Алматыда жоғалған 48 жастағы Дариға Әбілахимова табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда жоғалған 48 жастағы Дариға Әбілахимова табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Табылды. Аман", - деп хабарлады ІІД өкілдері. Әйелдің туыстарының айтуынша, ол түнде табылған. Қазіргі уақытта ауруханада екен. Оның қайда және қандай жағдайда жоғалғаны туралы мәліметтер жоқ.
Айта кетейік, әйел 13 мамырда таңғы сағат 5.30-да Райымбек даңғылының бойындағы "Жібек жолы" автобөлшек сататын базардан "Апорт" сауда орталығына қарай шығып кетіп, содан оралмаған. Туыстары жұмбақ жағдайда жоғалған әйел туралы Наурызбай аудандық полициясына арыз жазылғанын айтқан еді. "Полицияға арыз жаздық, қабылдады. Үйде жанжал болмаған. Сол күні таңғы уақытта саумал алуға кеткен. Содан оралмады", - деп хабарлаған еді жоғалған әйелдің туысы.