ПОДЕЛИТЬСЯ
10 февраля 2020 | 21:42
Оскар-2020: Голливуд жұлдыздары қызыл кілемге не киіп шықты?
Бүгін, 10 ақпанда Лос-Анджелесте "Оскар" сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Tengrinews.kz тілшісі марапаттау рәсіміне келген Голливуд жұлдыздарының көрермендерді бұл жолы қандай сәнді киімдермен таңғалдырғанын анықтап көрді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін, 10 ақпанда Лос-Анджелесте "Оскар" сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Tengrinews.kz тілшісі марапаттау рәсіміне келген Голливуд жұлдыздарының көрермендерді бұл жолы қандай сәнді киімдермен таңғалдырғанын анықтап көрді.
Айта кетейік, "Оскар-2020" қорытындысы бойынша "Паразиты" (Gisaengchung) фильмі "Үздік фильм" номинациясын алды.
Әлемдік БАҚ өкілдері бұл жолы актриса Скарлетт Йоханссонның образына жоғары баға беріп отыр. Актриса "Оскар" жүлдесіне ұзын сұр түсті көйлек киіп келді. Скарлетт Йоханссон "Кролик Джоджо" фильміне түскен еді. Ол осы жүлдеде "Үздік әйел рөліне" үміткер болатын. Алайда ол номинацияны актриса Лора Дерн ("Брачная история") жеңіп алды.
Скарлетт Йоханссон / © REUTERS
Ал ең көп талқыланып жатқан образ деп актер Билли Портердің образын айтуға болады. Бұл образ бүкіл көрермендерді таңғалдырды. Ерекше көйлекті актердің жеке стилисі таңдап беріпті. Сондай-ақ, марапаттау рәсімінің соңында актердің ерекші әрі сәнді көзілдірік кигені айтылады.
New York Times мәліметінше, бұл көйлекті тігуге бір ай уақыт кеткен.
Билли Портер © REUTERS
Айта кетейік, актер осыған дейін де көрермендерді таңғалдырған болатын. Биылғы Грэмми жүлдесінде актер образымен ерекшеленген еді.
"Екінші пландағы үздік әйел рөлі" номинациясында жеңген ("Брачная история" фильмі") Лора Дерн де бұл жолы көрерменін таңғалдыра білді. Актриса іс-шараға сәнді ұзын көйлек киіп шықты. Америкалық актриса осыған дейін де бірнеше жыл бойы "Оскар" жүлдесіне үміткер болған екен.
Лора Дерн. © REUTERS
Режиссер Спайк Ли марапаттау рәсімінде Коби Брайантқа құрмет көрсетті. 62 жастағы кинорежиссер "Оскар" марапатына баскетболшының нөмірі өрнектелген костюм киіп келді. Ол іс-шараға әйелі әрі продюсері Тоня Льюис Лимен келді.
Spike Lee pays tribute to Kobe Bryant with his #Oscars red carpet look https://t.co/BYOjau0Mir pic.twitter.com/PQ1xxI1kzY
— The Hollywood Reporter (@THR) February 9, 2020
Ал актриса Сальма Хайек Gucci-дың ақ түсті көйлегін киіп ерекшеленді. Әлемдік БАҚ актрисаның бұл образын "Греческая богиня" деп жазып жатыр. Осылайша, 53 жастағы Сальма Хайек өте нәзік образда болды.
Сальма Хайек.
"Оскар" жүлдесіне үміткер болған тағы бір актриса - Шерлиз Терон. 45 жастағы актрисаның көйлегі барлығының назарында болған.
Шетелдік журналистердің айтуынша, актриса Жанель Монэ Голливудтағы ең сәнді актриса. Сұлулықтың символы деп саналады екен. Бұл жолы актриса өте ерекше көйлекпен шықты.
Ralph Lauren есімді модельер тігіп берген көйлек миллиондаған доллар тұрады екен.
Thom Browne көйлегін киген актриса Зази Битц те көрермен назарынан тыс қалмады. Голливуд жұлдызы "Джокер" фильміне түскен болатын.
Зази Битц. © REUTERS
Актриса Руни Мара да марапаттау рәсіміне қара түсті көйлек таңдапты. Голливуд жұлдызының бұл образы үздік образдардың ішінде жүр. Дизайнер Alexander McQueen-ның көйлегін киген актриса көйлектің пішінін өзі таңдапты.
Руни Мара. © REUTERS
33 жастағы актриса Синтия Эриво да өзге Голливуд жұлдыздары сияқты образымен ерекшеленді.
Синтия Эриво. © REUTERS
Показать комментарии
Читайте также