РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
15 ноября 2021 | 14:29

"УЕФА-да нең бар еді?" Қазақстан жанкүйерлері ұмытқысы келетін бес матч

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов© Фото: Тұрар Қазанғапов©

Футболдан Қазақстан құрамасының жанкүйерлері сенбіде Парижде өткен ойынды тезірек ұмытқысы келетін болар. Құрамамыз әлем чемпионы Франциядан жауапсыз сегіз гол жіберді. Бұл - Қазақстан құрамасының тарихындағы ең ірі жеңіліс. Tengrinews.kz тілшісі жанкүйерлер есіне түсіргісі келмейтін ірі жеңілістер туралы баяндайды. 


Иконка комментария блок соц сети

Футболдан Қазақстан құрамасының жанкүйерлері сенбіде Парижде өткен ойынды тезірек ұмытқысы келетін болар. Құрамамыз әлем чемпионы Франциядан жауапсыз сегіз гол жіберді. Бұл - Қазақстан құрамасының тарихындағы ең ірі жеңіліс. Tengrinews.kz тілшісі жанкүйерлер есіне түсіргісі келмейтін ірі жеңілістер туралы баяндайды. 

Франция - Қазақстан 8:0

13 қарашада Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы соңғы матчін өткізді. Футболшыларымыз әлем чемпионы Францияға қонаққа барды. 

Бұл матч біздің футболшыларға қарағанда, француздарға маңызды болды. Алаң иелері жеңіске жетсе, әлем чемпионатына жолдама алады. Ал қазақстандықтар жолдамадан матчке дейін айырылып қалған. 

Сондықтан, әлем чемпионы алаңға Килиан Мбаппе, Карим Бензема, Антуан Гризманн, Нголо Канте секілді мықтыларын шығарды. Ал Қазақстан сапында көп футболшы жарақатына не сары қағазына байланысты алаңға шыға алмай, екінші құрам ойнады. 

Фото: ҚФФ

Нәтижесінде француздар Қазақстан қақпасына сегіз гол соқты. Оның төртеуі Килиан Мбаппенің еншісінде. Карим Бензема дубль жасады, Антуан Гризманн мен Адриан Рабьо бір голдан соқты.  

Бұл Қазақстан құрамасының тарихтағы ең ірі жеңілісі болып тіркелді. Қазақстандық жанкүйерлер матч тезірек біткенін қалап, секунд санап кеткен болар. Ал ойыннан кейін Қазнет қолданушылары "УЕФА-да нең бар еді, Азияға оралу керек" деген пікір айтып жатыр. 

Ресей - Қазақстан 6:0

Франция құрамасына дейін ең ірі жеңіліс Ресейге қарсы матчта тіркелген еді. Бұл жолдастық матч болатын. 2008 жылы мамырда Мәскеуде Ресей мен Қазақстан жолдастық матч өткізген. Ол кезде Ресей 2008 жылғы Еуропа чемпионатына дайындалып жатқан еді. 

Сол матчте ел намысын Давид Лория, Самат Смақов, Қайрат Нұрдәулетов, Нұрбол Жұмасқалиев секілді құрама көшбасшылары қорғаған. Ал оларды голландиялық бапкер Арно Пайперс жаттықтырған. 

Амал не, бұл жолдастық кездесу Қазақстан құрамасындағы антирекордпен бітті. Ресейліктер біздің қақпаға жауапсыз алты доп салды. Павел Погребняк пен Динияр Билялетдинов пенальтиден гол соқты. Владимир Быстров, Константин Зырянов, Дмитрий Торбинский мен Дмитрий Сычев те қанжығасын майлады. 

Бұл кездесу ресейліктер үшін ЕУРО-ға жақсы дайындық болған шығар, бірнеше айдан кейін олар Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанғаны есімізде. 

Қазақстан - Түркия 0:6

0:6 есебімен жеңілу Қазақстан үшін таңсық дүние емес. Ресейдің алдында біздің футболшылар Түркия құрамасына да дәл осы есеппен жол берген. 

Ресейге қарсы ойын сырт алаңда өткен жолдастық матч болса, Түркияға қарсы кездесу 2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеуі еді. Оның үстіне матч өз алаңымызда, Алматыда өткен.

Құрама бас бапкері Сергей Тимофеев сол ойында мынадай құрам шығарған: Новиков, Ляпкин, Авдеев, Фамильцев, Дубинский, Байжанов, Карпович, Балтиев, Низовцев, Родионов, Крохмаль. 

Сол ойында бәрі бірінші таймда шешілді. 13-минутта Фатих Текке есеп ашса, екі минуттан соң Ибрахим Тораман есепті ұлғайтты. Тайм соңына қарай Тунджай Шанлы үшінші допты салған.

Матч осылай бітеді деп тұрғанда түріктер 85 пен 90-минут арасында тағы үш гол соғып тастаған. 

Тимофеев құраманы жаттықтырған тұста ұлттық командамыз 13 матчтің 12-сінде жеңіліп қалған. Ал Түркия құрамасына қарсы ойын өз алаңымыздағы ең ірі жеңіліс болып тарих бетінде әрі жазылып тұр. 

Черногория - Қазақстан 5:0

Ірі есеппен жеңілістер қатарына Черногорияда өткен матчті да қосуға болады. Бұл 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойын еді. Ол кезде де құраманы Талғат Байсуфинов жаттықтыратын. 

Іріктеудің алғашқы турында Польшамен тең түскеннен кейін жанкүйерлер Қазақстаннан Черногорияда да жақсы ойын күткен. Бірақ алаң иелері Байсуфинов шәкірттерін 5:0 есебімен тас-талқан етті. 

Бірінші таймда бүгінде "Астанада" ойнайтын Жарко Томашевич есеп ашқан. Ал үзілістен кейін черногориялықтар тағы төрт гол соқты. Никола Вукчевич, Стеван Йович, "Астананың" тағы бір ойыншысы Фатос Бечирай мен Стефан Савич көзге түскен. 

Сол жылы тағы бір жеңілістен кейін Байсуфинов қызметінен кеткен еді. Қазақстан құрамасы сол іріктеуде де жеңіске жете алмай, соңғы орын алған.  

Қазақстан - Беларусь 1:5

Қазақстандық жанкүйерлер ұмытқысы келетін, мүмкін ұмытып кеткен бір матчке тоқталайық. 2010 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде қазақстандықтар қатарынан екі матчте 1:5 есебімен жеңілген. Ол кезде құраманы неміс маманы Бернд Шторк жаттықтыратын. 

Алдымен Лондонда Англияға ірі есеппен есе жіберген. Ол кездегі ағылшындардың қарқынына қарап, есепке түсінікпен қарауға болады. 

Бірақ келесі матчте қазақстандықтар Алматыда Беларусьтен де 1:5 есебімен жеңілген. Ол кезде екі команданың да еншісінде үш ұпайдан бар еді. Қай жеңгені турнир кестесінде алға шығады. Қазақстан сапында Ренат Абдуллин гол соғып, бірінші таймда алаң иелері басым болған.

Ал екінші таймда Беларусь футболшылары жауапсыз бес гол тоғытып тастады.

Жанкүйерлер сол кезде Бернд Шторктың отставкаға кетуін талап еткен. Бірақ бапкер қызметінде қалып, бір жыл ішінде бірнеше рет ірі есеппен жеңілген болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети