РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
18 октября 2021 | 12:58

"Ойнаймыз ба?" Қазнетте "Игра в кальмара" туралы әзілдер тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Игра в кальмара" сериалы әлі де трендте. Сериалдағы басты кейіпкерлердің парақшаларына күн сайын миллиондаған оқырман жазылса, бүгін Netflix сериалдан шамамен 900 миллион доллар табуы мүмкін екені белгілі болды. Сериал әлеуметтік желіде де қызу талқыланып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі сериалға байланысты Қазнетте тараған мемдерді жинады. 


"Игра в кальмара" сериалы әлі де трендте. Сериалдағы басты кейіпкерлердің парақшаларына күн сайын миллиондаған оқырман жазылса, бүгін Netflix сериалдан шамамен 900 миллион доллар табуы мүмкін екені белгілі болды. Сериал әлеуметтік желіде де қызу талқыланып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі сериалға байланысты Қазнетте тараған мемдерді жинады. 

Бұл полицейлердің көлігіне орнатылған "Сергек" камерасы болуы мүмкін. 22 қыркүйекте Алматыда мобильді "Сергек" пайда болған еді. Полиция департаментінің мәліметінше, 20 қыркүйекте қалада айыппұл төлемей жүргендер бойынша жұмыс басталған. Ал мұны Желі қолданушылары "Игра в кальмара" фильміндегі кадрға ұқсатқан. 

View this post on Instagram

Публикация от QARAKZ ?? (@qarakz)

Бұл видеода Қазақстандағы жемқорлық мәселе көрсетілген. 

Танымал вайнер Темірхан Асылбек (Territima) "Игра в кальмара" туралы түсірген видеосында кредит, проблеманы таныс арқылы шешу деген секілді мәселелерді көтерген. Вайнердің видеосы бойынша қатысушыларға берілетін бас жүлде автокөлік болған. 

"456 нөмірлі костюмге сұраныс көп". Қазақстандық кәсіпкерлер атақты сериалдан бизнес жасады

"Ақтөбе" мен "Қайрат" клубтары желіде осы сериалға қатысты мемдер жариялап, бір-біріне әзілдеді. Матч алдында ақтөбелік клубтың баспасөз қызметі желіде "Игра в кальмарадағы" кейіпкерлер орнына өз футболшыларын қойып, "Ойнаймыз ба?" деп жазды. Бұл "Қайрат" клубына арналған әзіл болатын.

Ақтөбеде өткен ойында "Қайрат" 2:1 есебімен жеңіске жетті. Алматылық клубтың жауабы көп күттірмеді. Клуб баспасөз қызметі "Ақтөбе" ойыннан шықты" деп жазды да, сериалдағы кадрды жариялады.

Ал "Ақтөбе" болса, бұл жеңілісті де әзілге айналдырды.

Үздік актерлік құрам, сюжет. "Игра в кальмара" сериалы көрерменді несімен қызықтырды?

Қазақстандық асабалар да сериалдың элементтерін пайдалана бастаған. 

Әнші Nazima да трендте. Ол қызы және сіңлілерімен сериалдағы кадрға видео түсіріп, билеген.  

"Байдың балалары" Жайдарман командасының мүшелері "Көрші" атты инста-сериал түсірген. Инста-сериалдың төртінші бөлімінде басты кейіпкерлер "Игра в кальмара" сериалындағы жағдайға тап болады. 

Айта кетейік, Netflix сериалды шығаруға барлығы 21,4 миллион доллар, бір эпизод үшін 2,4 миллион доллар жұмсаған. Сондай-ақ, Netflix есептерінде адамдар сериалды көруге 1,4 миллиард сағаттан астам уақыт жұмсағанын, сериалдың алғашқы 23 күнінде шамамен 132 миллион адам "Игры в кальмара" аз дегенде екі минут көрген.

Bloomberg жариялаған америкалық Netflix ағындық қызметінің құжаттарына сәйкес, платформа Оңтүстік Кореяның "Игры в кальмара" сериалынан шамамен 891,1 миллион доллар табуды жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети