РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
09 июля 2020 | 15:49

"Өзенге секіріп, ағып кете жаздаған". Алматы облысында шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:  tengrinews.kz Фото: tengrinews.kz

Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша басқармасы ҰҚК департаментімен бірлесіп, Текелі ауданы әкімі аппаратының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

"Ол "Мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігінің директорынан "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын" іске асыру аясында жүргізіліп жатқан Текелі қаласының аумағын абаттандыру туралы жасалған келісімшарт бойынша қоғамдық бірлестіктің қызметіне жалпы қамқорлық көрсету үшін 1,5 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді", - деді ол Facebook желісінде өткен онлайн брифингте.

Сонымен қатар, Қайсар Баржақсынов шенеунік оқиға орнынан қашып кетпек болғанын атап өтті.

"Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысының әрекетін әшкерелеу кезінде ол өз басын қауіп-қатерге тігіп, оқиға орнынан жасырынбақ болды. Ол өзенге секіріп, ағып кете жаздады. Алайда, оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ұстады", - деді тергеуші.

Ол тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети