РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
26 октября 2020 | 17:23

"Иә, бұл сатира". "Борат-2" фильмін көрген қазақстандықтар

ПОДЕЛИТЬСЯ

23 қазанда атышулы "Борат-2" фильмі шықты. Көптеген қазақстандық фильмнің басты кейіпкері ұлтты масқаралады деп санайды. Ал фильмнің екінші бөлімін көріп шыққан қазақстандықтар "Борат-2" Қазақстан туралы емес екенін жазып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі фильмнің екінші бөлімін көрген қазақстандықтардың пікірін жинады.   


23 қазанда атышулы "Борат-2" фильмі шықты. Көптеген қазақстандық фильмнің басты кейіпкері ұлтты масқаралады деп санайды. Ал фильмнің екінші бөлімін көріп шыққан қазақстандықтар "Борат-2" Қазақстан туралы емес екенін жазып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі фильмнің екінші бөлімін көрген қазақстандықтардың пікірін жинады.   

Марат Кум есімді Facebook қолданушысы "Борат-2" фильмін көргенін, ол біріншісінен жаман болмаса, жақсы емес екенін айтады. 

"Бюджеті аз екені, елдің тұрмақ қандай да бір адамның имиджіне әсер етпейтіні көрініп тұр. Көркемдік тұрғыдан мүлдем сорақы кино...", - дейді ол. 

Киносыншы Карим Қадырбаев фильмде негізінен әйелдер құқығы мәселесі көтерілгенін және фильмдегі месседж барлық адамға жеткенін қалайтынын айтады. 

"Қазақстанда "Борат-2" фильмін көрген алғашқы адам секілдімін. Наразы адамдар көп болатынын түсінемін. Бірақ Коэн көкейтесті мәселені көтерген кино түсірген, оның ішінде - әйелдер құқығы бар. 

Бірінші фильмге қарағанда бұл жерде провокация екінші орынға кететін, ал Бораттың қыздарымен қарым-қатынасы бірінші орынға шыққан құрылымдық драма бар. Егер картинаға "31 каналдағы" реалити-шоудағы жәбірленушіні зорлықшымен татуластыруға тырысқан кез, тойда "Күйеуінің таяғын жемеген қатын - қатын емес" деген сөзді айтқан әйелдің видеосын, тұрмыстық зорлыққа қатысты қараусыз қалған мыңдаған іс пен өңірлерде қыздарымызды алып қашып, ата-анасы "Сен бізді масқара етесің" деп кері қайтармай қойған жағдайларға тік қарасақ, "Борат-2" еліміздің ішінде шынымен не болып жатқанын жеңіл түрде көрсеткен секілді. 

Иә, бұл сатира. Ал сатира - икемсіз адамның қолында болса, біреуді жарақаттап, тіпті өлтіріп жіберетін өткір құрал секілді. Бұл жазба біраз наразылық тудыратынын түсінемін (айтпақшы, қоқан лоқы көрсетуге де тырысқан), бірақ Коэн көрсеткен месседж барлық адамға жеткенін қалаймын", - дейді киносыншы. 

"Бұл нағыз Қазақстан емес". Танымал тұлғалар Борат туралы не дейді?

Ал Федор Ковалев есімді павлодарлық журналисттің айтуынша, фильм қазақтар және Қазақстан туралы емес. 

"Бұл Трамптың жақтастары - Республикалықтар мен олардың электораттарына қатысты өткір саяси сатира. Фильм Демократтар партиясының тапсырысымен түсірілгені сөзсіз. "Борат-2" фильмінің АҚШ-тағы президенттік сайлау қарсаңында бекер шықпағаны анық. Борат америкалықтарды, әсіресе Республикалықтарды қатты әжуалайды. 

(...) Бұл мемлекеттік тапсырыс емес екені түсінікті және фильм АҚШ үкіметінің пікірін білдірмейді. Бірақ қазіргі президент Трамптың да пікірін білдірмейтінін атап өткім келеді. Себебі АҚШ билігіне демократтар келсе, Қазақстан қайтадан олардың қысымына түседі", - дейді ол

Журналисттің сөзінше, фильмнің соңында жазбаша жауапкершіліктен бас тарту туралы 5 секундтық дисклеймер бар:

"Бұл фильмде Қазақстанмен байланысты кез келген адамның шынайы сенімдерін, әдет-ғұрпын немесе мінез-құлқын жеткізуге арналған ештеңе жоқ" делінген. 

Бұл адамға айтарыңды айтып алып, мұның саған қатысы жоқ деп сыпайы құтыла салумен бірдей. Ал сен тұр да және толерантты түрде жағдайдан шығып кет. Қазақстандықтар осы "құндылықтарды" қабылдауға дайын ба? Себебі дамыған 30 ел - бұл өмір сүрудің жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар, еркіндік қой", - дейді ол. 

Фотограф Андрей Воловик те Бораттың екінші бөлімін көрген.

"Көп күлдім. Мүлде ренжіген жоқпын. Маған комедия наразылығымызды тудырып, өзіміздің жемқорлық жайлаған елде тұрып жатқанымыз ашуымызға тимейтіні қызық. Азаматтардың ақшасын триллиондап жымқырып жатыр", - дейді фотограф. 

Журналист Роза Есенқұлова да фильм Қазақстан туралы емес екенін айтады. 

"Атышулы Бораттың екінші бөлімін Амазонда ағылшын тілінде көріп шықтым. Алғашқы 10 минутын ақылынан адасқан қызының кесірінен көру мүмкін болмады, сосын созып, соңына дейін көрдім. Кей жері күлкілі, кей жері мүлде күлкілі емес, тіпті жиіркенішті. Бірақ қорлайтын ештеңе жоқ және фильм Қазақстан туралы емес. Фильмде біздің туды қорламаған да. Жалпы бұл қара әзілге сабырмен қарап, кейде күліп те алдым, бірақ ешқандай наразылық тудырмады. 

"Борат-2-де" бірінші бөліміне қарағанда қандай да бір ой қалыптасқандай, бірақ мен үшін ол ақымақтық секілді болды. Екінші бөлімінде әйелдердің құқығына нұқсан келтіру, Қазақстандағы әйелдерге қатысты сұмдық және кемсітушілік қарым-қатынасты келеке етеді, әрине, мен оны жалпылап тұрған жоқпын.

(...) Бұл жартылай күлкілі фильмді көруді ешкімге ұсынбаймын, бірақ бойкот жариялаудың да пайдасы жоқ", - дейді журналист. 

Америкалықтар Боратты неге жақсы көреді?

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети