РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
27 октября 2020 | 12:25

Польшада түсік жасатуға тыйым салынды: Ереуіл басылмай жатыр

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Cezary Aszkielowicz/Agencja Gazeta via REUTERS) Фото: Cezary Aszkielowicz/Agencja Gazeta via REUTERS)

Польшада Конституциялық сот 22 қазанда абортқа қатысты заңнамаға өзгерістер енгізді. Енді бұл елдің әйелдері тек зорланса, өз денсаулығы мен өміріне қауіп төнсе жүктілікті тоқтата алады. Осыған байланысты тұрғындар бес күннен бері жаппай наразылық шараларын өткізіп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Польшадағы жағдайды баяндайды.


Польшада Конституциялық сот 22 қазанда абортқа қатысты заңнамаға өзгерістер енгізді. Енді бұл елдің әйелдері тек зорланса, өз денсаулығы мен өміріне қауіп төнсе жүктілікті тоқтата алады. Осыған байланысты тұрғындар бес күннен бері жаппай наразылық шараларын өткізіп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Польшадағы жағдайды баяндайды.

Бұған дейін Польшада жатырдағы баланың денсаулығында кінәрат болып, емі жоқ, өміріне қауіпті ауруы болса, әйелге түсік жасатуға рұқсат беретін. Алайда 22 қазанда Конституциялық сот бұл заң нормасы Конституцияға сәйкес емес деп шешті.

"Елдегі консерватив үкімет дәстүр принциптеріне одан әрі "кірісіп кетті", - деп жазады gazeta.ru

Кім қарсы, қанша адам қолдайды?

Жалпы Польшада аборт мәселесі қоғам ішінде түрлі пікірдің белең алғанын көрсетті. 2014 жылы польшалықтардың 65 пайызы түсік жасатуды қолдамайтыны анықталған. Ал 27 пайызы онда тұрған ештеңе жоқ деп есептесе, сауалнамаға қатысқандардың 8 пайызы қарсы не қолдайтынын білмеген. Алайда бірнеше жылдан бері сауалнамаға қатысқандардың көбі заңның қатаңдатылғанына қарсы пікір білдіріп келеді. 

Ресми статистикада мың аборт, заңсыз 120 мың аборт

Жыл сайын Польшада жүктілікті тоқтату үшін мыңға жуық ота заңды түрде жасалады. Алайда әйелдердің құқығын қорғау жөніндегі топ польшалық 80-120 мың әйел елде немесе шетелге барып заңсыз аборт жасайтынын анықтаған.

"Бұл - соғыс: қара қолшатыр, шам"

Конституциялық соттың шешіміне қарсы польшалықтар бірнеше қалада ереуілге шықты. Олар шам шағып, қолына қара қолшатыр ұстады және "Қаныпезерлер, артыңыздар келеміз" және "Бұл - соғыс" деген сөздерді хормен айтты

"Конституциялық соттың шешімі абортқа тұтастай тыйым салуды білдіреді. Себебі Польшада заңды жасалатын аборттың 98 пайызы жатырдағы баланың денсаулығындағы кінәратқа байланысты жасалады", - деді "Әйелдер және отбасын құруды жоспарлау" үкіметтік емес ұйымның басшысы Кристина Кацпура.

Варшавада ереуілге шыққандар негізгі көшелерді шамамен бір сағат бойы жауып, көлік пен трамвай жүре алмай қалды. Кейбірінің қолында "Үкіметке аборт жасағымыз келеді" деген жазу болды. 

Польша - католик шіркеуінің әлеуеті зор ел

Польша президенті Анджей Дуда және Польша Католик шіркеуінің жоғары иерархтары абортқа қатысты жаңа заңнаманы қолдады. Негізінде католик шіркеуінің әлеуеті зор ел үшін мұндай іс-қимыл "ерекше" болып отыр. Польшалық ереуілшілер шіркеу мен храмдардың төбесіне шығып, қабырғасына сурет салды. 

Полиция не істеді?

Полиция алдымен Варшавада 100-деген құраммен ереуілді бақылап тұрды. Кейін ел ішінде белең алғаннан кейін басқа шара қабылдауға көшті. Құқық қорғаушылар ереуілге шыққандардың көзін жасаурататын газ шашты. Бірнеше адам тұтқындалды.
 

Жағдай әлі басылмады

Бес күн басталған ереуіл әлі де басылар емес. Кеше елдегі 50 қалада наразылық білдірушілер көшелерді жапты. Польшаның Киев пен Лондондағы елшіліктерінің алдына да польшалық азаматтар наразылық білдіріп жиналды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети