21 шілдеде Түркістан облысында қайынәпкесі мен келінінің арасында шыққан дау Желіде қызу талқыға түсті. Қайынәпкесі келіні газды жумағанына бола шанышқыны қыздырып, бетіне басқан. Әлеуметтік желілерде бетіне "ен салынған" Гүлзираның (келіні - еск.) суреті тарап кеткен болатын. Гүлзираның қазіргі жағдайы қалай? Енді оның отбасы қандай шара қабылдайды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Гүлзираның сіңлісі Гүлдарина Баударбекова айтып берді.
21 шілдеде Түркістан облысында қайынәпкесі мен келінінің арасында шыққан дау Желіде қызу талқыға түсті. Қайынәпкесі келіні газды жумағанына бола шанышқыны қыздырып, бетіне басқан. Әлеуметтік желілерде бетіне "ен салынған" Гүлзираның (келіні - еск.) суреті тарап кеткен болатын. Гүлзираның қазіргі жағдайы қалай? Енді оның отбасы қандай шара қабылдайды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Гүлзираның сіңлісі Гүлдарина Баударбекова айтып берді.
Гүлдаринаның айтуынша, бұл Түркістан облысы Балтакөл ауылында осыдан шамамен үш ай бұрын, 17 мамырда болған жағдай екен. Ал өзі бұл жағдай жайлы бір аптадан кейін білген.
"Қайынәпкесі "газды жумадың" деп бетіне ыстық шанышқыны басқан ғой. Тұрмысқа шығып, сол отбасында тұрып жатқанына 11 жылдай болды, 2010 жылдан бері тұрып келе жатыр. Бір қызы, бір ұлы бар. Бұған дейін мұндай жағдайлар болмаған", - дейді Гүлдарина.
Гүлзира бүгінде келін болып түскен әулетінде тұрып жатыр.
"Күні кеше үйде ата-анамызға құран оқытқанбыз. Сол кезде олар келіп, қайынәпкесі барлық ағайынның алдында кешірім сұрап, жылап, Гүлзираны қайтадан алып кетті.
Ал сол күні полиция, прокуратура өкілдері келіп, әпкемді Түркістанға алып кетті. Сол жақта тергеу жүргізілді деді, енді келесі аптада сот болады. Біз кешірім бергенімізбен сот бәрібір болатыны айтылды", - дейді жәбірленушінің сіңлісі.
Гүлдаринаның айтуынша, әпкесінің күйеуінің де ақыл-есі кемістеу екен.
"Әпкемнің күйеуі де өзі секілді сәл ақыл-есі кемістеу. Әпкеме артық тиіспейді, оның тарапынан ешқандай қорлық көрмеген", - дейді ол.
Гүлдаринаның сөзінше, Гүлзираның келін болып түскен отбасы оны баспана кезегіне де қоймаған болып шыққан.
"Бұған дейін оның отбасы Гүлзираны баспана кезегіне қойғанын айтқан еді. Бірақ олар күні бүгінге дейін алдаған болып шықты: ешқандай кезекке қоймаған. Егер бұған дейін бізді алдамаған болса, өзім-ақ кезекке қойып қояр едім. Ендігі үй де алатын еді. Өзім Халыққа қызмет көрсету орталығына барып баспана кезегіне қойып келдім", - дейді Гүлдарина.
Бүгінде Гүлзираның бетіндегі жарасы тыртық болып қалған.
"Ол жағдайдан кейін ауруханаға барған жоқпыз. Жедел жәрдем шақырған едік, жарасы жазылып кеткенін айтып, ешқандай қағаз да бермеген, ауруханаға апармаған. Бұл негізі 17 мамырда болған жағдай. Мен бұл туралы бір аптадан кейін білдім. Ол кезде беті жазылып кеткен. Оған дейін маған ешкім айтпаған", - деді Гүлдарина.
Еске салайық, бұл жайтқа байланысты Түркістан облысының Полиция департаменті өкілдері де пікір білдірген болатын. Бұл жайт облыстық ПД басшысының жеке бақылауына алынғаны хабарланды.
"Бетін қызған шанышқымен күйдірген". Түркістан облысындағы сұмдық жайтқа полиция пікір білдірді
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!