РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
10 сентября 2019 | 12:56

5 жылға созылып жатқан Ақжарқын Тұрлыбай ісі қалай басталған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақжарқын Тұрлыбай адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетовпен Ақжарқын Тұрлыбай адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетовпен

9 қыркүйекте Қытайда қамауға алынған Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Зухра Сейтімова соңғы бірнеше жылда қызымен алғаш рет 3 қыркүйекте Гуанчжоуда кездескенін әңгімеледі. Сот қызы мен анасына 15 минут сөйлесуге рұқсат берген. Өмір бойына бас бостандығынан айырған Қытай соты неліктен үкімінің күші жойып, істі қайта қарауға жіберді? Tengrinews.kz тілшісі Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне шолу жасады. 


9 қыркүйекте Қытайда қамауға алынған Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Зухра Сейтімова соңғы бірнеше жылда қызымен алғаш рет 3 қыркүйекте Гуанчжоуда кездескенін әңгімеледі. Сот қызы мен анасына 15 минут сөйлесуге рұқсат берген. Өмір бойына бас бостандығынан айырған Қытай соты неліктен үкімінің күші жойып, істі қайта қарауға жіберді? Tengrinews.kz тілшісі Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне шолу жасады. 

Іс 2014 жылы басталды

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы 3 наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған. Қытай мемлекеті оны 4,5 келі синтетикалық есірткі тасымалдады деп айыптаған. 2 сәуірде 20 жастағы қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай есірткі тасымалдады деген күдікпен Гуанчжоу қаласында тергеу изоляторында отырғаны хабарланған. Туыстарының айтуынша, олар Ақжарқынмен соңғы рет сол жылы 9 наурызда сөйлескен. Артынан аяқ астынан байланыс үзілген. Ақжарқынның ата-анасы қыздары алаяқтардың құрбаны болғанын айтып, Сыртқы істер министрлігінен көмек сұраған. 

Ақжарқынның бұл шетелге алғаш шығуы болған. Сәнді киім курьері болуға оны құрбысы көндірген. Ақжарқынды Алматы қаласында жұмыс істейтін Алена және Джонни есімді азаматтар Қытайға киім тасымалдауға жіберген. Бірақ шабаданның ішінен есірткі шыққан

Ақжарқынның ата-анасының ойынша оны Джонни есімді азамат алдап кеткен © ktk.kz

Айыпталуышының ата-анасы тегін құқық қорғаушыдан бас тартып, тәжірибелі, мықты адвокатқа қаражат жинаған. 2014 жылы тамызға қарай істі елшілік ұсынған екі адвокат қолына алған. Бұл туралы Қазақстанның Қытайдағы сол кездегі елшісі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеген. 

Алғашқы отырыс

Зухра Сейтімованың айтуынша, іс бойынша алғашқы отырыс 2015 жылдың 3 қыркүйегіне жоспарланған. Ақжарқынның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетовтің айтуынша, істі бірден 3 судья қараған. 2015 жылы 15 маусымда сот Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айырған. Артынша Ақжарқынды елге экстрадициялау мәселесі де қозғалған. 2011 жылы Қытай мен Қазақстан арасында сотталған адамдармен алмасу туралы келісім болған. Қазақстан тарапы келісімді ратификациялағанымен, Қытай елі әлі шешім қабылдамаған. Тиісінше Ақжарқын Тұрлыбайды елге экстрадициялауда мәселелер туған. 

"Ақжарқын Тұрлыбайды нигериялық есірткі мафиясы алдап кеткен"

Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орта Азиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығының сол кездегі басшысы Аманжол Оразбаев Ақжарқынның Нигериялық есірткі мафиясының құрбаны болғанын мәлімдеген. Орталық бірнеше жыл болы халықаралық "Черный тюльпан" операциясын зерттеп келген. Сөйтсек, нигериялық есірткі мафиясы Қазақстандық қыздармен қоса Қырғызстан және Ресей азаматшаларын да алдап соққан екен. 

2015 жылы 24 маусымда ресейлік БАҚ беттерінде халықаралық есірткі тасымалдаушылар жайында жаңа ақпараттар пайда болған. Есірткі тасымалдаушылардың бірі Ленц лақапатымен белгілі мафия бастығының ізіне түсуге көмектескен. Ленц есірткі курьерлерін жалдау мен Тайландқа кокаин жеткізу арналарын ұйымдастыруға жауапты болған. Оның құрбандары көбіне басы бос қыздар болған. 

Аманжол Оразбаевтың айтуынша, құрбандарынан шабадан не сөмкені алып келуді өтінген. Алайды олар шабаданда есірткі барын ұсталған кезде бірақ білген. Сөйтіп, Жібек Сакеева, Анастасия Яичникова, Ақжарқын Тұрлыбай , Мария Дапирка, Светлана Кулбаева, Шовкатбек Юсупжанов, Семен Соболь, Чолпон Шаимбетова есірткі мафиясының құрбаны болған. 

Ленцтің өзін жедел уәкілдер қамауға алған. Оның үйін тінту барысында есірткі тасымалдаған бірнеше ресейлік азаматтың төлқұжатының көшірмесі табылған. 

Қытайдың тергеу изоляторындағы өмірі

Ақжарқын Тұрлыбай анасымен болған 5 минуттық кездесу барысында тергеу изоляторындағы жағдай туралы айтып берген. Оның айтуынша, қамауда оған жақсы жағдай жасалған. Алты айда бір медициналық тексеруден өтетінін, күніне үш рет тамақ берілетінін айтқан.


Сот отырысы © Сұңқар Нұрмахамбетов

Сот отырыстары кезінде Ақжарқын есірткі тасымалдауға еш қатысы жоқ екенін айтқан. 

Сот үкімі қайта қаралды

2016 жылы 6 мамырда Қытай соты қайта шағымданған Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы шешімнің күшін жойды. Сот отырысына Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан және Қытай адвокаттары болған. Артынша сот тергеуі аяқталғанша Гуанчжоудағы тергеу изоляторында қамауда болатыны анықталды. 


Ақжарқын Тұрлыбай. Әлеуметтік желілердегі фото

2017 жылы адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов сот отырысы болатын күнді мәлімдеген. Оның айтуынша, отырыс 2017 жылы 27 не 28 ақпанда болуы керек болған. Алайда 27 ақпанда іс белгісіз уақытқа кейінге қалдырылғаны белгілі болды. Төрт ай өткеннен кейін Ақжарқынның адвокаты істің дипломатиялық рәсімдерге байланысты кейінге шегеріліп жатқанын мәлімдеген. 

Ал Ақжарқынның Қытайдағы адвокаты Қытай заңында қылмыстық істі аяқтаудың нақты мерзімі жоқ екенін айтқан. 

 

Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша жаңа мәліметтер пайда болды

2018 жылы 17 қыркүйекте Ақжарқын Тұрлыбай ісі апелляциялық қарауда жатқаны және облыстық деңгейге ауыстырылғаны хабарланған. 

"Оның адвокаты мен біздің консул тығыз байланыста. Қытай заңына сәйкес қылмыстық істі аяқтаудың нақты мерзімі жоқ. Қытай елінен жаңалықтар күтеміз. Шешім шыққан кезде, бірден хабарын береміз", - деп мәлімдеген сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. 


Ақжарқын Тұрлыбай анасы Зухра Сейтімовамен сот залында. © facebook.com/KazakhstanMFA

Биыл 3 қыркүйекте Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша Қытайда сот отырысы болды. Сот екі сағатқа созылған. Адвокаттың айтуынша, Ақжарқын қытай тілінде куәлік еткен. Қылмыстық іс бойынша сот шешімі әлі шықпаған.  

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети