РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
04 ноября 2020 | 16:18

16 жылда алғаш рет. "Қайраттың" чемпиондығы әділ ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: "Қайрат" ФК баспасөз қызметі Фото: "Қайрат" ФК баспасөз қызметі

Кеше "Қайрат" өз тарихында үшінші рет футболдан Қазақстан чемпионы атанды. Бірақ осы маусым проблемаға толы өтіп жатыр. Оның ішінде чемпионаттың пандемияға байланысты тек Алматыда өтуі көбіне ұнамады. Сондықтан барлық матчын Алматыда өткізген "Қайратты" әділетсіз чемпион дейтіндер де жеткілікті. Бірақ биыл Қазақстанда "Қайраттан" мықты болған клуб жоқ. Біріншілікте үшінші рет топ жарған "Қайраттың" әділетті чемпион болғанына негізгі үш себепті атайық.


Кеше "Қайрат" өз тарихында үшінші рет футболдан Қазақстан чемпионы атанды. Бірақ осы маусым проблемаға толы өтіп жатыр. Оның ішінде чемпионаттың пандемияға байланысты тек Алматыда өтуі көбіне ұнамады. Сондықтан барлық матчын Алматыда өткізген "Қайратты" әділетсіз чемпион дейтіндер де жеткілікті. Бірақ биыл Қазақстанда "Қайраттан" мықты болған клуб жоқ. Біріншілікте үшінші рет топ жарған "Қайраттың" әділетті чемпион болғанына негізгі үш себепті атайық.

Ұтымды трансфер 

Команданың чемпион болуына ең басты себепкер - футболшылар. Биылғы маусымның алдында "Қайраттан" Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Георгий Жуков секілді көшбасшылар кеткен болатын. Бірақ клуб басшылығы олардың орнын толтыра алды.

Командаға Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Яцек Гуральский, "қырғызстандық Месси" атанған Гүлжігіт Алықұлов, былтырғы маусымдағы үздік форвардтардың бірі Абат Айымбетов келді.


Абат Айымбетов. Фото: fckairat.com

Ал жазда пандемияға байланысты ел футболы тоқтап тұрған сәтте командаға 36 жастағы бразилиялық Вагнер Лав ауысты. Шабуылшының жасын ескеріп, Лав "Қайратқа" карьерасын бітіру үшін келді деген пікір айтылған. Бірақ бразилиялық футболшы сынның бәріне алаңда жауап берді.

"Қайратты" чемпион қылған осы жаңа футболшылар деуге негіз бар. Гуральский алаң ортасында, Алықұлов сол қапталда белсенді ойнады. Ал Абат чемпионатта 10 гол соғып, үздік сұрмергендер тізімінде келеді. Вагнер Лав болса, жаздан бері 15 матчта 10 гол мен 7 нәтижелі пастың авторы атанды.


Вагнер Лав. Фото: fckairat.com

Таяуда танымал футболшы Самат Смақов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Гуральский мен Вагнер Лавты ерекше атап өткен болатын.

Пандемия әсері

Пандемия салдарынан биылғы маусым жанкүйерлер есінде ұзаққа қалары анық. Себебі маусым барысында чемпионат екі рет тоқтатылды. Командалар жылдағыдай 33 ойын емес, 20 матч қана өткізеді. Оған қоса, ойынның бәрі Алматыда өтіп жатыр.

"Қайратты" әділетсіз чемпион болды дегендердің жалғыз аргументі осы. "Қайрат барлық матчын өз қаласында ойнады" дейді. Бірақ көбі "Астананың" да маусымда Талғарда бастағанын ұмытып кеткен секілді.


Фото: "Астана" ФК баспасөз қызметі

Расында, "Астанаға" да Алматыда ойнау қол болып отыр. Себебі "Астана Аренадағы" жөндеу жұмыстарына байланысты елордалық клуб маусымда Талғардағы стадионда бастаған еді. Пандемия болмаса, барлық клуб өз қаласында ойнаса, жалғыз "Астана" маусымның басым бөлігін Талғарда өткізуі мүмкін еді. Ал коронавирусқа байланысты барлық команда Алматы мен Талғарға жиналды.

Оның үстіне, жанкүйерлер стадионға жіберілмеді. Сондықтан, барлық команданың жағдайы бірдей болды.

Бұл тұста пандемияның тағы бір әсерін ескерген жөн. Командалар наурыздан тамызға дейін ұзақ уақыт ойнамай қалды. Футболдағы инфрақұрылымды ескерсек, көп команда жоғары деңгейде жаттығу жиындарын өткізе алмағаны рас. "Қайраттан" басқа. Себебі алматылық команданың базасында барлық жағдай жасалған, оқу-жаттығу жиынын өткізуге болады.


"Қайрат" базасы. Фото: fckairat.com

Сондықтан чемпионат қайта жалғасқан кезде футболшыларда физикалық тұрғыда проблема болған жоқ. Нәтижесі таңғаларлық - маусым жалғасқалы чемпионаттың 14 матчында 12 рет жеңіп, екі рет тең түскен.

Бәсекелестер сүрінуі

Расын айтқанда, биыл "Қайраттан" бөлек чемпион атағына лайық команда жоқ. Көп жылдан бері алматылық клубты чемпион қылмай келе жатқан "Астана" биыл сылбыр ойын көрсетті. Маусымды бастаған бас бапкер Михал Билек жазда қызметінен кетті. Оның орнына клуб басшылығы, неге екені белгісіз, атқарушы директор Пол Эшуортты бапкер қызметіне бекітті. Нәтижесінде клуб шешуші сәтте аутсайдер "Каспийден" жеңіліп қалды. Ал басты қарсыласы "Қайратқа" екі ойында да жол берді. Оның бірінде ірі есеппен жеңілді.


Пол Эшуорт. Фото: "Астана" ФК баспасөз қызметі

Бұл маусымда "Қайратқа" қостанайлық "Тобыл" күш көрсете алады деген болжам да айтылған. Бірақ қостанайлықтар чемпиондық жарыстан ерте шығып қалды. Себебі тамызда команда бір апта ішінде "Қайрат" пен "Қайсардан" жеңілген. Кейін "Ордабасыға" 0:4, "Астанаға" 0:1 есебімен жол берді. Тамызды аяғында "Қайрат" қостанайлықтарды 4:0 есебімен тас-талқан етті.


"Тобыл" - "Қайрат" матчы. Фото: "Тобыл" ФК баспасөз қызметі

Әдетте үздіктер қатарына кіретін шымкенттік "Ордабасы" да алматылық клубтан екі ойында жеңілді.

Нәтижесінде "Қайрат" маусымның бітуіне үш тур қалғанда ел чемпионы атанып отыр. Алматылық ұжым барлық статистика бойынша үздік. Чемпионатта 44 гол соққан. Одан кейінгі үздік көрсеткіш "Астанада" - 25 гол. Айырмашылықты байқадыңыз ба?

Енді алматылық клубқа кем дегенде осы құрамын сақтап, мүмкін болса, одан сайын күшейту қажет. Себебі араға 16 жыл салып, "Қайрат" Чемпиондар лигасында бақ сынайды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети