РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
29 августа 2019 | 12:48

Жоғалған телефонды полициясыз табудың жолдары қандай?

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. © Тұрар Қазанғапов Иллюстрация. © Тұрар Қазанғапов

Ұялы телефонын жоғалтқан адам бірден полицияға хабарласады. Алайда бұл жағдайда жоғалтқан затты тәртіп сақшылары міндетті түрде тауып береді десек өтірік болар. Сондықтан ұялы телефон жоғалғанда оның иесі не істей алады деген заңды сұрақ туады. Алматылық бағдарламашы Мадияр Әлжанов Tengrinews.kz тілшісіне ұялы телефонды іздеудің балама жолдарын айтып берді.


Ұялы телефонын жоғалтқан адам бірден полицияға хабарласады. Алайда бұл жағдайда жоғалтқан затты тәртіп сақшылары міндетті түрде тауып береді десек өтірік болар. Сондықтан ұялы телефон жоғалғанда оның иесі не істей алады деген заңды сұрақ туады. Алматылық бағдарламашы Мадияр Әлжанов Tengrinews.kz тілшісіне ұялы телефонды іздеудің балама жолдарын айтып берді.

Ол Android пен iOS операциялық жүйелеріндегі функциялар әрқилы болып келетінін, сондықтан екеуін екі бөлек қарастыру керектігін айтып отыр.

iOS телефон жоғалса

Маманның айтуынша, Apple смартфондарында "iPhone табу" (Найти iPhone) функциясы бар.

"Apple смартфондарында телефонды іздеуге арналған арнайы функция бар. Тығырыққа тірелгенде оны дереу тауып алу үшін бұл функцияны алдын ала қосып қойған жөн. Кейін гаджетті іздеген кезде iCloud-қа кіріп, "iPhone табу" бағдарламасын қосу керек. Онда құрылғының орналасқан жерін көруге болады, ал телефон жақын жерде тұрса, ондағы сигналды қосуға болады. Сонда телефоннын дыбыс немесе дірілдің даусы шығады. Сонымен қатар, мұны Apple сағаттарымен жүзеге асыруға мүмкіндік бар", - дейді Мадияр Әлжанов.

Өкінішке қарай, тиісті функция іске қосылған жағдайда ғана смартфонды табуға болады. Сондықтан, бұл жағын алдын ала қамдаған жөн. Сіздің iCloud және iPhone бір-біріне тіркелген болуы керек. Мұның барлығы құрылғыдағы параметрлерде жасалады.

Телефонды ұрлап кетсе немесе жоғалтып алсаңыз "iPhone табу" арқылы, онда "жоғалды" деген режимді қосуға болады.

"Сол кезде құрылғы бұғатталып, экранда сіздің хабарламаңыз пайда болады, онда байланысқа шығу жолдарын жазуға кеңес беремін. Сондай-ақ, бұл режим телефондағы Apple Pay арқылы төлемдерді уақытша бұғаттайды. Ал "iPhone табу" функциясы алдын ала іске қосылмаған жағдайда, ішіндегі ақпараттар басқа біреудің қолына түспеуі үшін Apple ID құпиясөзін өзгерту керек", - дейді маман.

Бағдарламашының айтуынша, iPhone-ды iCloud-тағы аккаунтпен байланыстырып қойса, ұрылар құрылғыны іске қоса алмай қалады. Тіпті олар телефонды қайта прошивка жасаса, пошта мекенжайы мен құпия сөзсіз, олар ештеңе жасай алмайды.

Сонымен, iOS құрылғысын қашықтан басқару үшін iCloud.com сайтына кіру жеткілікті және ішіндегі "iPhone табу" бағдарламасына қосылу керек. Онда аккаунтқа қосылған барлық Apple құрылғылары қолжетімді. Сайттың орнына "iPhone табу" қосымшасын қолдануға да болады.

Android телефон жоғалса

Операциялық жүйенің өзінде телефонды іздеу функциясы бар. Ол Android Device Manager деп аталады, ол арнайы веб-сайт арқылы Google аккаунтқа тіркелген телефонды қашықтан басқаруға мүмкіндік береді.

Мадияр Әлжановтың айтуынша, жоғалған телефонды табу үшін, онда геолокация мен "құрылғыны табу" функциясын іске қосу керек. Оны операциялық жүйенің нұсқасына байланысты "құпиялық" немесе "қауіпсіздік" бөлімдерінде "Параметрлер" мәзірінен табуға болады.

"Содан кейін Google аккаунтыңыз тіркелген компьютер немесе басқа девайс қажет. "Android-та телефонды табу" деп сұрағанда, ол өзі құрылғыны іздеуге көшуді ұсынады. Осылайша карта шығады, онда смартфонның соңғы рет желіде болған орны көрсетіледі. Оған қоңырау шалуға, ішіндегі барлық деректі бұғаттауға немесе өшіруге болады. Айта кетейін, телефон дыбыссыз режимде тұрса да, іздестірген жағдайда бес минут дауыс шығарады. Сонымен қатар, Play Store-да девайс іздеуге арналған басқа да бағдарламаларды жүктеуге мүмкіндік бар", - дейді ол.

Ал телефон өшіп тұрса ше? Android-та құрылғының қандай бағытта қозғалғанын Google Maps-тан көруге болады. Алдымен оған кіріп, сол жақ мәзіріндегі "Хронология" батырмасын таңдау керек. Сол кезде гаджеттің соңғы рет желіде болған орны көрінеді.

 

Сонымен қатар, Samsung құрылғыларын табуға да болады. Ол үшін бұрынғыша жеке есептік жазба қажет, ол арқылы жүйе телефонды іздейді.

"Алдын ала Samsung сервисі үшін аккаунт жасау керек. Сонда ұрылар оны өшіріп үлгермесе, компьютерден гаджеттің орналасқан жерін көруге болады. Компания сайтында "Find My Mobile" парақшасын ашыңыз. Сервис аккаунтқы кіруді сұрайды. Мәзірдің сол жағында "Телефонымды табу" батырмасын басыңыз. Сол кезде құрылғының соңғы болған жерін көрсетілетін Google картасы ашылады", - дейді маман.

Бұл тегін қызмет смартфонды ұрлап кетсе немесе жоғалтып алғанда, оны табуға көмектесетін қосымша параметрлер жиынтығын ұсынады. Ол телефонды жоғарыда айтылған функциялар сияқты бұғаттай алады, оған хабарласып, ішіндегі ақпаратты өшіре алады.

SIM-карта немесе IMEI арқылы не істей аламыз?

Алда айтылған әдістерден кейін телефон табылмаса, оны SIM-карта немесе IMEI арқылы іздеуге болады.

"Алдымен ұялы операторға хабарласу керек. Олар телефонды GPS арқылы іздеуге көмектесу керек және SIM-картаны бұғаттай алады.

Ал IMEI нөмірін телефон баптауларынан, сондай-ақ, гаджеттің қорабынан және кепілдік талонан іздеп табуға болады. Сондай-ақ, ұялы оператормен шарт қажет. Код пен шартты полиция бөліміне апарып, кейін онда жоғалу туралы өтініш жазу керек. Осыдан кейін полицейлер ұялы операторға сұраныс жасайды. Ұрылар SIM картаны лақтырып тастаса да, IMEI арқылы құрылғы қашан желіде болғанын көруге болады", - дейді Мадияр Әлжанов.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети