РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
17 января 2020 | 15:28

"Facebook желісінде тоғыз досы бар". Әлеуметтік желіде ең белсенді әкім кім? 2-бөлім

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz порталында қала әкімдерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларына шолу жасалған. Бірінші топтамада бірнеше әкімнің желідегі белсенділігі туралы жазылған еді. Бүгін топтаманың екінші бөлімін ұсынамыз.


Tengrinews.kz порталында қала әкімдерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларына шолу жасалған. Бірінші топтамада бірнеше әкімнің желідегі белсенділігі туралы жазылған еді. Бүгін топтаманың екінші бөлімін ұсынамыз.

Ақтау әкімі Ғалымжан Ниязов

Ғалымжан Ниязов - 2017 жылдың 23 қарашасынан бері Ақтау әкімі. Өңір басшысының парақшасын Facebook желісінен таптық.

Ақтау әкімі желіде қызмет барысындағы кездесулер мен атқарып жатқан жұмыстары туралы жазып отырады. Мысалы, былтыр өңір тұрғын үй беру бойынша тек Нұр-Сұлтан мен Алматыдан қалып қойғанын жазған.

Негізі оның парақшасын ақтарып отырып, басқа қолданушылардың әкімді белгілеп жазған посттары көп екенін байқауға болады.

Жазбалардың көбі қазақша жазылған. Кейбір посттар екі тілде де жарияланған. Әкімнің Facebook-парақшасында 3016 "досы" бар.

Талдықорған әкімі Ғалымжан Әбдірайымов

Былтыр 12 сәуірде Ғалымжан Әбдірайымов Талдықорған әкімі болып тағайындалған. Әкімнің парақшасы Instagram мен Facebook желісінде бар.

Басқа да әкімдер секілді Әбдірайымов та жұмысынан есеп беріп отырады. Сонымен қатар, елдегі маңызды мерекелермен құттықтауды ұмытпайды. Сондай-ақ өзі президент саналатын Alem Fighters спорт клубы туралы жазбалар да бар. Отандық "Әкім" фильміне барған соң ойын жазып, әріптестеріне сол туындыны ұсынған екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Галымжан Абдраимов (@abdraimov.galymzhan)

Әкімнің кей посттары тек орысша жазылған. Екі тілде де жазылған жазбалар бар.

Талдықорған әкімін Instagram-парақшасында 1960 жазылушы бақылап отырады. Ал Facebook-парақшасында 1968 "досы" бар.

Тараз әкімі Айтқазы Қарабалаев

Айтқазы Қарабалаев Тараз әкімі қызметіне былтыр 3 желтоқсанда тағайындалған. Бірнеше күннен кейін Instagram мен Facebook желілеріне тіркелген. Әкім болғанына бір айдан асқан Айтқазы Қарабалаевтың парақшаларында пост аз. Instagram-парақшасын қарап отырып, оның жаңа салынған үйлерді тексеріп жүргенін байқауға болады.

"Пәтер иелерін тездетіп қоныстануын сұранамыз. Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйдің коммуналдық төлемдері әкімдіктің қаражатынан төленуде. Бұл дегеніңіз бюджетке үлкен салмақ болып отыр", - деген ол Желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айтқазы Қарабалаев (@aitkazykarabalaev)

Тараз әкімі әлеуметтік желідегі жазбаларының бәрін қазақша жазады. Бүгінде оның Instagram-парақшасына 4282 адам жазылған, ал Facebook-парақшасында 9 "досы" бар.

Көкшетау әкімі Амангелді Смаилов

Амангелді Смаилов былтыр 3 сәуірде Көкшетау әкімі болып тағайындалған. Әкім желіде өте белсенді.

Бүгінге дейін оның Instagram-парақшасында 249 пост жазылған. Халықпен кездесулерден есеп, атқарылған жұмыстардың бәрін табуға болады. 2020 жылдың өзінде 18 жазба жазған. Әкімнің жазбаларының көбі - тек орыс тілінде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Smailov Amangeldi (@smailov_amangeldi)

Ал Facebook-парақшасында әкім көп пост сала бермейді. Қазанда парақшасындағы жазбалар тоқтап қалған.

Амангелді Смаиловтың Instagram желісіндегі парақшасын 5082 адам бақылап отырады. Ал Facebook-парақшасында 1390 "досы" бар.

Түркістан әкімі Рашид Аюпов

Рашид Аюпов былтыр 3 шілдеде Түркістан қаласының әкімі болып тағайындалған. Әкім Instagram және Facebook желісінде тіркелген.

Аюповтың Instagram парақшасына кірсеңіз "Менде таңдау бар" деген хэштегті көресіз. Сондай-ақ әкім әр жазбасын "Гүлдене бер, Түркістан" деген хэштегпен аяқтайды. Facebook желісіндегі парақшасында да солай.

Әкім желідегі парақшасында өңірде болып жатқан оқиғаларға қатысты пікір білдіріп, атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп отырады. Жазбаларының көбі тек қазақша жазылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Rashid (@the_rashid_ayupov)

Рашид Аюповтың Instagram-парақшасын 12,4 мың жазылушы бақылап отырады. Ал Facebook-парақшасындағы достығында 4999 адам бар, оған тағы 2479 адам жазылған.

Семей әкімі Ермак Сәлімов

Биыл маусымда Ермак Сәлімовтің Семей әкімі қызметінде отырғанына бес жыл болады. Әкімнің парақшасы Instagram желісінде де, Facebook желісінде де бар. Сәлімов Желіде белсенді.

Instagram-парақшасын былтыр мамырда ашқан. Содан бері 63 жазба қалдырыпты. Көбіне атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп отырады. Сондай-ақ өңірден шыққан адамдарды жетістіктерімен құттықтауды да ұмыт қалдырмайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ermak Sálimov (@yermak.salimov.official)

Өңір басшысы жазбаларының көбін қазақша да, орысша да жазады. Семей қаласының мәдениет сарайына Бибігүл Төлегенованың есімі берілетінін де парақшасында хабарлаған.

Бүгінде әкімнің Instagram-парақшасына 25 мың адам жазылған. Ал Facebook-парақшасындағы достығында 4348 адам бар.

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов

Желіде ең белсенді әкімдердің бірі - Алтай Көлгінов. Ол былтыр 13 маусымда Нұр-Сұлтан әкімі болып тағайындалған. Елордалық әкім Instagram желісінде тұрақты пост жазып тұрады.

Көлгіновтің Instagram-парақшасында "Азамат, әке, жар, әкім" деп жазылған. Әкімнің парақшасында 500-ден аса пост бар. Көбіне түрлі кездесулері жайлы, қалада істелген жұмыстар туралы жазып отырады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official)

Сонымен қатар, әкім спорттық шараларға да жиі барып тұратынын байқауға болады. Парақшасында "Барыс" хоккей клубы, "Астана" футбол клубының матчтарынан түсірілген видеолар бар.

Әкім жазбаларының бәрін қазақша да, орысша да жазады. Бүгінде Алтай Көлгіновтің парақшасына 98,2 мың адам жазылған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети