РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
11 января 2022 | 18:10

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде дүкенге шыққан зейнеткер 5 күннен бері табылмай жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде зейнеткер дүкенге кетіп, із-түссіз жоғалған. Үйден шығып кеткеніне бес күн болған. Балалары әлі күнге іздестіріп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі баласы Асыл Мұхаметәлиевпен сөйлесіп, жағдайдың мән-жайын білді. 


Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде зейнеткер дүкенге кетіп, із-түссіз жоғалған. Үйден шығып кеткеніне бес күн болған. Балалары әлі күнге іздестіріп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі баласы Асыл Мұхаметәлиевпен сөйлесіп, жағдайдың мән-жайын білді. 

Асылдың әкесі Исын Мұхаметәлиев 6 қаңтарда түскі уақытта дүкенге шығып кеткен. Содан үйіне оралмапты. 

"Әкем 65 жаста, зейнеткер. 6 қаңтарда "Алматы Аренаның" артында, Оңғарсынова көшесінде дүкенге шыққан еді. Ол кезде әкем қалада болып жатқан жағдайды білмеді. Дүкенге барамын деп жеңіл киініп кеткен", - дейді Асыл. 

Оның айтуынша, Исын Мұхаметәлиев үйінен шыққан кезде қою көк түсті жеңіл күрте, ақ түсті кофта, сұр түсті шалбар, қара аяқ киім мен қара бас киім киіп кеткен. 

Исын Мұхаметәлиевтің белгілері:

- 65 жастағы зейнеткер
- мұрты ағарған
- шашы қара
- көзі қара
- қараторы
- бойы аласа, 160 сантиметр шамасында
- иығында өрттен қалған тыртық бар
- тек орысша сөйлейді.

"Басында келіп қалар деп күттік. Жоғалып кетеді деген ой келмеді де. Өте мейірімді, қашан да көмектесуге дайын тұрады. Жоғалғанына бес күн болды. Алматыда іздемеген жеріміз жоқ", - дейді ұлы.

Әкесі оралмаған соң балалары 1414-ке хабарласқан. Бұл - тәртіпсіздіктер кезінде із-түссіз жоғалғандар туралы ақпарат беретін шұғыл желі. 1414 call-орталығында зардап шеккендер мен із-түссіз кеткендерді іздестіру бойынша база ұйымдастырылған. 

"1414-ке хабарласып, әкемізді толық сипаттап бердік. Кейін досыммен бірге әкемді іздей бастадық, таныстарымыз мәйітханалардан бастау керегін айтты. Қазыбек би көшесіндегі, Байтұрсынов көшесіндегі Орталық мәйітханаға, Алғабастағыға, басқа да мәйітханаларға барып-қайттық. Өзім кіріп, мәйіттер арасынан әкемді іздедім. Онда жоқ, арасында зейнеткер аз, көбі - жастар. Тек бір-екі зейнеткерді көрдім, әкем емес", - дейді Асыл. 

Кейін ол Аудандық ішкі істер басқармаларын шарлаған. Ол жақтан да таппапты.  

"Қызметкерлер ешқандай ақпарат жоғын айтты. 1414-тен хабарласқандар күтіңдер деді. Бірақ бүгінге дейін әлі ешқандай хабар жоқ. Тек өзіміз іздеп, хабар келіп қалар деп телефонға телміріп жүрміз", - дейді Асыл. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети