РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
14 ноября 2019 | 15:35

АҚШ неге тегін оқу бағдарламаларын жасайды? Айна Досмахамбетқызы олардың стратегиясын айтты

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айна Досқызы Айна Досқызы

Tengrinews.kz порталында АҚШ-тың тек әйелдерге арналған TechWomen атты тегін бағдарламасына өтіп, Twitter-де тәжірибе алған қазақстандық Айгерім Кунадилова жайлы мақала жарияланған болатын. Онда келіншек бағдарлама туралы, оған қалай өткенін және Twitter-ден алған әсері мен тәжірибесі, ондағы атмосфера мен кездесулері жайлы әңгімелеген. Алып компания кеңсесін де көрсеткен еді. TechWomen бағдарламасына Қазақстаннан өткен алты арудың бірі Айна Досмахамбетқызы. Ол өзі тағылымдамадан өткен компания жайлы, АҚШ неге мұндай бағдарламаларды ұйымдастырып, өзге мемлекет адамдарына тегін білім беретінін, америкалықтардың сана сезімі мен қазақ жастарына жетіспейтін дағдылар жайлы айтты.


Tengrinews.kz порталында АҚШ-тың тек әйелдерге арналған TechWomen атты тегін бағдарламасына өтіп, Twitter-де тәжірибе алған қазақстандық Айгерім Кунадилова жайлы мақала жарияланған болатын. Онда келіншек бағдарлама туралы, оған қалай өткенін және Twitter-ден алған әсері мен тәжірибесі, ондағы атмосфера мен кездесулері жайлы әңгімелеген. Алып компания кеңсесін де көрсеткен еді. TechWomen бағдарламасына Қазақстаннан өткен алты арудың бірі Айна Досмахамбетқызы. Ол өзі тағылымдамадан өткен компания жайлы, АҚШ неге мұндай бағдарламаларды ұйымдастырып, өзге мемлекет адамдарына тегін білім беретінін, америкалықтардың сана сезімі мен қазақ жастарына жетіспейтін дағдылар жайлы айтты.

Айна Досмахамбетқызы "Силикон алқабындағы" инвестициялық нарыққа өнім шығаратын SS&C Advent компаниясында тәжірибе алған. Олар әлемнің 50-ден аса еліндегі 4300-ден көп инвестициялық фирмаларға, жаһандық институттардан шағын стартаптарға дейін өз бизнесін дамытуға және өркендеуге көмектеседі. 

Оларды өте алда деп те айта алмаймыз, себебі бізде ол мүлде жоқ

 

Қазақстандық келіншектің айтуынша, мұндай компаниялар елімізде жоқ.

"АҚШ-тағы ірі компаниялардың бірі саналатын SS&C Advent инвестициялық нарықта жұмыс істейді. Америкада инвестиция нарығы жақсы дамыған ғой. Оның қызметін Portfolio Manager, Хедж-фонд және ірі банктер пайдаланады. Мұндай компаниялар Қазақстанда жоқ. Себебі бізде инвесторлар, стартаптар аз, құнды қағаздар нарығы жоқ. Оларды бізден алда деп те айта алмаймыз. Себебі Қазақстанда бұл нарық мүлде жоқ. Ақша болған жағдайда да оны депозитке салып қоямыз немесе мүлік сатып алып, оны жалға береміз, я болмаса біздегі "модный" бизнес мейрамхана ашамыз. Амал не, экономикамыз көтерілмейінше, мұндай компаниялар бізге келмейді", - дейді ол.

Қазақстанда Soft дағдыларды дамытуға көңіл бөлінбейді

 

Айна Досмахамбетқызының айтуынша, Кремний алқабында идеяңды 10 секундта жеткізе алуың керек.

"Қандай да бір техникалық дағдыны меңгеру үшін кез келген адамға үш апта деген өте қысқа мерзім. Сондықтан мен Soft skill дағдыларымды дамытуға ставка жасадым. Әсіресе нетворкинг және көпшіліктің алдында сөйлеу машығымды дамытқым келді. Қазақстанда бұндай дағдыларға аса көңіл бөлінбейді. Мектепте де, университеттерде де коммуникация орнату, проблема шешу, келіссөздер жүргізу, көптің алдында сөйлеуді үйретпейді. Ал Кремний алқабында нетворкинг, адамдармен қарым-қатынас жүргізу өте маңызды. Онда ойыңды, идеяңды 10 секундта жеткізе алуың керек.  

Қазақтар мен америкалықтардың айырмашылығы 

 

Оның айтуынша, АҚШ адамдары сәл өзгеше. Санасы басқаша жұмыс істейді.

"Қарапайым мысал ретінде офистегі тегін сыраны айтқым келеді. Кәдімгі көшедегі бардағыдай келесің де құйып аласың. Америкалықтар сыра ішкенді қатты ұнатады. Бірақ сол сыра құятын құрылғыға күні бойы ешкім жақындамайды. Сағат 17:00-ге дейін келіп бір күрішкесін құйып, орнына қайта барады. Мас болып, тіпті "көңілі көтеріліп" қалған адам жоқ. Немесе әр жерде кеңсе тауарлары тұратын бөлмелер бар. Маркер, қалам, степлер, блокноттардың түр-түрін табасың. Үлкен дүкенге кіргендей боласың. Бірақ ешкім қажетсіз артық қалам алмайды", - дейді ол.

Америкалықтар "біз ересек адамбыз" деген ұғыммен өмір сүреді екен.

"Біз сыра көрсе өзін тоқтата алмайтын жас бала емеспіз және басқалардан да соны күтеміз дейді бұл жерде. Сен осы жүйеден сәл аутқыдың ба, болды - саған бәрі біртүрлі қарайды. Олай жасауға болмайтынын бірден айтады", - дейді Айна Досмахамбетқызы.

Айна Досмахамбетқызының айтуынша, біздің халық пен олардың тағы бір айырмашылығы - америкалықтар ойын ашық жеткізеді.

"Бізде қазақтар өте қорқақ. Үнемі "қой, айтпай-ақ қой, тыныш жүр, үндеме" дейді. Адамдар өз полициясына сенім білдірмейді. Елде сөз бостандығы, әділдік жоқ. Балалар қарапайым мектеп мұғалімінен қорқады. Біз сондай болып кеткенбіз. Ал америкалықтар ойын ашық жеткізеді. Себебі оларда демократия. Ал бізде демократия тек қағаз бетінде", - деді ол.

Қазақ балалары дамытуы керек қабілеттер 

 

Қазақстандық келіншек қазақ жастарына керек қасиеттер жайлы да әңгіме өрбітті.

"Қазақ жастарында белсенділік жетіспейді. Не ұяңбыз, не ұялшақпыз, қателесуден қорқамыз. Бұл тек жастар емес, ересектердің де бойындағы қателіктер. Балалар ата-анасының айтқанымен жүріп үйреніп қалған. Біз оларға жауапкершілік алуды бала кезден үйрете бермейміз. 30 жасқа дейін қастарында жүріп проблемаларын шешеміз. Кейін ол өз отбасын құрғанда балаларын ата-анысының қолына береді, ата-әжесінің тәрбиесін алсын деп, бұл меніңше жауапкершіліктен қашу. Былайша айтқанда индивидуализм жетпейді", - дейді ол.

Айтуынша, қазақтың проблемасы - дедлайн.

"Коммуникация, сонымен қатар, түрлі жобамен жұмыс істеу қабілеті жетіспейді. Онда адамдар жобаның тақырыбы, орындалуы және аяқталу мерзімі бар екенін түсінеді. Мектепте көп нәрсені жоба жасау арқылы үйретеді. Ол Project based learning, яғни жоба жасау арқылы білім беру деп аталады. Сонда балалар кез келген істі нақты бір жоба деп қарастырып, оның орындалатын уақыты, белгілі бір структурасы мен қадамдары бар екенін түсінеді.", - дейді Айна Досмахамбетқызы.

Америкалықтар неге бюджеті бір миллион долларлық тегін бағдарламалар жасайды?


"Америкалықтар осы өмірдің басты заңын жақсы түсінеді", - дейді Айна Досмахамбетқызы. Айтуынша, сені қоршаған адамдар бақытты болғанда ғана сен өмірдің қызығына кенелесің.

"Тек өзіңді ойлап, өз жағдайыңды жасап алу тыныштықтың кепілі емес. Олар бюджеттері миллион доллар тұратын Techwomen, Flex және басқа бағдарламаларды түп негізінде біз үшін емес, өздерінің сыртқы және ішкі қауіпсіздігі үшін жасайды. Себебі өзге мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсы болғанда олардың саясаты да тұрақты болады, демек адамдары да бақытты", - дейді қазақстандық келіншек.

Ол АҚШ-тың тағы бір философиясын бөлісті.

"Енді керісінше: кедейлік, саясаты тұрақсыз мемлекеттер миграция, тероризм және соғыс қауіпін тудырады. Ол Америкаға керек емес. Өзге мемелекеттердің экономикасын дамыту арқылы Америка өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", - дейді Айна Досмахамбетқызы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети