсынған екен. Яғни олар күнтізбеге блогер күнін белгіледі. Елімізде бірнеше мыңдаған оқырмандары бар қазақ тілінде жазатын блогерлер де бар.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін - Халықаралық блогер күні. Бұл айтулы күнді 2004 жылы бірнеше мемлекеттен жиналған блогерлер қосылып, дәл осы күнді блогер күні деп жариялауды ұсынған екен. Яғни олар күнтізбеге блогер күнін белгіледі. Елімізде бірнеше мыңдаған оқырмандары бар қазақ тілінде жазатын блогерлер де бар.
Tengrinews.kz тілшісі елімізде оқырманы ең көп блогерлермен әңгімелесіп, оларға жазылған оқырмандарының контингентін анықтап көрді.
Өркен Кенжебекжурналист, блогер
Өркен Кенжебек еліміздегі ең танымал және оқырманы көп блогердің бірден-бірі. Қазіргі уақытта Facebook желісіндегі парақшасында 11 мыңнан аса, ал Instagram желісінде 83 мыңнан аса оқырманы бар. Ол жазбаларында түрлі сала бойынша пікір жазады. Саясаттан бастап тарихқа дейін ойын айтады. Елде болып жатқан іс-шаралар туралы да өз пікірлерін білдірген. Мемлекеттер арасындағы айырмашылыққа да пікір айтқан. Сондай-ақ, Өркен күнделікті өмірде айтулы деген мәселелер жөнінде де жазбалар жариялайды.
Өркен Кенжебек оқырмандарының басым көпшілігі 25-34 жас аралығындағы адамдар екенін айтты. Олардың көпшілігі Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақтөбе тұрғындары. Ал осы оқырмандардың басым көпшілігі ер адамдар дейді блогер.
Сонымен қатар Өркен қазіргі кезде блогердің атақаратын рөлін былай деп сипаттайды:
"Блоггер - осы қоғам айтқысы, көргісі, білгісі келіп тұрған дүниені сыртқа шығаратын өткізгіш. Болды. басқа анықтамасы жоқ".
Тимур БектұрИнтернет-маркетолог
Тимур Бектұрдың қазіргі уақытта Instagram желісінде 27 мың оқырманы бар. Ол өз жарияланымдарында IT-технология және оның маңызы, тарих, дін сияқты мәселелерді қозғайды. Сондай-ақ, басынан өткен қызықты оқиғаларды әңгімелеп, оқырмандарына жеткізеді. Тимур сонымен қатар YouTube желісіндегі арнасын жүргізеді.
Ол Facebooke-те тұрақты отырмайтынын айтты. Тұрақты түрде тек Instagram-ды қолданады екен. Оған қоса блогер Telegram арнасында техникалық және түрлі саладағы жаңалықтарын жазады.
Тимурдың айтуынша, Instagram желісінде оның оқырмандарының көбі 25-34 жас аралығындағы адамдар. Оған қоса 18-24 жас аралығындағы да оқырмандары бар. Ал аймақтар арасында Тимурдың ең көп оқырмандары Алматыда, кейін Нұр-Сұлтан, Ақтау және Шымкент қалаларында екен. Оқырмандардың басым көпшілігі, яғни 69 пайызы әйелдер.
блогер
2012 жылдан Instagram желісінде парақшасын жүргізіп келеді. Онда 81 мың оқырманы бар. Эльвира Facebooke-те тіркелген, бірақ онда белсенді емес екен. "Соңғы екі-үш жылда мен тек психологиялық жазбаларға көштім. Оның алдында өмір сүру стиліне байланысты жарияланымдар жаздым. Қазіргі кезде психологиялық кеңестер, мотивация, жеке тұлғаның даму туралы жазбалар", - дейді ол.
Сондай-ақ өмірден өткерген тәжірибесін де бөліседі. Түрлі психологиялық күйзеліс болса, содан арылу жолдары жайлы жазбалары бар.
Эльвираның айтуынша, оның оқырмандарының басым көпшілігі әйелдер. Оқырмандар Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Қызылорда сияқты қалалардан.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Эльвира Ергалина (@elvira_ergalina) 9 Июн 2019 в 8:05 PDT
Показать комментарии
Читайте также