02 марта 2018 | 13:33

"Пайдасы бар, зияны одан да зор". Қазіргі онлайн ойындарға психолог сараптамасы

Ашық дереккөздерден алынған сурет

Соңғы он жылда дүниеге келген балалардың планшет, смартфон немесе компьютерге телініп отырғанын жиі көріп жүрміз. Ата-анасының телефонына жармасқан баланың денсаулығына қаншама зиян келіп жатқанын мамандар әр тұсынан айтып келеді. Осы заманауи технологиялардың баланың ермегі ғана болып қалмай, тәрбиелеуші құралы болып та кеткендей. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі Қазақ психологиялық қоғамының вице-президенті, "Жан шуағы" психология орталығының директоры Күлмаш Елшібаеваның компьютер ойындарының бала психологиясына зияны мен пайдасы жайлы деректерін бөліседі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соңғы он жылда дүниеге келген балалардың планшет, смартфон немесе компьютерге телініп отырғанын жиі көріп жүрміз. Ата-анасының телефонына жармасқан баланың денсаулығына қаншама зиян келіп жатқанын мамандар әр тұсынан айтып келеді. Осы заманауи технологиялардың баланың ермегі ғана болып қалмай, тәрбиелеуші құралы болып та кеткендей. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі Қазақ психологиялық қоғамының вице-президенті, "Жан шуағы" психология орталығының директоры Күлмаш Елшібаеваның компьютер ойындарының бала психологиясына зияны мен пайдасы жайлы деректерін бөліседі. 

Бала психологиясына келетін кері әсер

Күлмаш Елшібаеваның айтуынша, компьютерлік ойындар бірінші кезекте ата-ана қарауынан тыс қалған балаларға қауіпті.

"Мамандардың зерттеуіне сүйене отырып, бұл озық технологияларды ұзақ пайдаланудың бала психологиясына кері әсерлерін саралап көрсек. Біріншіден, шамадан тыс ақпараттар тасқыны баланы енжарлыққа душар ететін көрінеді. Интернетті өзінің бірінші серігі, ал компьютерді "досы" етіп таңдаған жан айналасындағы адамдармен еркін араласу қабілетін лезде әлсіретіп алады екен. Бұл туралы мамандар: "Өзгенің адами мұң-мұқтажын түсінбейтін, айналасындағылардың жан қиналысын сезіне бермейтін, яғни жүрегі селт етпейтін халге жетеді", - дейді. Адамдармен, тіпті өзінің жақын-жуықтарымен, әке-шеше, бауырларымен араласудан қашқақтайтын ондай бала, абайламаса, шынайы мынау өмірді виртуал, жансыз "өмірге" айырбастап жіберетіндей дәрежеге жетеді екен. "Компьютерге байлану" ауруы негізінен кімдерде пайда болады?" деген сауалға мамандардың жауабы: "негізінен, шынайы өмірде өз-өздеріне сенімсіз, сондай-ақ тұрмыста кездесетін қиын түйіндерді шеше алмайтын адамдар және әке-шеше қарауынан тыс қалған балалар аталған ауруға бейім. Осы әуестігі компьютерден тыс жерде тірлік ету уақытты босқа жоғалтқанмен бірдей деп есептейтіндей деңгейге жетеді", - дейді Күлмаш Ғалымжанқызы. 

Реклама
Реклама
Компьютер алдында көп отырудың салдары

Санкт-Петербургтегі В.М. Бехтерев атындағы Психоневрологиялық институтының ғалымдары компьютерге әуестіктің он белгісін көрсетіп берді. Олар: 

- компьютер алдында бір ойынды ойнап бірнеше сағат отыру; 
- ата-аналарымен кикілжіңге бару; 
- үйге кешігіп келу; 
- сабаққа үлгерімі нашарлап; 
- сабаққа жиі бармай қалу; 
- баланың бұрынғы достарымен қарым-қатынасы азаяды; 
- өзі сияқты компьютерге үйірсектермен ғана араласады; 
- күнделікті ақшаға сұранысы көбейеді; 
- берген уәдесін орындамайды; ашуланшақ, мазасыздану мінездері пайда болады; 
- ұйқысы бұзылып, зейіні мен есте сақтау қабілеті нашарлайды; көз жанары төмендейді, 
   басы ауырады, омыртқасы бұзылуы басталады. 

Осы белгілердің бесеуі бала бойында анықталса, "компьютер ойынына тәуелділік ықтимал" деген анықтама қойылады. Ал егер жеті немесе одан да көп белгі байқалса, ол тәуелділіктің құлы деп саналады

"Лудомания" - Шектен шыққан ойынпаздық дерті 

Компьютердің адам ағзасының физиологиялық жақтарына тигізер зияны айтпаса да түсінікті нәрсе. Дене белсенділігінің аздығы, компьютер клубтарында жарық, белгілі температура, санитарлық режимдер нормаларының сақталмауы жасөспірімдердің организмінің дамуына кері әсерін тигізеді. Бір жағынан әртүрлі прогрессив жаңалықтарда дисплейді қолдану адам өміріне көптеген жеңілдіктер туғызса, екінші жағынан жаңа проблемалар туғызды - "дисплей ауруы" пайда болды. Дисплеймен жұмыс істегенде одан бөлінетін электромагнит сәуле көзге әсер етеді. Әрине, ол әркімнің көру жүйесінің бастапқы жағдайы мен адамның жасына байланысты болады. 

Терминалды көру дисплейін қолданғанда "астенопия" деген жағдай туады, яғни көздің көру қабілетінің функционалдық бұзылуы. 

Компьютер құмаралық "аддикцияға" шалдықтырады. Бала күнінен бастап, маңызды бір істерге, жауапкершілікке, өз өмірі үшін өзі жауап беретінін сезіндіруге дағдыландырғанымыз дұрыс. Құмар ойын есірткіден де жаман кесапат екенін түсіне тұра, тоқтау қиын. Бұдан шығатын жол қандай? "Компьютерге байлану" сырқатынан арылудың қандай жолдары бар? 

Көптеген ата-ана неге оның баласы компьютерлік ойындарға көп әуес болды деген сұрақ қояды. Ол өз уақытын неге зая кетіреді. Уақыты бос болса неге компьютер алдына отыра қалады? - деген көптеген сұрақтар туындайды. 

Бұл сауалға жауаптар - әр алуан. "Ең әуелі, әке-шешенің жіті қадағалауы қажет. Баласының сабағы мен қызығушылығына "қандай бағдарламалар маңызды?" - деген сауалды онымен бірге талқылап, шешім қабылдап, ал зияндыларына құлып салып, түрлі технологиялық тыйымдар жасаулары керек" дейді қатысты адамдар. Сонымен бірге компьютерді пайдалану үдерісінде жиі-жиі үзіліс жасап, оған балама іс-әрекеттермен бала уақытын толтырған жөн екен. 

Онлайн қаһарман

Бұл ойындарда өмірдегінің бәрі бар және әрқашанда ол сәйкес келе бермейді. Бұл жерде кім боламын десең өз еркіңде,қай жаққа барамын десең де өзің білесің, басқа адамға айналуға мүмкіндік бар. Егер бір нәрсе болмай жатса қайырадан бастауға болады. Өткені кез келген сәттерді қайрадан жасауға болады. Бұл жерде барлық қиындықтарды жеңуге болады. Бұл тек қана басқа адамдарға қатыссыз МЕН және менің қиялдарым бар. Сонымен бұл абзацта компьютер ойыны емес адамға тән қиялдар суреттелеген, әсіресе балаларға.

Бірінші және басты себеп компьютер ойынымен қиялдың ұштасуы баланың ой-өрісін компьютер ойынымен біріктіреді. Тек бірігу. Тәуелділік емес. Біз бұған төтеп бере алмаймыз өйткені біз баланың қиялын өзгерте алмаймыз,сол сияқты компьютер ойынын жоя алмаймыз. Кітап пен теледидар - жансын ақпарат тасымалдаушы,олардың мазмұнын басқаруға болмайды,ал әр бала өз өмірін билегісі келеді. Ол билік қиялды басқарудан басталады. 

Екінші себеп - Билік. Адам - ол сыртқы ортаға жауап беретін автомат емес ол белсенді, ойлайтын және басқаратын тірі жан. Сондықтан балаға бұл толық қатысты. Сондықтан баланың өзінде өзі билейтін басқаратын,өзгерте алатын аймағы болады. Бүлдіршіндерде ол өте кішкентай болуы мүмкін, ал жасөспірімде - одан көбірек. Ал енді ойланып көрейік әр бала өз өмірінде көп нәрсе басқара ала ма? Егер баланың өз "аумағы" болмаса немесе ол өте кішкентай болса ол өз қиялында қала береді. Ал егер балада бәрі бола тұра, тек қана аумақ емес өз бөлмесі, өз нәрселері және өз уақыты өзінде болса да ол ойнайды, ойнайды... Онда себеп баланың өз бетімен жұмыс істей алмауы және басқара алмауында. 

Үшінші себеп - өз өмірін мүлде басқара алмауында. Не істеу керек: 
- бала өз-өзін басқара білуі керек 
- Өз-өзін басқара білуге үйрету 
- Көптеген кітаптар мен пайдалы әдебиеттер қажет, ешқандай компьютер ойындары адам мен адам арасындағы қатынасты ауыстыра алмайды. 

Сондықтан ата-ана баламен әрқашан қарым қатынста болуы керек. Оларды тек қана компьютермен қалдыруға болмайды. 

Компьютер ойындары арқылы баланың миы жақсы жұмыс істейді деуге негіз бар ма?

Компьютерлік ойындар балаларға әр түрлі әсер етеді: егер де, бұл ойындар үйрететін, логикалық ойын дамытатын, зейін, спортқа қызығушылығын арттыратын - дойбы, футбол ойынындағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйренеді. Бұдан оқушыларда логикалық ойлау жүйесі жақсы жетіледі. Олар есептің жаңа шығарылуы жолын бірден табады, есептеу техникаларын жақсы меңгереді. 

Атыс-шабыс, құбыжық кейіпкерлері бар ойындар ойнау балаға қаншалықты зиян?

"Жарыс", "атыс" ойындарын ойнайтын оқушылар жүйкелері жұқарған, компьютер ойнағаннан кейін көздері ауырады, оқу үлгерімі нашарлайды. Олар мұқиятсыз, ашуланшақ, есептеу кезінде көп қателер жібереді, жай оқиды, кейде сабаққа дайындықсыз келеді немесе үй жұмысын дұрыс орындамайды.

Онлайн болу қауіп пе әлде көмекші дос рөлін атқара ма?

Компьютерден бас тарту керек пе? Одан қорқу керек пе? Біз қарапайым ережелерді орындау керек деп ойлаймыз. Жақсы жабдықталған жұмыс орнында және дұрыс таңдалған күн тәртібінен компьютер қорқынышты құбыжықтан өте пайдалы құралға айналады.

Компьютер қолданатын адамдардың денсаулығына мынадай шағымдар бар: көздің тартуы, бас ауруы, жүйкенің жұқаруы, ұйқының нашарлауы, шаштың түсуі, терінің қызаруы, аллергиялық іш ауруы, көптеген ересектер үшін - жаңа құбылыс.

Компьютермен жұмыс істеген кезінде адамның көзіне белсенді жүктемелеу ,ол экрандағы  суреттерді көреді, мәтінді оқиды, дәлме-дәл мағлұматтарды, символдарды, графиканы, маңызды шешімдер қабылдайды, оның жұмысына байланысты мәселелерді компьютердің алдында отырған адамның жұмыс күнінің ішінде 15-20 рет өзгертілуі керек. Экранның жылт-жылт етуі, түстердін үйлесімі көз және ми үшін үлкен қиындық туғызады, көздің бұлдырауына әкеледі, көздін ашуы, көз және маңдай айналасын ауру, көздің қызаруы. Мұндай ауытқушылықтар компьютерді жақсы көретін адамдарда кездеседі, компьютердің алдында отырған уақытқа байланысты. Әсіресе кішкентай балдардың көздері аурады,өйткені олардың көздерінің бұлшық еттері дұрыс қалыптаспаған. Теледидардың алдында көп отыру, кітапты көп оқу - жас көздерге көп ықпал тигізеді.

 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram