29 августа 2021 | 09:35

Жарылыс болған Байзақ ауданында кәсіпкердің үйінен үйілген снаряд табылды

Видео кадрлары

Таяуда жарылыс болған Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер аулындағы мейрамхананың ауласында снарядқа ұқсас заттар шашылып жатыр. Оларды тұрғындар қорғасынын алып, бөлшектеп, кейін тапсырады екен. Бұл туралы Аibat жаңалықтар қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таяуда жарылыс болған Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер аулындағы мейрамхананың ауласында снарядқа ұқсас заттар шашылып жатыр. Оларды тұрғындар қорғасынын алып, бөлшектеп, кейін тапсырады екен. Бұл туралы Аibat жаңалықтар қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жобаның Instagram-парақшасындағы видеодан снарядқа ұқсас темір зат үйіліп жатқанын көруге болады.  

"Байзақ ауданы тұрғындарының айтуынша, ауыл халқы Арыста жарылыс болған қоймадан жеткізілген снарядтарды бөлшектеп, ішінен қорғасынын алып, өткізеді екен", - дейді Аibat тілшісі Данияр Әлімқұл. 

Реклама
Реклама

Видеода көрсетілген снарядтар қауіпсіз секілді, себебі іші босатылған, тек сыртындағы темірі қалған. 

"Бірақ кейбірін ұстауға, жолауға болмайды. Өйткені арасында күдік тудыратыны бар. Жарылып кетуі мүмкін", - дейді журналист.

Ауыл тұрғындары бұл снарядтың бәрі соның маңындағы мейрамхана қожайынына тиесілі екенін айтты. 

"Балаларымдікі. Бәрінің құжаты бар, әскери прокуратурадан келіп көрген. Қайдан және қашан әкелінгенін білмеймін. Арыстан шығар. Бұлар қауіпсіз", - дейді видеодағы әйел. 

Еске салайық, 2019 жылы маусымда Арыстағы әскери бөлімнің қоймасында бірнеше жарылыс болған еді. 

Ал биыл 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. 

Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірген. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ол Тараз тұрғындарын сабырға шақырды.

Жарылыстан жалпы саны 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алған. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram