ПОДЕЛИТЬСЯ
05 июля 2019 | 19:22
Бурак Өзчивит арманы, Қазақстан және фанаттары жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"
Белгілі актер, 19 жасында Түркияның үздік моделі атанған Бурак Өзчивит Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Белгілі актер, 19 жасында Түркияның үздік моделі атанған Бурак Өзчивит Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бурак Өзчивит Қазақстанда екі рет болған. Ол елімізден шынайылық, досты, адалдық байқалатынын айтады және көрсеткен қонақжайлыққа алғысын білдірді. Актер бала кезінде неге Бэтмен болғысы келгенін айтып берді. Оның айтуынша, алға көп арман-мақсат қою дұрыс емес, себебі өмірдің саған қойған өзіндік армандары мен мақсаттары бар.
Сонымен қатар, ол қазір түсіп жатқан фильмі, Қазақстан мен Түркияның байланысы, болашақ бірлескен жобалар мен саясат жайлы ойын білдірді.
Белгілі актер қазақстандық жанкүйерлерінің сұрақтарына да жауап берді. Сұхбат соңында актер жеңімпазға қолтаңбасын қалдырды.
Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына актер Жахан Отарғалиев, актриса Дариға Бадықова, жас әнші Kain Rivers, телепат Лиор Сушард, әнші Ернар Айдар, актер Мейірғат Амангелдин, "КешYou" тобының экс-солисі Балжан Бидаш, әнші Қайрат Нұртас, айтыскер ақын Балғынбек Имаш, әнші Тоқтар Серіков, "Назар аудар" жобасының мүшелері және тағы басқалар қонақ болған еді.
Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.
YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.
Показать комментарии
Читайте также